Практикалық сабақ 16
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігі
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Бұл үдеріс білімнің жаңа аймақтарына енудің қажеттілігі мен оны жеке тұлғаның толық көлемде меңгеруінің қиыншылықтары арасындағы қарамақайшылықтары ретінде белең алып отыр. Осыған орай, бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, болашақ мұғалімнің өзінің іс әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу – көкейкесті мәселе болып табылады.
Педагогтың дидактикалық құзіреттілігі оқытудың қазіргі теориялары туралы білімдеріне, оқыту технологияларын меңгеруіне, жаңашылдықпен дидактикалық ойлауының дамуына негізделеді.
Педагог-психологтардың кәсіби дидактикалық құзіреттілігі:
шұғыл түрде дидактикалық шешімдер қабылдауға,
дидактикалық мақсаттарды қысқа уақытта шешудің жолдарын табуға,
оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдауға негіз болады.
Дидактикалық құзіреттілік субьектісіне педагогикалық қызметкерлердің түрлі категориялары жатады: жалпы білім беретін орта мектептердің барлық пән мұғалімдері, бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу орындарының ұстаздары, білім беру мекеме жетекшілері. Дидактикалық - бұл мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің негізі. Дидактикалық құзіреттілік басқа кәсіби құзіреттілік түрлерімен тығыз байланысты. Олар мына түрлерге бөлінеді:
рефлексивті-дидактикалық,
коммуникативті-дидактикалық,
психологиялықдидактикалық,
ақпараттық-дидактикалық т.б.
Педагогтың дидактикалық құзіреттілігін дамытудың жетекші құралдарына педагогикалық технологияларға бағытталған құзіреттілік, педагогикалық тәжірибенің мүмкіндіктерін жүзеге асыру жатады. Ғалымдар В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер, В.А.Сластенин, Т.Ф.Лошакова, т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігі туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғанын айтады. Д.Дьюи, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин сынды философтар кәсіби құзыреттілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырады. Олар адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген қызығушылығын тудыратынын, көзқарасын қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін айтады. Кәсіби құзіреттілік деп - педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялықпедагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.
Кәсіби құзіреттілік деп - педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық -педагогикалық және теориялық білімінің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Болашақ маман өз ісінің шебері, жақсы мұғалім болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді және жалпы әлемдік мәдениетті, өз елінің мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін, тіл мәдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.
ану педагогтардың кәсіби шеберлігі мен қабілеттіліктерін арттырады [3]. Дидактикалық, ақпараттық құзіреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап (іріктеп) алу, ұйымдастыру, түрлендіру, сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзіреттілік педагогтардың білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді. Зерттеу жұмыстары теориялық, әдіснамалық, дидактикалық деңгейлерде жүргізілді:
● әдіснамалық деңгейде – шығармашылық қызығушылықтың адамның өзін-өзі, айналасындағы әлем мен ортасын өзгертуге көмектесетін, танымдық ынтасы мен жағдайларға негізделген мүмкіндіктері ретіндегі мәні мен мазмұны ашылды. Сонымен қатар білім беру процесінің жаңашылдық сипатының басымдылық бағыттары мен жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіру арқылы оның субъектілігін қалыптастырудың қажеттігі анықталды;
● теориялық деңгейде – білім беру парадигмалары және жалпы орта білім беруді дамыту тенденциялары, дидактикалық құзіреттілікті қалыптастырудың құрылымдықмазмұны, кәсіби-дидактикалық шығармашылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық тұғырлары мен психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен сипатталады;
● дидактикалық деңгейде – тұлғаның шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруды нәтижелі ететін педагогикалық технологиялардың, шығармашылық сабақтар мен оқытудың инновациялық бағыттарымен бағдары анықталды.
Біз - педагогтардың дидактикалық құзіреттіліктерін қалыптастыру білім берудің жаңашылдық сипатына сәйкес, білім мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, технологияларын, оған қатысушы субъектілердің бағытын, білімдік ортаны өзгерту арқылы ғана мүмкін болатындығына көз жеткіздік.
Ойымды қорыта келе, «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы құзіреттілігі арқылы айқындалады. Ал педагогтардың құзыреттілігін жетілдіруде Инновациялық білім беру ортасы жағдайындағы әдістемелік қызметтің маңызы зор деп қорытындылағым келеді. Себебі, педагогтың кәсіби құзыреттілігі жоғары болған жағдайда ғана біз еңбек рыногына қажетті қоғамдағы өзгерістерге бейім мамандар тәрбиелей аламыз. Ендеше еліміздің бәсекеге қабілетті, білімді ұрпағын тәрбиелеу мен оқытуда табысты нәтижелерге бірге жетейік!
Достарыңызбен бөлісу: |