Глоссарий
«Құзыреттілік» түсінігі білім беру саласында 1960-1970 жылдардағы шетел әдебиеттерінде, ал 1980 жылдардың соңында отандық әдебиеттерде кездесті. «Кәсіби құзыреттілік, жете білушілік» ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, «кәсіптілік», «біліктілік», «кәсіби мүмкіндіктер» және т.б. түсініктерді біріктіреді
Құзырет – тұлғаның табысты іс-әрекетке даярлығы, қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді жұмсай алу қабілеті. Құзырет – оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттер түрлерін меңгеруімен анықталатын білім беру нәтижесі.
Құзыреттілік деп - әлеуметтену және оқыту үрдісінде қалыптасқан және өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен жалпы қабілеттерінен байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді
Педагогтың дидактикалық құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді.
Педагогтың дидактикалық құзіреттілігі оқытудың қазіргі теориялары туралы білімдеріне, оқыту технологияларын меңгеруіне, жаңашылдықпен дидактикалық ойлауының дамуына негізделеді.
Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: |