Лекция №1,2 Кіріспе. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері. Температура бағаналары



бет7/49
Дата04.01.2022
өлшемі1,91 Mb.
#109116
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
Eşaeva toŋ lek

2. Құйынды эффект (Ранк эффектісі)
Француз инженері Ранк арнайы құбырда құйынды эффектіні қолдана отырып жасанды суыту процесін жасады.

Іс жүзінде бес-алты атмосфераға дейін қысылған ауа қоршаған ортаға дейін суытылып, құйынды құбырдағы соплоға жіберіледі (7-сурет).




7- сурет. Құйынды эффектісін алу схемасы
Ауа ағыны құбырға жанама түрде келтірілгендіктен, құбырда ол құйынды –айналмалы қозғалыспен соплодан вентильге бағыт алады. Алғашқыда ауа ағынының ішкі қабатының бұрыштық жылдамдығы сыртқы қабатының бұрыштық жылдамдығынан әлдеқайда көп болады. Ағынның вентильге қарай ағуы барысында қабаттар арасындағы үйкеліске байланысты ішкі қабаттың жылдамдығы азаяды, оның кинетикалық энергиясы сыртқы қабаттарға беріледі. Ішкі қабаттың кинетикалық энергиясы азайғандықтан оның температурасы төмендейді, ал сыртқы қабаттардың кинетикалық энергиясы артқандықтан, олардың температурасы жоғарылайды. Нәтижесінде температурасы төмен ауаның ішкі қабаты диафрагма арқылы шығарылады. Ыстық немесе суық ауаның мөлшерін және олардың температурасын вентиль арқылы реттеуге болады.

Мартыновский В.С. және Алексеев В.П. өз зерттеулерінде құйынды эффектіде суық ағынның температурасының өзгеруі адиабаталық ұлғайғандағы температура өзгеруінен аз, ал дроссельдеу кезіндегі температура өзгеруінен көп екендігін анықтады. Егер ауаның температурасы қоршаған ортаның температурасында болып, қысымы 0,3÷0,5 МПа болса, құйынды эффекті температурасының өзгеруі 30-700 С шамасында болады екен. Бұл жерде айта кету керек, бар ағынның емес оның бір бөлігінің ғана температурасы төмендейді, ал қалған бөлігінің температурасы жоғарылайды. Температура өзгеруіне ауаның суық бөлігінің мөлшері едәуір әсер етеді. Құйынды эффект бұрын қарастырылған екі әдіске қарағанда әлдеқайда тиімсіз. Мысалы, ауамен істейтін тоңазытқыш машинамен салыстырғанда, бұл әдісте электр энергиясының шығыны 8÷10 есе көп. Сондықтан, бұл әдіс тоңазыту техникасында көп тарамаған. Бұл әдіс өте қарапайым болғандықтан, кейбір зертханалық, өндірістік жағдайларда қолданылу мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет