Лекция 1 Трансформаторлар


-дәріс 1. Синхронды мәшиненің электрлік тепе-теңдігінің теңдеулері



бет57/72
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#97606
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72
Байланысты:
Техн қонд эл маши лекция казакша

13-дәріс


1. Синхронды мәшиненің электрлік тепе-теңдігінің теңдеулері.
1.1. Айқын емес полюсті синхронды мәшинелердің генератор электрлік тепе-теңдік теңдеуі.
1.2. Айқынполюсті синхронды мәшиненің (генератор) электрлік тепе-теңдігінің теңдеуі.
2. Синхронды мәшиненің орнын басатын эквивалентті орын басатын эквивалентті электр сұлбасы және оның өлшемдері.
1. Синхронды мәшиненің электрлік тепе-теңдігінің теңдеулері. Жалпы синхронды мәшинелердің және жекелеп алғанда, генераторлардың жұмысын зерттеу, асинхронды мәшинелердің жұмыс тәртібіне талдау жасауға қарағанда, айтарлықтай қиыншылықтармен байланысты. Бұл электромагниттік процесстердің күрделілігіне байланысты. Ол әртүрлі екі магнит ағындарының ротор магнит полюстерінің, айнымалы магнит өрісінің әсер етуінен пайда болған, статордың үшфазалық орамасының синусоидты тоқтарының өзара бірлесе әрекеттесуіне байланысты. Айқын көрінетін полюстері бар роторлардың құрылысы ауа саңылаулауларының айқын көрінетін бір тегіс еместігіне, ол синхронды мәшиненің магнит өткізгіштерінің магнит кедергілерінің бірдей болмауына соқтырады. Құрылысы мұндай ротордың өзара индукциялануы процесс барысында оның айналуына байланысты, белгілі периодтылықпен, шамасы жағынан, өзгеріп отырады. Дегенмен, инженерлік тәжрибеде ротор полюстерінің қоздыру орамалары арқылы тұрақты тоқ өткенде болатын процесстерді ойша дерексіздендіруге толығымен болады, ол үшін "статор реакциясы" өрісімен шашырау өрісі бір - бірінен және ротор полюстерінің магнит өрісінен, тәуелсіз өмір сүреді деп есептеу керек. Сонда, статор орамасының өрісінің толық ағын тізбекгін алып, синхронды индуктивті кедергі деп аталатын, бір ғана индуктивті кедергіні қарастыруға болады. Синхронды мәшинелерде өтетін электрофизикалық процесстер, оның роторының конструкциялық орындалуына сәйкес айтарлықтай тәуелді болады. Айқын полюсті роторлы синхронды мәшиненің жұмыс процессі, ауа саңылауындағы түрі ЭҚК-пен статор орамасы тоғының арасындағы бұрыштың Ψ өзгеруімен бірге өзгеріп тұратын, индукция қисығының айқын көрінетін синусойдалық сыздығына байланысты бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Сондықтан, айқын полюсті және айқындалмаған полюсті роторлы синхронды мәшинелердің жұмыс тәртібін зерттеуді бөліп қарау, әдістемелік көзқарас тұрғысынан, орынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет