Лекция №2Түркітануға байланыста алғашқы зерттеулер.
Шығыс ежелгі мәдениет орталыңы болды. Негізгі алғашқы түркі халықтары туралы мәліметтер көне Қытай жылнамаларында кездеседі. Н.Я. Бичуриннің көрсетуінше, алғашқы мәлімет Чжань Кянь (біздің эрамызға дейінгі 140 – 135 жылдар) билік құрған дәуірінен бар. Оған дәлел екі тілдегі кірме сөздерді де көрсетуге болады. М: чай, заң, т.б.
Көне үнділерде будданың негізін салған адамның аты «сақммани» - сақ адамы. Көне қытай, үнді, вавилон мәдениетіндегі түркі тілдес тайпалар туралы жазбаларды табу және зерттеу болашақтың ісі.
Түркі халықтары туралы мәліметтер орта ғасырлар ескерткіштерінде баршылық. Әсіресе араб тілінде жазылған мұраларды атауға болады. Ең күрделі және жазылған уақыты жағынан көнесі Махмуд Қашқаридің «Диуани лұғат ат түрік» сөздігі. Автордың толық аты Махмуд. Ол 1029 – 1038 жылдар шамасында Қашқарда туған. Махмуд сөздігі - өз заманында ғана емес, күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, түркі тілдерінің тарихын зерттеуде таптырмайтын бірден – бір тарихи материал. Мұнда бай тілдік материалдармен қатар түркі халықтарының сол кездегі қоныс ыңғайлары мен этнографиялық жақтарынан да құнды материалдар бар. Мәселен Орта Азияны мекендеген түркі халықтарын солтүстік, оңтүстік деп екі түстікке бөледі де, әрі түстік ұүрамына ентін халықтар тізімін береді. Сондай – ақ түркі тілдерін оғуз, қыпшақ, түрки деп аталатын үш топқа бөледі де, әр топқа жататын тілдердің бір – бірінен дыбыстық, грамматикалық, лексикалық өзгешеліктерін көрсетеді. Тілдерді әр түрлі топқа жіктеуде олардың фонетикалық ерекшеліктеріне сүйенеді. Мыс: сөз басында белгілі бір топқа жататын тілдерді «й, м, т» дыбыстары келсе; екінші біреулерінде олардың орнына «ж, б, д», дыбыстары келеді. Сондай – ақ сөз ортасында «Й» мен «З», сөз соңында «Й» мен «Н» дыбыстары алмасады дегенді айтады. Сонымен бірге Махмуд жіктеу белгісі ретінде лексикалық, грамматикалық ерекшеліктерді де пайдаланады.
Сөздікке сол кездегі түркі халықтары тілдерінен алыңған 10 мыңнан астам ткма – то л сөздер және жеке тайпаларға тән диалектілер енген. Олар кейде сөзбе – сөз, кейде мазмұндап аударылған түсіндіру арқылы араб тіліне аударылған, 300 – дей мақалдар, мәтелдер, жүзге тарта өлең шумақтары, көптеген астрономиялық, географиялық атаулар, ру аттары, қала, қыста атаулары, соларға қатысты түсініктемелер бар.
Бұл сөздік – X – XI ғасырдағы түркі халықтарының сөйлеу тілі фактілерінен тарихи мәлімет беретін, қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ еңбек. Сонымен бірге бұл еңбек – тек түркология ғана емес, бүкіл әлем лингвистикасында салыстырмалы, салыстырмалы әдіс бойынша жазылған тұңғыш туынды. Көрнекті ғалымдар осы сөздікті түркі халықтары тілдері тарихының энциклопедиясы тәрізді дейді.
М. Қашқари сөздігі 1915 – 1917, 1939 – 1943 жылдары түрік тіліне, 1960 – 1963 ж өзбек тіліне, 1980 ж басында КХР – да ұйғыр тіліне аударылды, ал 1997 ж Асқар егеубаев 3 том қылып аударып шығарды.
Қыпшақ - оғыз тілдеріне қатысты салыстырмалы сөздіктердің бірі – «Китаб тарджуман фарсы уа турки уа моғоли» (Парсыша, түрікше және монғолша үйренуге жеткші құрал). П.М. Мелиоранскийдің анықтауынша – авторы Мухаммед ибн Қайса. Еңбек 4 бөлімнен құралған: 1) Есім сөздер. Лексикалық мағынасына қарай 2 топқа бөлінген. 2) Етістікке арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында беріліп, оның көрсеткіші деп – қыл, піл, гіл аффикстері келтірілген.
3) Етістіктің жіктелуіне. 4) Қосымшаларды баяндауға арналған. Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны 3 жаққа, 3 шаққа бөле, болымды және болымсыз түрде сөз еткен, олардың жекеше және көпше түрде айтылатыны да назардан тыс қалмаған. Түркі тілдерінде грамматикалық род, двоиственное число дегендердің болмайтыны да дұрыс көрсетілген. Қосымшалар деп аталатын соңғы бөлімде түркі тілдеріне біраз аффикстер, шылаулар, есімдіктер берілген. Сөздікті алғаш рет Голландия ғалымы Теодор Хоутема 1984 ж Каирде «Китап ал – идрак ли – лисан ал - атрак» (Түркі тілдерінң түсіндірме кітабы) атты еңбек жазған. Қолжазба түрінде сақталған бұл еңбектің бір вариантын 1891 ж түрік ғалымы Мұстафа Стамбулда бастырып шығарды. Абу Хаййан сөздігі өз заманыдағы, түркологиялық еңбектердің қай – қайсысынан болсын көп ілгері кеткен, араб тілі үлгісіне сүйене отырып, түркі тілдерінің біртұтас грамматикалық жүйесін жасауға талпынған зерттеу дегенді ғалымдар айтады. Мұнда түркі тілдерінің лексикасы, морфологиясы, синтаксисі және ықшам қаралған фонетикасы сөз болады. Ғалым Т. Қордабаев: «Абу – Хаййан кітабында берілген грамматикалық материалдарды қыпшақ тілінің тұнғыш грамматикасы деуге болады» - деп жоғары бағалады.
Фонетика салсаында түркі тілдеріндегі дыбысты дауысты / дауыссыз деп бөлді. Сегіз дауыстының араб графикасымен таңбалап, жуан – жіңішке деп 2 бөледі және жеке – жеке сипаттайды. Түркі тілінде 23 дауыссыз бар деп, оларға түсінік береді. Қолжазбасының грамматикасындағы арналған саласы 3 бөлімге бөлінген: есім мен етістік туралы пікір, сөйлеу бөлшектері туралы пікір, етістіктің пысықтауыш болатын сөздерге қатысытуралы пікір. Еңбектің сөздік бөлімінде 3 мыңға тарта сөз бар. Абу – Хаййан жазбасын арнайы зерттеген М. Маженова ол сөздердің 875 – і де дыбыстық құрамы жағынан, мағынасы жағынан қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мен бірдей, 800 сөзінде тек азды – көпті дыбыстық өзгешелік бар да мағынасы бірдей дейді. (М.Н. Маженова. Абу – Хаййан – исследование кипчакского языка. А, 1969ж канд.диссерт).
Араб ғалымдарының түркі тілдерін зерттеуге арналған еңбектерінің ішіндегі көлемділерінң бірі – «Аттуһва – уз захийа фил – лұғат ит - түркийа» (Түркі тілі туралы жазылған ерекше сыйлық) түпнұсқа күйінде жеткен еңбектердің бірі – осы шығарма. Авторы белгісіз. Қолжазба абади (мәңгілік) деп аталатын сапалы, қалың қағазға араб грамматиксының үлгісімен жазылған, көлемі – 182 бет. Стамбулдың Баязит мешітіндегі Валед – дин Эфендінің кітапханасында сақтаулы. Еңбек 3 бөлімнен тұрады: 1 бөлім – шағын кіріспе, 2 бөлім – қыпшақша – арабша сөздік, 3 бөлім – қыпшақ тіліне грамматикалық талдау. «Атуһфа» - орта түркі дәуіріндегі Алтын Орда ескерткіштерінің ішіндегі «Кодекс куманикус» пен Әбу Хаийанның «Китаб әл – идрәг» - іші кейінгі үшінші орында тұрған еңбек. Еңбекте Араб тілінің Египет және Сирия диалектілерінің кездесуі «Аттуһфаның» осы екі елдің бірінде дүние келгендігін растайды. Зерттеген өзбек ғалымы, Ш. Зияева қолжазба Египетте жазылған, бірақ ұзақ уақыт Сирияда тұрған немесе Сириядан шыққан деген жорамал ұсынады. Еңбекте кездесетін 3600 – ге жуық сөз қазақ тіліне ешбір өзгеріссіз сәйкес келеді. Ғалымдар таза қыпшақ мұрасы деп есептейді. «Аттуһфаны» 1942 ж Венгер ғалымы, профессор Т. Халашикун, түрік ғалымы Бесім Аталай 1945 ж түрік тіліне, 1968 ж белгілі өзбек аударушысы С. Мүтталибов өзбек тіліне аударды. ә. Фазилов пен Ш. Зияеваның аударуымен 1978 ж «Изысканный дар тюркскому языку» деген атпен орыс тіліне аударды.
Бұл еңбекте басқа мамлүк қыпшақтарының ескерткіштері қатарына жататын екі шығарма бар. Оның бірі – XIV ғасырдың аяғы мен XV ғасырдың басында Мысырда жасалған, авторы белгісіз, «Әл – қағанин әл – күлмия ли – дабт әл – лұғат ат - түркия» (түркі тілдерін үйрену үшін жазылған толық құрал). Екі бөлім грамматика, сөздік. 1928 ж Стамбулда басылды. Екіншіісі – Флоренциядағы Лоренцо Медигидің кітапханасында сақтаулы, 24 бөлімнен тұрады «Китаб ад – дура фил – лұғат ат – түркийа алат тамам вал камал» (Түркі тілдері туралы жан – жақты және толық аяқталған інжу – маржан кітабы) арабша – қыпшақ сөздік. Авторы белгісіз. 1963 ж табылды. Жазылу уақыты – XV ғасырдың басы.
Әдебиеттер:
Ә. Қайдаров, М. Оразов «Түркітануға кіріспе» (А., 1992 ж), «Түркологияға кіріспе» (А. 1985 ж).
«Структура и история тюркских языков» (М.1971 ж.)
Т. Қордабаев «Түркология және қазақ тіл білімі» (А. 1992 – 1992 ж.)
Т. Қордабаев «Түркология тарихына» (А. 1984 ж.)
А. Қайдаров
Отар әлі Бүркіт «Түркітану» (А. 2003 ж)
Достарыңызбен бөлісу: |