Лекция №1. Түркология және оның объектісі



бет7/18
Дата04.02.2022
өлшемі57,02 Kb.
#130663
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
turkitanugai kirispe darister

Лекция №4 Ғұн дәуірі.
Біздің заманнан бұрынғы бір мың жылдықта қазіргі монғолияның оңтүстігінен Каспий теңізіне дейінгі Орталық Азияның кең аймағын жайлаған ғұндар (сюнну) қытайларға шабуыл жасап түрған.
Ғұн империясы сол кездегі Евразиядан алғашқы топтық қоғам болып саналады. Ғұндардың келбеті монғол типті, сонымен қатар еуропалықтар қанының да араласы барлығы байқалған. Бұл типтес халықты Г.Ф.Дебец «пале сібірлік» (Гумилев Л. Хунну М, 1960, 99 бет). В.П.Алексеев дөңгелек жүзді Еуропалықтардың Азияға соның ішінде орта Азия мен Түркістан жеріне, одан әрі монғолияға дейін тарағандығына, олардың бүгінгі қазақ пен қырғызға ұқсас екендігін айтты (Алексеев В.П. В поисках предков М., 1972, 251 бет). Академик Н.Кондрадтың пікіріне сүйенсек «Ғұндар қозғалысы орта Азияны, орталық Азияны және оңтүстік – шығыс Еуропаны мекендеген сан мыңдаған тайпалардың үдіре көшуіне себепші болды». (Кондрад Н.И. Запад и Восток. М., 1972, 459 бет). Біздің эроамызға дейінгі I ғасырларда Қытай қорғаны қабырғасынан басталып, біздің дәуіріміздің V ғ кіндік Еуропада аяқталған осы қозғалысты шын мәнінде «ұлы көш» деп бағалауға болады.
Соңғы кезге дейін ғұндарда «варварлар» деп түсіндірді. Ғұн мемлекетінің тарихын зерттеген Л.М.Гумилев «ғұн тайпалық бірлестігінің жалпы адами өркениетке зор үлес қосұандығын айтады. Тіпті ғұндардың жазу мәдениеті Орхон – Енисей жазба ескерткіштеріне негіз болған деп жорамалдайды. Тарихшылардың пайымдауынша б.з.д. II ғасырда Байкал маңы мен Монғолия қола металлургиясының үлкен орталығы саналады». (История Сибири том 1. Ленинград, 1968, 213 бет). Асыл тастарды өңдеген. М: пириттан моншақ жасаған. Ал пириттін қаттылығы 6 балға тең. Оны 0,3 мм көлемде тесу үшін алмас бұрғы керек болар еді. Осыны ғұн зергерлері қалай тескен? Құпия.
Ғұндардың қолөнері «Сібір скифтерінің аң стилі» деп аталған өнер түріне жатады. Зергерлік бұйымдар М: Стокгольмде қиыр шығыстың көне мәдениеті мұражайында табылған 2000 астам мұрағаттар сақтаулы.
Академик В.Жирмунский көне грек эпосы «одиссея» мен көне түркі эпосы «Алпамыс» сюжеттеріндегі ұқсастықтарды тауып, түркі халықтарының тарихын Европа топырағынан іздеуге бой ұрады. Керісінше, әлемде көп уақыт бойы ұлы халық қатарынан орын алған және көптеген ұлтпен рухани тамыры көне ғұндарда атқанын ғалымдардың көпшілігі мойындағысы келмейді.: Жирмунский пікірінше үндес қазақ этнографы Ә.Қоңыратпаев «Гомерді көне түркілік баба ғұмыр» дейді және осы стилі неге гректерде кейін жоқ..., ал түркілерде өмір бойы, тарих бойы сақтаулы, бәлен бай жерлер бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет