3. Төменгі температура алу әдістері
Кез келген қыздырылған денені қоршаған ортаның температурасына дейін суыту табиғи түрде, өздігінен жүреді. Қоршаған ортаға: ауа, теңіз, өзен суы, космос немесе жер және т.б. жатады. Денені қоршаған ортаның температурасынан төменгі температураға дейін суыту тек жасанды түрде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Денені суыту үшін одан жылу алу керек, ал ол жылуды температурасы суытылатын дененің температурасынан төмен басқа дене ғана ала алады. Жылу тек температурасы жоғары денеден температурасы төмен денеге ғана өтеді. Суытатын дененің суытылатын денеден алған жылу мөлшері оның суыту қабілетін сипаттайды.
Суытылатын дене кез келген дене болуы мүмкін. Мысалы: тамақ өнімдерін сақтайтын камерадағы ауа, аралық жылу тасымалдағыш, мұзға айналдыратын су, құрылыстағы бетон, шахта қазғанда алынатын жер топырағы немесе батпақ және т.б.
Төменгі температурада күйін өзгерту үшін көп жылу керек ететін денелер суытатын дене ретінде қолданылады.
Сонымен денені суыту үшін оны суытатын басқа дене керек. Осы суытатын денені алудың түрлі әдістері бар. Оларға:
Заттың (алдын ала дайындалған) күйін өзгерту құбылысын суытуға қолдану.
Дроссельдеу процессі (Джоуль-Томсон эффектісі).
Адиабаталық үлғаю процессі ( пайдалы жұмыс алуға болады).
Құйынды эффект (Ранк эффектісі).
Термоэлектрлі эффект (Пельтье эффектісі).
Бұл келтірілген әдістер температурасы суытылатын дененің температурасынан төмен денелерді алу үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |