Лекция №1 Тақырып. Жалпы және жеке патология негіздері



бет22/33
Дата11.09.2020
өлшемі145,3 Kb.
#77780
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
Лекция ЕДШ
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ МПФК, ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі дене шынықтыру тарихы, 20.10.20. Экономика (Жадыра).., 20.10.20. Экономика (Жадыра)..
Қазтабан

Жалаң аяқты суға малып алып еден-ге басса, ортасы ойық — табанның көрінісі қалады. Өйткені табан күмбез тәрізді көтеріңкі. Сондықтан оның көл-денең және ұзыншақ күмбездері бар. Сол арқылы адамның салмағы мен серпімділік ңызметі ат-қарылады. Осы күмбездердің жарым-жартылай немесе толық төмен түсуі қазтабан деп аталады. Қазақта оны жалпақ, тегіс табан деп те атайды.

Қазтабан балаларда да, үлкендер арасында да кездеседі. Ол іштен туа немесе жүре пайда бо-лады. Іштен туа пайда болуы — жатырдағы баланың жетілуіне зиян келуінен. Жүре пайда болған қазтабан мешел, сүйек аурулары, жарақат-тану т. б. жағдайларга байланысты.

Ел арасында көп тараған түрі — статикалық (орныққан, қозғалмайтын) қазтабан. Ол табан бұлшық еті мен сіңірдің созылуынан. Күні бойы жұмыс бабымен тік тұрып, аягы талған адам-дарда жиі кездеседі. Сол сияқты қан тамырла-рының ауруы (эндоартерит, тромбофлебит), ың-ғайсыз аяқ киім (биік өкше, иілмейтін қатты та-бан) үлкен әсерін тигізеді.

Үшкір тұмсық аяқ киімдер саусақтарды қы-сып қисайтып, қажап, табанды жалпайтып жі-береді. Аса кең аяқ киім де пайдалы емес. Киген кезде аяқ киімнің арты өкшені қысып ұстамаса, алдымен қисайып, кейіннен қазтабан болады. Табанның жалпаюы аз қимылдайтын, сіңір-бұлшық еттері жетілмеген әлжуаз және үйде үне-мі қымтанып жылы киінетін, сол сияқты семіз адамдарда кездеседі.

Статикалық қазтабан басталған кезде аяқ жылдам талып, шаршап, табан-өкше, жіліншік, сан бүлшық еттері ауыра бастайды. Кейбір кезде бел де сыздайды. Кешке қарай ауырғаны үдеп, табан қызып, аяқтың басы іспектеліп кетеді. Осы белгілер байқалған соң дереу ортопед дәрігерге көріну керек. Оған қаралмай жүре берсе ауру үдеп кетеді, жүрісі тұСалған аттай кібіртіктеп қалады. Кейде екі аяқ алшақтап, тізе шодырайып алға шығып, қолдарың сермеп тәлтіректей жү-реді. Осындай жүріспен жамбас қисайып кетуі ықтимал. Күн өткен сайын ауру асқына береді, тіпті қозғалуға зар болып ңалады.

Осы қиындыққа ұрынбау үшін бала кезден табанның еті мен сіңірлерін жетілдіруге ықпал жасау керек. Нәресте өзі аяғын басқанша тиіс-пеу керек, ерте жүргізуГе асықпаған жөн. Аяқ киімінің табаны қаттьілау болғаны дұрыс. Аяқ киімнің табаны жұмсақ болганынан бұлшық ет шынықпайды.

Күні бойы түрегеліп тұрып қызмет атқаратын адамдар (сатушы, шаштараз, мұғалімдер т. б.) қалайда аяғына бір Жеңілдік беру жағын ойлау керек. Ол үшін екі аяқты катарынан қойып, сырт-қы қырынан біраз тұрады. Үзіліс кездерінде аяқты орындыққа қойып, немесе сырмақта кө-сіліп отырудың өзі бір рахат, аяққа да жеңілдік өкеледі.

Бұл онша байқалмайтын ақау болғандықтан емдеуі өте қиын. Табаңның жалпағы қайтеді дер-сің, ден сау* болсын деп жүре беретін, оны еле-мейтін .адамдар кездесіп қалады. Мұндай жағ-дайда ауру асқынып, ішкі ағзаларға әсер ете бас-тағанда ғана емдеуге кіріседі.

Басқа емдеу әдісінің ішінде ең тиімдісі — дене тәрбиесі. Омыртқа сьірқатындай, қазтабан бол-ған адамның да организмін шынықтырып, ны-ғайтуга әсері мол. Осыған орай емдік гимнасти-каның белгілі әдістері мен методикасы толық камти беріліп, әлсіз органды жетілдіреді.

Аяқтың бұлшық еті мен сіңірін созылғыш қа-лыпқа келтіруде гимнастикалық лшттығулар-дың орны бөлек. Алғашында салмақ түсірмейтін жаттығулар жасайды. Ал қан .айналымын жақсарту үшін массаж және жылытатын емдер-ді қоса қолданады (балауыз, балшық, ток т. б.).

Қазтабан болған адам күнде таңертең 5—6 минут арнайы жаттығулар жасайды. Оны жалаң аяқ жүруден бастайды. Алдымен табанды толық тіреп, кейін аяқтың ұшымен жүреді. Одан соң сәл жүреден отырып, табанның сыртымен жүріп, ақырында аяқтың үшымен секіріп жаттығуды аяқтайды.

Орындықта отырып аяқты созып, ұшын бү-гіп бір нәрсеге қатты тірейді; бүгілген саусақ-тарды еденге тірейді; саусақтармен ұсақ заттар-ды жерден теріп алады.

Осындай жаттығулар арқылы жіліншік бұл-шық етін, саусақтарды қимылға келтіретін ұзын еттерді, сіңірлерді жетілдіріп нығайтады. Соның нәтижесінде табанды қалпына келтіреді. Арнайы жаттығулар жинағын мектепте дене шынықты-ру сабағына енгізсе, тіпті жақсы. Тәжірибе кор-сеткендей, емдеуді балалар арасында неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тәжірибелі болады.

Аяқ киімнің ішіне супинатор салу ел арасында көп тараған. Бұл арнайы пластмассадан жасалган ұлтарақ, оны табанға салганда қазтабан жөнделмейді, тек аяқ шаршауы, ауруы кемиді. Оны көп қолданса, адам үйреніп алып шешпей қояды. Бірақ ұзақ кигеннен бұлшық еттер мен сіңір жетілмей, керісінше семіп қалады. Сондықтан оны салғанда да жаттығуларды міндетті түрде орындау керек.

Дене тәрбиесінен жаттығулар жинағы қандай көмек бергенін анықтауға болады. Оның бірнеше әдісі бар. Ең кең тараған танымал түрі — план-тография. Ол үшін табанды 10% танин ерітіндісімен сылап, ақ қагазға көрінісін түсіреді. Сонда боялған жер неғүрлым көп болса, онда қазтабан-ның нағыз өзі (11-сурет). Жаттыгуды әрі қарай жалғастыра беру керек. Нәтижесін жоғарыдағы әдіспен анықтап отыруға болады.

Қазтабан болған адам осы жаттығуларды күн-делікті 30—45 минут орындау керек. Ал уақыт жетпесе, 15—20 минутқа қысқартуға болады. Балаларды міндетті түрде медициналық топқа енгізіп, жаттығуларды үзбей жасау керек. Тек сонда ғана өскелең организмді қалпына келтіруге болады. Жаздыгүні құмда, жаңа шабылған шөптің үстінде жалаңаяқ жүгіріп ойнаған өте пайдалы.

Түрегеліп түрғанда екі аяқтың басын екі жақ-қа жіберіп тұруга, тіпті жүруге де болмайды. Өйткені салмақ табанның ішкі қырына түседі, содан барып өкшенің қисайып кетуі ықтимал.

Дайындық бөлімінде берілген жаттыгулар жіліншік бұлшық еттерін бірде босаңсытып, бірде қатайтып, аяқтың басын дұрыс ұстауға дағ-дыландырады.

Негізгі бөлімінде адам жүрісін ықшамдап, тепе-теңдік қалпын, денені тік ұстауды ңалып-тастырады. Сол үшін аяқ саусақтарына қатысты бұлшық еттерді шынықтырады (башбайлармен ұсақ заттарды қамтып ұстау, оқтауды сырғанату, допты дөңгелету т. б.).

Қорытынды бөлімінде тек берілген жаттығу-лар емес, емдік гимнастиканың бұңаралық тү-рін кеңінен қолданады. Мәселен, суда жүзу («кроль»), шаңғы, коньки тебу, жақын жерге жорыңқа шығып, жазық жолмен жоғары көтё-рілу. Тек аяңңа көп салмақ түсіретін ауыр зат көтеруге болмайды, секіретін жаттығулар жасал-майды.

Қазтабанға арналған жаттығулар



Бөлім дері

Алғашқы қалпы

Жаттығулар мазмүны

¥зақтығы

Методикалық нұсқау

1

2

3

4

5

к

і

р



і

с

п



е

Шалқадан жатқан қалпы, екі қол қапталда

Аяқ саусақтарын иіп, аяқтың басын екі жаққа жіберу.

3—10 рет




Шалңадан жатқан қалыпта, аяқты тізеден бүгіп иықтың тұсына әкеледі, екі қол мықын да.

Кезекпен өкшені жерден көтеру.

Әр аяқпен5—6 реттен

Саусақтар жерге тиюі керек.

Сол қалыпта екі санды алшақта тып, табандарды бір-біріне тигізу.

Саусақтарды бір-біріне тіреп, өкшені бірде ал шақтатып, бірде жақындату.

5—6 рет





Шалқадан жа тып, екі қолды қапталда ұстау.

Бір аяқтың басымен екінші аяқтың жілінші гін сипай отырып тізеге жеткізу.

Әр аяқпен 4—5 реттен


Табан мен жіліншікті қысып ұстап, жылжытады. Терең дем алуды қадағалау керек.

н



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет