Лекция №5 Көне түркі дәуірі.
(V – X ғасырлар аралығы)
Түркі халықтары мен олардың тілдерінің дамуында көне түркі дәуірінің алатын өзіндік орны бар. Түркі халықтарының даму тарихындағы бұл периодтың маңызын анықтауда елеулі еңбектерін қалдырған ғалымдар қатарына В.В. Радловты, В.В. Бартольдты, С.Е. Маповты, Н.А. Каноновты, Л.Н. Гумилевты жатқызуға болады. Олардың зерттеулерінің арқасында осыдан 1000 – 1500 жыл бұрын өмір сүрген бабаларымыздың өмірінен тарихи мәліметтер мен деректер алдық. Бұл түркі мәдениеті үшін өте маңызды жетістік болатын.
Көне түркі дәуіріндегі қуатты мемлекеттер қатарына Византия, Иран, Қытай және араб халифаты саналды.
Византия. Византия империясы б.ғ. IV ғасырда Рим империясы құлағаннан кейін пайда болып, XV ғасырға дейін өмір сүрді. Негізгі халқы – гректар, сириялықтар, рмяндар, еврейлер т.б. мемлекеттік құрылым феодалдық сипатта болды. Орталық қаласы – Констонтинополь. Шарықтау шыңы 527 – 665 жылдар, ал әлсіреуі VII ғасырға сәйкес келеді. Бұл кезеңде оны оңтүстікте арабтар, солтүстіктен түріктер басып алды.
Иран. Хұсрау шах I – нің кезінде (1531 – 579 ж) қатты өркендеді. Осы кезде Аравияны, Сирияны, Полестинаны, Мысырды өзіне бағындырды. VII ғ Иранды Арабтар басып алып, мұсылман дінін енгізді. Ал X – XI ғ. бастап Иран Түрік мемлекетінін, кейін селжүк мемлекеттерінің құрамына енеді.
Қытай. V – X ғ. Қытайды тарихшылар Тянь империясы деп атайды. 606 ж. 46 млн халық болған. Тамаша өркениет болған. Өз заманында түрік қағандарының сенімді кеңесшісі болған, атақты Тоныкөк Тянь империясымен Чанъан университетінде білім алған деген дерек ескерткіште беріледі. (Түркітану А 2003, 62 бет). Академик Н.И.Кондрад «Запад и Восток» М. 1972, 1982 174 - бет еңбегінде Тянь империясы «Сауатты феодализм» деп бағалады.
Араб халифаты. VII ғ. Аравия шығанағында Араб халифаты отау тікті 640 жылдары Иран, Сирия, Палестина, Мыысыр, Ирак, ал VIII ғ. Орта Азияны, Кавказды , Солтүстік Африканы, Испанияны өзіне қаратты. XIII ғ монғол шапқыншылығы құлатты.
Бұл мемлекеттердің барлығы «Ұлы жібек жолы» бойында орналасты. Түркі дүниесінің дамуына әсер етті.
Көне түркі дәуірі Ғұн империясынан ыдыраған, әлі тайпалық одақтарға толық бірікпеген ауыр кезен болды.
Бұл дәуірді ғалымдар үш кезенге бөлді:
Түкію кезеңі (V – VIII ғ.)
Көш ұйғыр кезеңі (VIII – IX ғ.)
Көш қырғыз кезеңі (IX – X ғ.)
I. Түкію кезеңі немесе түрік қағанаты. Ғұн империясы өзара екіге бөлінеді. Бір тобы Батыс Европаға қарай жылжиды, Тарихта «Ұлы көш» атауына ие болған осы процестін нәтижесінде бүгінгі түркі халықтарының негізі қалыптасты. IV ғ. Батыс Еуропаға жетіп бұлғарлар мен хазарлар құрамына енді.
Шығыс ғұндықтардың князі Ашина 500 адаммен Жужань тайпасының қол астына өтті. Аз ғана топтың жауынгерлігінің арқасында және Ашинаның қолбасшылығы негізінде Жужань үкіметін басып алады. Қыьтайлықтар оларды «Ту - кю» деп атады. Ту – турк – күшті, ют – көптік мағына, демек – күштілер. Түкію империясы 565 ж. Саян тауларынан Индияға және Амударияға дейінгі аралықты алып жатты. 580 ж-да Кореядан Еділге дейін үстемдік жүргізді. 580 ж. Батыс және Шығыс қағанаты болып бөлінді. Батыстын орталығы – Жетісу, Шығыстыкі – Монғолия.
Достарыңызбен бөлісу: |