Лекция: 15 СӨЖ: 15 обсөЖ 15 Барлық сағат саны: 45 сағ


Қарастырылатын мәселелері



бет4/5
Дата01.06.2017
өлшемі0,98 Mb.
#17322
түріЛекция
1   2   3   4   5

Қарастырылатын мәселелері

1.Білімнің негізгі жалпы ұлттық мақсаттары

2.Оқу пәндері мен топтама пәндер бойынша мақсаттары

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебной деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.

Жалпы білім беру пәндернің топтамалары бойынша :



  • рухани құндылықтар мен олардың маңызы туралы, рационалды және иррационалды, адам қызметінің көп қырлы формалары мен білім,дүниеге діни және философиялық көзқарас,ғылым туралы түсінік алу;

  • қоғам дамуы туралы білімдерді; көп қырлы мәдениетті ,өркениетті әлеуметтік тәжірибе түрлерін,әлемдік тарихи және мәдени процестегі Қазақстан орнын игеру;

  • қазақстан Республикасының құқықтық жүйе мен құқықтық негіздерін, кәсіби қызметінің саласында құқықтық және адамгершілік-этикалық нормаларды,құқық қорғау органдарындағы сот және басқа да құқықтарды ұйымдастыруды білу;

  • қоғам өміріндегі режим және саяси жүйе рөлін мен маңызын түсіну, Қазақстан Республикасы мен әлемдігі саяси үрдістер мен субьекті саясаты,саяси өмір туралы түсінік алу;

  • әлеметтіндіру білімдердің типологиясын,әлеуметтік даму мен ықпал ету факторын,әлеметтендіру үрдісі, әлеметтендірудің талдау негіздерін білу;

  • экономикалық үрдістердің мәнін түсіну және экономика теориясының базалық түсінігін игеру;

  • жалпы әлемдегі және Қазақстан республикасындағы бағдарламалар және негізгі экономикалық үрдістерді талдай білу;

  • мәдениеттің мәнін оның адам қызметіндегі рөлін білуі ,мәдени құндылықтар мен адамзаттың мәдени мұраларын,әлемдік өркениеттегі Қазақстан мәдениетінің орны туралы түсінік алуы;

  • адамды индивид,тұлға ретіндегі кешенді білімді, субьекті қызметі мен тұлғаны және оны зерттеу әдістерін игеру, қосалқы сипаттама мәселесін шешуіндегі психологиялық факторлар ролін түсіну;

  • оқытуды ұйымдастыру түрлері мен әдістері, оқу қызметінің функциясы мен құрылымын даму және оқытуға байланысты мәселелерді шешудің негізгі бағыттарын білу;

  • адам өмірін қамтамасыз етудегі, оның денсаулығын сақтау мен нығайтудағы дене шынықтырудың рөлін түсіну;

  • Базалық және бейіндік пәндер топтамасы бойынша:

  • Мамандықтың теориялық қолданбалы мәселелерін игеруге қажет тарихи пәндер негізін білу;

  • Деректану әдістемесі мен теориясының негіздері,Қазақстан тарихи бойынша деректер,кешенді қосалқы тарихи пәндері тарихи пәндері хронология,нумизматика т.б.бойынша түсінік алуы;

  • Орталық Азия мен Қазақсатн халықтары мәдениетін,сондай-ақ Отанның тарихи географиялық ерекшілігін оқып-үйренуге біріңғай концептуальды қадамы болуы.

  • Мамандықтың арнайы пәндері бойынша міндетті минимум:

  • алғашқы қауымдық қоғам тарихы, археология,этнология,ежелгі дүние тарихынан, Қазақстанның жаңа заман тарихынан,шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихынан, көршілес елдер мен халықтардың тарихы ,тарихнама;

  • жалпы психология және педагогика негіздері:

  • педагогикалық қызметтің тәсілдері мен әдістері;

  • қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша жеткілікті деңгейде жоғары және іргелі, берік дайындықтың болуы;

  • мәліметтерді математикалық,статистикалық және электронды талдаудың қазіргі кезеңдегі әдістерін меңгеру;

  • қазіргі кезеңдегі тарих ғылымының методологиясы мен зерттеу жұмыстарының әдіс тәсілдерін меңгеру;

  • білім шеберлік,іскерлік пен дағдыларды педагогикалық қызметте және оларды пайдаланудың дұрыс әдістерін практикада пайдалана білу;

  • оқуды ұйымдастырудың қағидаларын , түрлері мен әдістерін және олардың ерекшеліктерін білу;


9-тақырып

Педогогикалық практиканың міндеттері


Қарастырылатын мәселелері




  1. Педагогикалық практиканың міндеттері

  2. Педагогикалық практика мазмұнының ерекшеліктері


Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы самоуправление учебный деятельности.Оқу құралы .К 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.
Педогогикалық жоғары оқу орындарындағы оқыту ісінде теориялық даярлық ,қоғамдық,педогогикалық және арнайы ғылымдарды үйрету студенттердің практикалық педогогикалық қызметімен үйлестіріле жүргізіледі,ал оны ұйымдастырудың негізгі формасы-педогогикалық практика.Мұғалімдердің кәсіптік дайарлығын арттыруға деген талаптың жылма –жыл күшейіп отыруына байланысты студентердің педогогикалық практикасы ұдайы жетілдіріле түсуде .Қазіргі кезде оның өзі педогогика университетінің оқу жоспарында елеулі орын алып,мұғалімдерді даярлау жүйесінің маңызды компонентіне айналды.

Теориялық курстарда тәрбиелеу мен оқытудың ғылыми логикасы айқындалды.Оқу-тәрбие процесінің принцптері мен методикалары психологиялық –педогогикалық ғылымдар жүйесінде (педогогика ,психология,тарих,оқыту жұмыстарының методикасы және оқыту методикасы)тиянақты оқытылады. Соның нәтижесінде оқу-тәрбие процестері, оның мәні, заңдылықтары, даму факторлары мен жағдайлары туралы ғылыми білім қалыптасады. Алайда теориялық білімді игеру оны дербес жұмыс тәжірибесінде жүзеге асыруға кепілдік бере алалмайды.Мұндай кепілдік беру үшін теорияны жүйелі түрде игерумен қоса, практикалық педогогикалық іскерлікті үнемі жетілдіріп отыру қажет.

Мұғалімдерді кәсіптік даярлауда педогогикалық практиканың ролін бір жақты қарастыруға болмайды. Оны тек теориялық оқытудан кейінгі педагогикалық іскерлікті практикада орындау деп қана түсінуге болмайды. Теория мен практиканың байланысы педогогикалық жоғарғы оқу орындарында оқытудың басты принсіпі ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайарлаудың күрделі диалектикасы ретінде қамтып көрсетеді.Бір жағынан, қажетті педогогикалық білімсіз нақты оқу-тәрбие процесін түсінуге және оны басқаруға болмайды. Екіншіден, жанды фактілерге сүйенбей, нақты мектеп қызметіне талдау жасамай тұрып, оқыту және тәрбиелеу теориясын терең, әрі жете түсіну мүмкін емес. Демек, жоғары оқу орнында оқып жүрген барлық жылдар ішіндегі оқушылармен жүргізілетін педогогикалық жұмыстар теория мен практика арасында табиғи байланыс орнатуға жәрдемдеседі.

Педогогикалық практиканың маңызы міндеттері-оқу-тәрбие процестерін, мұғалімдер мен оқушылар әрекетін бақылауды үйрену, олардың өзара әрекетінің мәні мен логикасын түсіну. Мұндай іскерлікті саналы түрде үйрену қажет. Тәрбиелеу мен оқыту педогогикасын және психологиясын терең үйрену мұғалімдер қолына қажетті “құрал” береді, педогогикалық құбылыс мәнінің механизмін жете түсінуіне мүмкіндік береді.


10-тақырып
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Қарастырылатын мәселелері
1.Студенттің қабілеттілігі

2.Ғылыми зерттеу жұмыстары

3.Конференциялардың ұйымдастыруы
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.
Мұғалім қызметі өзінің сипаты жағынан ғалым еңбегіне ұқсас. Педагог шәкіртін тиімді оқыту және тәрбиелеу үшін оның жеке өзін және рухани қалыптасу процесін үнемі зерттейді. Практикалық педагокикада ең бастысы-тәрбие ықпалының нәтижесінде балада нендей өзгеріс болғанын, мұғалім жұмысының қандай тәсілдері мен амалдары оқушының белсенділігіне ықпал еткенін ,білім мен практикалық тәжірибені терең де,тиянақты меңгертудің төте жолы қайда екендігін әр қашан көре,сезе білуде.

Көптеген мұғалімдер өз оқытатын ғылымнан байыпты зерттеулер жүргізеді.Журналдар мен жинақтарда ғылыми мақалалар жазатын оқу құралдары мен монографиялар шығаратын талай мұғалімдер есімі белгілі . Мұғалімдер тартымды педогогикалық диссертциялар жазуға. Зерттеуші мұғалімнің творчествалықпен ,әрі нәтижелі жұмыс істейтіндігі байқалады.

Ғылыми еңбек белгілі бір қабілеттілікті қажет етеді,ал оның өзі кез келген студентте болады. Әрине, оны белгілі бір бағытта, әрі ұдайы дамытып отыру қажет. Зерттеушілік қабілет –бұл ақыл-ойдың белгілі бір қасиеті, бірінші кезекте проблеманы көре білушілік. Резерфорд былай деген екен: егер оның қарамағында жас ғалым істесе және ол екі жылдан кйін бұдан әрі не істемеймін деп сұраса ,ұстазы оған ғылыми жұмысыңды таста деп кеңес берер еді.Творчестволық ақыл-ой қарапайым нәрседен кереметті, өзгелер байқамаған сұрақты көре білуі тиіс.Венгер ғалымы А.Сент-Дьёрдьи былай деп жазды: ”Жаңалық ашу –демек бәріміз көріп жүргенді көре білу әлде, бірақ осыған дейін ешкімнің ойына келмегенді ойлай білу”. Ал Д.Бернал былай деп түсіндіреді: “Проблеманың шешімін тапқаннан гөрі, оны көре білу әлде қайда қиын.Оның алғашқысына іскерлік,ал екіншсіне –қиял қажет.”

Ғылыми творчества білімді қажет етеді .Алайда мәселе оның көлемінде ғана емес,білімнің жүйелілігінде және әсерленгенде. Білім ақыл-ой “семіздігі”емес, бәрінен көп оқытатын ғалым.







11 -тақырып


10, 05.01.14 Тарих мамандығы бойынша білм беретін бағдарламасының мазмұны.

Қарастырылатын мәселелер


  1. Жалпы білім беру мен міндетті компоненттер.

  2. Таңдау компоненті.

  3. Бокалаврды дайындауа қойылатын талаптар.


Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебной деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

Білім беретін мамандықтар бойынша жасалған жоспар жүйесі пән топтамасымен кестеде келтірілген.
Оқу процесінің ұйымдастыруын,оқу жылының құрылымын жоғары оқу орны (бұдан әрі ЖОО)анықтайды.

ЖОО-да оқу жылын академиялық бостандық аясында академиялық кезеңдерге бөледі (семестр,триместр,жинақталған семестр),және өз еркініне оқу процесіне модульді-блокті жүйесін енгізеді.

Оқыту мекемесінің басшысымен бекітілген білім беру процесінің барлық оқуы,бақылау шаралары,практиканың мерзімі, каникулдар және мерекелік күнде академиялық күнтізбеде көрсетіледі.

Барлық кезеңдегі теориялық білім алу, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, практикумы, лабараториялық және курстық жұмыстары оқу шараларына енгізілуі тиіс.

Курстық жұмыстары пән бойынша қалайда оқыту жұмысы ретінде қарастырылады және оның оқытылуына бөлінетін кредит аясында орындалады.

Бақылау шараларына негізінде бақылау кезеңі,аралық аттестация(сынақты-емтихандық сессиялар),2 ,3 курстан кейін мемлекеттік аралық бақылау және қортынды мемлекеттік аттестация енгізіледі.

Линиялық оқу жылы жоғарғы орны белгілейтін 34-36 аптаға созылды.

Аралық аттестация мен қортынды бақылау кезеңі 2 аптадан артыққа созылмайды

Студенттерге каникул әрбір академиялық кезеңінен соң беріледі. Оқу жылында каникулдың мерзім ұзақтығы 8 аптадан кем болмауға тиісті.

Бакалаврриаттағы оқу процесінің ақталғанының негізгі шарты болып студенттердің теориялық оқудыңм кем дегенде 128 кредитін немесе 5760 сағатын меңгерулері немесе кәсіптік практиканың 10 кредиті не 450 сағатынан кем емес мөлшерін меңгерулері болып есептеледі. Осымен қатар студент міндетті компонент бойынша 61-68 кредит және және не 2745-*3645 сағатты қалауы бойынша 41-61 кредитті не 1845-2745 сағатты меңгеруі керек.

Дипломдық жұмыс жобаның жазылуы мен қорғалуына 4-8 кредит немесе 180-360 академиялық сағат бөлінеді.

Бір академиялық кезеңде күндізгі оқу бөлімінің студент 12 18 кредитті не 180-360 сағатты меңгеруі керек.

Бір академиялық кезіңде күндізгі және қашықтықтан оқыту бөлімде оқитын студент 9-12 кредит не 405-540 сағат игереді және жоғары оқу орны берілген оқытылу мерзімін 4;5 жылға ұзартады.


12-тақырып

Археологиялық практика

Қарастырылатын мәселелер:

1.Практиканың мақсаты

2. практиканың міндеттері

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рциональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.

Практикаға дейін.

1.Студент далалық археологиялық практика өту үшін кафедраға денсаулығы жөнінде медициналық анықтама өткізеді.

2.Практика кезіндегі техника қауіпсіздігіне арналған ережелермен танысып,журналға қол қояды.

3.Практикаға керекті күнделікті,кеңсе жабдықтарын,киім-кешекті дайындайды.

4.Белгіленген күні,сағатта практикаға жіберілетін жерге өзімен бірге жеке куәлігін,керекті заттарын алып келеді.

Практикаға бару және қайту кезеңінде

1.Практикаға бару және қайту кезеңінде көлікке жетекшінің рұқсатымен отырады.

2.Жол үстінде рұқсатсыз көліктен түсуге терезеден сыртқа зат тастауға,басын,,қолын шығарып отыруға қатаң тиым салынады.

3.Жол үстінде жүргізушіні алаңдатып,оның жұмысын кедергі жасауға болмайды,тәртіп сақтауға керек.

Практика кезінде


  1. Техника қауіпсіздігін қатаң сақтайды.

  2. Практика жетекшісінің рұқсатынсыз далалық қостан кетуге болмайды.

  3. Практика бағдарламасында көрсетілген тапсырмаларды уақтылы талапқа сай орындайды.

  4. Практика барысында атқарған жұмыстарын күнделікке уақтылы жазып отырады.

  5. Өзі қатысқан археологиялық қазбаның жобасын ,кесіндісін сызып, орларды суреттеп күнделікті т.үсіреді.

  6. Университетте алған. Теориялық білімін толықтырып ,археологиялық іздеу мен барлау және қазба жұмыстарын жүргізудің әдістерін үйренеді.

  7. Қазба кезінде табылған археологиялық заттарды,құрылыстарды тіркеу,есепке алу, оларды суреттеп жазуды үйренеді.

  8. Археологиялық заттарды далалық жерде өңдеу,сақтау,тасмалдауға даярлайды.

Пракика соңында

  1. Практика кезінде жазған күнделікті ретке келтіріп,толықтырып, сызбалармен қосып жетекшіге өткізеді.

  2. Сынақ тапсырады.


13-тақырып
.Археологиялық іс-тәжірибе кезіндегі төмен ережелер

Қарастырылатын мәселелер.

  1. Жол жүру ережесі

  2. Техника қауіпсіздігі

  3. Өрт қауіпсіздігі

  4. Тазалық қауіпсіздігі

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рциональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.

Жол жүру ережесі.



  1. Студенттерді практикаға апару ,алып келу үшін Май адам тасымалдауға рұқсат еткен автотранспорт пайдаланылады.

  2. Автотранспортқа отыру орындық қоюға қатаң тиым салынады.

  3. Жол үстінде терезеден сыртқа зат тастауға,басын,қолын шығарып отыруға болмайды.

  4. Жол үстінде терезеден сыртқа зат тастауға басын қолын шығарып отыруға болмайды.

  5. Жетекшінің рұқсатынсыз көлікті тоқтатып,онан түсуге тиым салынады.

  6. Студенттер мінген көліктің салонына үшкір кесетін, жанғыш, ащы иісті заттарды салуға қатаң тиым салынады.

  7. Жүріп келе жатқан көліктің есігін ашуға,оған сүйеніп тұруға болмайды..

2.Техника қауіпсіздігі.

  1. Далалық археологиялық практиканы бастаудың алдында студенттерге техника қауіпсіздігі ережелері таныстырылып, ескертіледі.

  2. Қазба барысында қолданылатын күрек,кетпен,қайла ,пышақ, сыпырғыш т.б. құрал-саймандармен жұмыс жасаудың ережелері қатаң түрде сақталуы керек.

  3. Қазба барысында құрал сайманды жөндеуге тиым салынады.

  4. Қазбаға қолданылатын құрал-саймандарды лақтыруға,қадауға болмайды,оларды арнайы белгіленген жерде сақтау керек.

  5. Қабірді, обаны,қоршауды,архетектуралық құрылыс қалдықтарын қазу ережелерін қатаң сақтау керек.

  6. бөлмелерді,есік,терезе, дәліз, күмбездерді қазу, аршу, тазарту кезінде техника қауіпсіздігін қатаң сақтап отыру керек.Қазба терең болған кезде тіреу қойып,оның қабырғаларын жақсылап бекіту керек.

  7. Құдық, ұра, қамбаларды,,шұңқырларды қазу кезінде олардың қабырғаларына тіреу қойып, керіп отыру керек.

  8. Мәйітт тазарту,ашу кезінде арнайы қолғапты пайдалану керек.

  9. Қазба жұмыстары үлкен тереңдікте жүргізілетін болса оған түсіп, шығу үшін сатыны пайдаланып, техника қауіпсіздігін қатаң сақтау керек.

  10. Қазбаның жиегінен жүруге тиым салынады.

  11. Қазбаның көлеңкесінде отыруға болмайды.

  12. үзіліс кезінде қазбаның сыртында отыру керек.

  13. Қазба жұмыстары кезінде аяқ, бас киімсіз жүруге болмайды.

Өрт қауіпсіздігі.

  1. Көлікте,дала қосындағы шатырда,қазба басында темекі шегуге болмайды.

  2. Темікіні дала қосындағы арнайы жабдықталған жерде ғана шегуге болады.

  3. Шатырда,дала қосында жанғыш,жарылғыш улы иісті заттарды сақтауға тиым салынады.

  4. Тамақ дала қосындағы арнайы жабдықталған жерде дайындалады.Тамақ пісіріп болғаннан кейін ошақтағы отқа су құйылып өшірілу керек.

  5. Далалық қоста,қазба төңірегінде от жағуға тиым салынады.

  6. Тамақ пісіру үшін газ плитасының жел жағында асқтап,үстіне киіз жабу керек.

Тазалық және медициналық көмек.

1.Далалық қоста,шартырда,қазба басында тазалық сақтау, жиіжиі тазартып отыру керек.



  1. Астың қалдығын,қоқысты арнайы қазылған,беті жабылған шұқырға тастау керек.

  2. Артылған тамақты төгіп тастау керек.Оны екінші рет пайдалануға қатаң тиым салынады.

  3. Қазба басында, қоста тек қайнаған су ішу керек,ол беті жабылатын ыдыста сақталады.

  4. Қоста міндетті түрде медициналық аптечка дәрі дәрмек, мақта, дәке болу керек.

  5. Медициналық жәрдемді арнайы даярлықтан өткен оқытушы немесе практикаға бекітілген медбике көрсетуі керек.



14-тақырып

Тарихи этнографиялық іс тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері.
Қарастырылатын мәселелер

1.Тарихи этнографиялық іс тәжірибенің ұйымдастыру тәсілі

2. Студент практикантың міндеттері.

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рциональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.

Теориялық білімдерін тереңдету және баянды ету, жүзінде қолдану.

Құжаттық,баяндауыш заттай деректердің түрлерімен,типтік жіктеулерінің принцптерімен эвалюцияға ұшырау факторларымен таныстыру.

Студенттердің ғылыми ізденіске тарту,мұражайлар мен мұрағаттарда жұмыс істей білуге үйрету.

Отбасылы,аудандық мұражайлар мен мұрағаттардың ұйымдастыру жұмыстарымен,ғылыми ізденістерімен,тарихымен және басқа ерекшеліктерімен таныстыру.

Мұрағат-мұражайларды тарихи деректер негізінде рефарат жазу.

Тарихи –этнографиялық іс-тәжірибенің ұйымдастыру тәсілдері.

1.Тарих пәнінің студенттері міндетті түрде таңдау бойынша обылыстық аудандық мұражайларп мен мұрағаттарда іс тәжірибені өтеді.

2.Университет студенттердің облыстық аудандық мұражайлар мен мұрағаттарда іс тәжірибеден өту үшін алдын ала келісім шартқа тұрады.

Іс тәжірибе жетекшілері келісім шарттың 3 данасын оқу бөліміне кафедраға студенттерг береді.

Студенттердің іс-тәжірибе беге даярлау үшін кафедра 1-4 сағаттық ұйымдастыру семинарын өткізді,онда бекітілген мұрағат-мұражайлық іс тәжірибенің бағдарламасымен жоспарланған жұмыстарымен таныстырады.

5.Семинар жұмысына мұрағат-мұражай қызметкерлерін қатыстыруға болады.

6.Себепсіз іс-тәжірибені өтпеген тәртіп бұзған немесе мемлекеттік мүлікке зиян келтірілген студентерге деканат тарапынан тиісті шаралар қолданылады.

7.Іс тәжірибенің қортынды бағасы студенттердің бекітілген тапсырмаларын орындап,тиісті құжаттарын тапсырғаннан кейін әңгіме өткізу арқылы қойылады.

8.Іс тәжірибенің қортынды конференциямен аяқталады.Онда студенттер мен мұрағат-мұражай қызметтерінің кафедра оқытушылардың іс-тәжірибенің кемшіліктері мен жетістіктері жөнінде ескертулермен ұсыныстар тыңдалып қортыланды.

Студент-практиканттың міндеттері.

-Бағдарламада жоспарланған жұмыстарды орындауға;

-Этнографиялық материялдарды жинауда мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынуға;

-Іс-тәжірибе барысында мағлұматтар жинақтап,таңданған тақырып бойынша реферат жазуға;

-Іс тәжірибе кезінде төл басшысына жұмысы жайында мағлұматтар беріп, белгіленіп отыруға;

Іс тәжірибе кезінде табылған немесе жинақталған құнды жәдігерлер мен материялдарды сақтауға,

-Іс тәжірибе барысында “Қанағаттанарлықсыз”деген баға алған студент екінші рет сабақтан тыс уақытта істәжірибеден өтуге міндеттеледі.

Іс-тәжірибе жетекшісінің міндеттері.

1.Факультеттің іс-тәжірибе жетекшісі деканат тарапынан бекітіледі,кафедрада топ жетекшілерінің қызметі.

2.Факультет жетекшілерінң қызметі.

А) Іс тәжірибенің ұйымдастырылуы,жоспарлануы,нәтижелерін есепке алу,өткізу кестесін жасайды.

б) Бағыт беретін ,нұсқаушы семинарға қатысады, студенттердің қортынды конференциясында есеп береді.

в) Топ жетекшілері,іс-тәжірибе өтетін мекеменің жұмысын бақылап отырады, студенттердің өткізетін іс-шараларына қатысады, іс тәжірибе кемшілектерін жоюға ат салысады.

г) Іс-тәжірибенің оқу-әдістемелік жұмысын,тәжірибесін қортындылайды.факультет кеңесінде,кафедра мәжілісінде дамыту жолдарындағы пікірлерді ескереді.

д) Іс- тәжірибені қортынды есебін береді.

3.Топ жетекшісінің қызметі:

А) Студенттерге жауап беру,практиканттарға басшылық ету

б) Студенттерді мұражай-мұрағат бөлімдерімен таныстыру.

в) Іс-тәжірибеге қатысатын мұрағат-мұражай қызметкерлерімен әдістемелік кеңестер өткізу.

г) Іс тәжірибе бағдарламасын орындап, студенттердің ұйымдастыратын іс-шараларына талдау жасау.

д) Студенттерге іс-тәжірибе кезінде әдістемелік нұсқаулар беру, консультатциялар ұйымдастыру

е)Студенттердің іс-тәжірибелік есептерін,құжаттарын тексеру, бағалау, күнделік кітапшаларына,ведомость, сынақ кітапшаларына қортынды баға қою.

15-тақырып

Тарихи этнографиялық іс тәжірибенің мазмұны.
Қарастырылатын мәселелер

1.Информаторларға қойылатын тақырыптары мен сұрақтардың негізі

А) Егіншілік мәдениеті

б) Тоқымашылық өнері

в) Той томалақ

г)Халық медецина

д) Білім және мәдениет

е)Ұлттық ойындар қару жарақ



Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рциональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.

Егіншілік мәдениеті

1.Дихан-баба Қызыр ата ғұрпы туралы аңыз -әңгімелер.

-наурыз мейрамы-егіншілік басы.Наурызда орындалатын салт дәстүрлер;

-Тасаттық жасау, тасаттықтың түрлері.Қырман тойы,сабантой,т.с.с.;

-дәнді дақылдар егудің түрлері: бидайдың,тарының қазақы тұқымдары; қырғыз тары,қалмақбас бидай,қызыл бидай.т.с.с.;

-Егіншілік құралдары: тіс ағаш,жер ағаш, қолтіс,түрен т.с.с;

-дәнінен жасаған тағамдар:бидай көже,кеспе,тары көже,сусын шалап, т.с.с.



  • тоған қазу,атқты тоғаншылар мен мұраптар

Тоқымашылық өнар.

Түркі кілемнің тоқу тәсілдері,мөлшері,түрі түсі:

-тақыр кілем тоқу тәсілдері,ерекшеліктері;

-алаша тоқу, сырмақ ою

Той –томалақ,мереке жайында

Бұрынғы замандағы ас беру рәсімі:

Бұрынғы замандағы үйлену тойы, онда орындалатын кәделер,әдет ғұрыптар, салт дәстүрлердің жалғасуы;

-Қазіргі кездегі үйлену тойлары,ондағы әдет ғұрыптар,салт дәстүрдің жалғасуы;

-Қазіргі кездегі өткізілетін батыр,билердің еске алу тойлары;

-елден шыққан ақын жазулардың тойлары



Халық медицинасы

Ел ішінен шыққан атақты тәуіптер мен емшілер,оларға халықтың көзқарасы:

-сынықшылар

-Бақсылық

-Ел ішінде болған атақты бақсылар,олрдың емдеу тәсілдері;

-Бақсылық құралдары қобыз,қамшы:

-Қазіргі кезде бақсылықпен айналысып жүрген адамдар.


Білім және мәдениет

Кезінде өлкеден шыққан белгілі білім және мәдените қайраткерлері,олардың кейінгі тағдыры.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер: сауатсыздықты жою,бастауыш,жеті сегіз жылдық білім беру,орта,жоғары білім алу.

Қазіргі кездегі мектептің жағдайы.Халықтың білім алу мүмкіндігі.Нарық және білім алу мәселесі.

Тарих пәнін оқыту деңгейі

Ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтары және олардың жұмысы

Ұлттық мәдениет және оған европалық,әлемдік мәдениетінің ықпалы.

Қазіргі Батыс мәдениетінің ауылдық жерлерге таралуы

Мәдениет жүйесі мекемелерінің қызметі және нарық.

Ұлттық ойындар,қару –жарақ түрлері.

5-7 жасында қару жарақ үстауға немесе қару тойы:

- Қару-жараққа байланысты рәсімдер балта ,қылышты, баланың жастанып жатуы б.)

-ру-тайпа ұрандары,туға табыну;

-Мергендік өнері:

-Әскери өнерге тәрбиелейтін ұлттық ойындар:аударыспақ,сайыс, найзагерлік,алтын қабақ, көкпар тарту,жамбы ату т.б.

-Ұлттық спорт ойындарының түрлері ел ішінде қағазға түспеген ұлттық ойындар,олардың тәртібі мен реті т.с.с

-Соғыс тактикасының өнері:аламан,дауыл,қысқаш,торуыл,сол қол, оң қол, жортуыл, шабуыл,атой:

-Жаудың алдынан жылқы айдап шығу,қашан жүріп ұрыс салу;

-Қару-жарақ түрлері. Алдаспан,наркескен,сапы,қылыш,найза,шоқпар,сойыл.т.б.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті




“Филология -тарих” факультеті

“ Тарих” кафедрасы

“ Мамандыққа кіріспе ” пәні бойынша

Тарих мамандықтарының студенттері үшін


Студенттің өзіндік жұмысының жоспары.
(СӨЖ)

Жетісай-2005 ж





Р/

с


С¤Ж таќырыптары.

Саѓат

саны


Єдебиеттер.

1

Болашақ мұғалімнің қалыптасуы.

1


Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981


2

Жоғары оқу орындарында оқитын жастарды іріктелуі

1


4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.



3

Оқу орнының баптары.

1


4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.



4

Университет құрылымы

1


Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981


5

Университеттің дамуы кезеңдері.

1


Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981


6

Жоғарғы оқу орнының құрылымы

1


4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.



7

Жоғарғы оқу орнының даму кезеңдері

1


Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981


8

Студенттердің құқығы

1


Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981


9

Студенттің міндеттері

1


4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.



10

050114 тарих мамандығының оқустандарты.

1


Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981


11

Типтік оқу жоспары

1


1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981


12

Қолдану саласы

1


4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.



13

Жеке оқу жоспары

1


Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981


14

Жұмыс оқу жоспары

1


.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.



15

Студенттердің құқығы

1


1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981



Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария” университеті

“Филология-тарих” факультеті

“ Тарих” кафедрасы

“Мамандыққа кіріспе” пәні бойынша

“Тарих ”

мамандықтарының студенттері үшін




Оќытушыныњ басшылыѓымен студенттердіњ µзіндік ж±мыстары.

( ОБСӨЖ )






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет