Лекция №1,2 Кіріспе. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері. Температура бағаналары


Заттың күйін өзгерту құбылысын суыту процесінде пайдалану



бет4/49
Дата04.01.2022
өлшемі1,91 Mb.
#109116
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Eşaeva toŋ lek

4. Заттың күйін өзгерту құбылысын суыту процесінде пайдалану
Зат күйінің өзгеру құбылысы тұрақты температурада өтеді, себебі затқа келтірілген жылу молекулалардың өзара тартылыс күшін жоюға жұмсалады. Сондықтан суытуға күйін өзгерту үшін жылуды көп жұтатын денелер қолданылады. Заттың күйін өзгерту құбылысына жататындар:

  1. Қайнау – сұйық дененің буға айналуы.

  2. Еру- қатты дененің сұйыққа айналуы.

  3. Сублимация- қатты дененің буға айналуы, яғни мұны «құрғақ мұз» деп атайды.

Тоңазыту техникасында төменгі темературада заттың күйін өзгерту құбылыстары қолданылады.

Көп тараған заттың бірі – су мұзы. Ол 00С ериді. Денені 00С дейін суыту үшін су мұзын қолдануға болады. 1 кг су мұзын еріту үшін оған 335 кДж жылу беру (r = 335 кДж/кг) керек.

Осыдан төмен температура алу үшін су мұзының түрлі тұздармен қоспасы қосылады. Мысалы, майдаланған су мұзымен ас тұзын араластырып, еру температурасы - 21,20С болатын қоспа алуға болады. Кальций хлоридінің 29,9% су мұзымен араластырып, еру температурасы -550С болатын қоспа алуға болады (3-сурет).


3-сурет. Кальций хлорийді – су мұзы жүйесінің күй диаграммасы
Осындай қоспалардың еру температурасы компоненттердің тарамдылығына байланысты болады.

Кей кезде суыту үшін қайнау құбылысы да қолданылады. Бұл үшін көбінесе алдын ала дайындалған сұйық ауа (-1930С), оттегі (-1830 С) немесе азот (-1960С) қолданылуы мүмкін.

Заттың күйінің өзгеруін суытуға қолданудың кемшілігіне қолданылатын заттың көп қоры керек, тек сонда ғана суыту процесі үздіксіз болуы мүмкін. Еріп біткен мұздың орнына жаңа ерімеген мұз қажет. Суыту процесін үздіксіз жүргізуді суытатын дененің аз ғана мөлшерімен жүзеге асыруға болады. Ол үшін суытып болған соң, суытатын затты алғашқы күйіне қайта келтіру керек. Бұл тек тоңазытқыш машиналар арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан жоғарыда қарастырылған суыту әдісі машинасыз әдіске, қалған әдістердің барлығы дерлік машиналы әдіске жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет