III ғасырда ғұндарда 4 тармақ қалыптасты: Солтүстік ғұндар «фин - угор» халықтармен араласып кеткен.
Юябань ғұндарда (орта Азия) – Тарбағатай мен Жетісу өлкелерін қоныстанып соның мәдениетінің күшті әсеріне ұшыраған.
Сяньбилік ғұндар – орта ғасырлық түркі және монғол тайпалары қалыптасқан этникалық субстрат. Өз тілдерін ұмытып монғол тілін қабылдаған. Кей ғалымдар Алтай тіл одан болмаған монғол, тунгус – манжур тілдеріне көптеген ортақ элементтер осы ғұндардан ауысты дейді.
Қытайлық ғұндар – ассимиляциялық процеске ұшырап, соның нәтижесінде солтүстік қытайлықтар пайда болған. Ғұндар б.з.д. 300 – 350 ж шамасы Қытайдағы мемлекеттік билікті басып алған. Бұл кез Қытай хроникасында «Бес варвар тайпасы кезеңі» деп аталады.
Ғұн дәуірінде түркі тілдерінің ішінде р – атілдері, яғни бұрынғы авар, сабыр, бұлғар, чувани тілдерінің ата тегі.З – ш тілдері,яғни оғыз, көне қырғыз, көне ұйғыр және қазіргі оғыз, қыпшақ, қарлұқтардың ата тегінің айырыла бастаған кезі.
Академик Ә. Қайдаров ғұн дәуірінде 4 жәктелген түркі тілдері пайда болды:
1) Бұлғар тобы (бұлғар, хазар, авар). 2) Қырғыз тілі (Енисей Қырғыздар).
3) Якут тілі. 4) Оғыз, қыпшақ, қарлұқ тілдері.