Лекция: 15 СӨЖ: 15 обсөЖ 15 Барлық сағат саны: 45 сағ



бет3/5
Дата01.06.2017
өлшемі0,98 Mb.
#17322
түріЛекция
1   2   3   4   5

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай-2005 ж



ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


1-тақырып.

Мұғалімді педогогикалық жоғары оқу орындарына даярлау
Қарастырылатын мәселелер

1.Болашақ мұғалімнің қалыптасуы.

2. Жоғары оқу орындарында оқитын жастардың іріктелуі

3.Оқу орнының баптары.



Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы самоуправление учебной деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.
Жоғары оқу орындарында педогогтарды даярлауды жетілдірудің негізгі жолдары да белгіленген.

Жаңа оқу жоспарлары жасалады,онда студенттерді тиянақты даярлаумен қоса оқытудың практикалық бағытына айрықша көңіл бөлінеді.Жаңа оқу жоспарларында студенттерге жан-жақты педогогикалық мамандық беруге атап айтқанда, бірнеше оқу пәнінен оқытуға оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізуге даярлау белгіленген. Онда студенттерді қазіргі өндіріс және компьютерлеу негіздерімен таныстыру,этиканы, эстетиканы,логиканы, прованы, тәрбиелеу жұмысының методикаларын жүйелі оқыту көзделген, бірінші курстан бастап үздіксіз педогогикалық практика өткізу енгізілді.

Жаңа оқулықтар жасалып,қолданылып жүрген оқу программалары мен оқулықтар жетілдіріледі.Онда оқуды өмірімен және студенттердің практикалық ісімен байланыстыру күшейтіледі.Мұғалімдерді арнайы даярлықтан өткзу айқындылады-болашақ мұғаклімдер арнайы оқу орындары мен орта кәсіптік-техникалық училищелер де жұмыс істеуге даяр болуы тиіс. Халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында барлық мұғалімдер мен тәрбиеленушілер үшін жоғары педагогикалық білім алу міндетті қойылған.

4 Студенттердің оқуы,еңбегі, тәртібі жөніндегі жеке жауапкершілігі арттырылады.Болашақ маман өзінде қоғамдық белсенділікті,коллективте өмір сүру мен жұмыс істей алуды,алуан түрлі іскерлік пен дағдыны қалыптастыруды дамытуы тиіс,- мұның барлығы мүғалім өмірін барынша қызғылықты,әрі мазмұнды ете түседі. Жәнеде мектепте тәрбие жұмысын тиімді өткізуіне ықпал етеді.Студент білімнің сапасына ерекше талап қойылады.Тұйыққа тірелуден шығатын уақыт жетті: орташа студент-надан мұғалім-нашар абитурент.


2-тақырып

2.Университет құрылымы, дамуы кезеңдері.
Қарастырылатын мәселелер
1.Жоғарғы оқу орнының құрылымы

2.Жоғарғы оқу орнының даму кезеңдері


Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы самоуправление учебной деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.

Педогогикалық жоғары университетінің басшысы ректор, оны Халыққа білім беру министрлігі тағайындайды, немесе университеттің Ғылыми советінің жалпы жиналысында жасырын дауыспен сайланады.Ол университеттегі бүкіл жолға қоюға тікелей жауап береді.Жоғарғы оқу орының оқу –методика,ғылыми -зерттеу және әкімшілік шаруашылық қызметтеріне проректорлар басшылық етеді.

Мамандық профилі бойынша ұқсас кафедралар (жалпы университет кафедралардан басқасы) факультетке бірігіп, оны декан басқарады.Ол факультеттегі оқу, тәрбие және ғылыми жұмыстарға жалпы басшылық етеді.Университеттің негізгі құрылымдық бөлімшесі кафедра. Оның меңгерушісін-профессордан немесе доценттен институт советінде жабық дауыспен бес жылға сайлайды.Кафедра бір немесе бірнеше шектес ғылыми пәндерден ғылыми-методикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырады.

Деканның студенттерді курстан курсқа көшіруге, мемлекеттік емтихан тапсыруға жіберуге ,қоғамдық комиссияның ұсынысы бойынша стипендия тағайындауға құқығы бар.

Университеттің құрамына ректор,проректорлар,декандар, жетекші профессорлар мен доценттер, қоғамдық ұйым өкілдері мен студенттер,сондай-ақ халық шаруашылығы мен мәдениеттің тиісті салалары енеді.

Оқу жоспарының негізінде программа жасалып, онда оқу пәндерінің мазмұны мен оқыту логикасы айқындалады. Оқу жоспары-бұл мемлекеттік документ, онда оқу пәндерінің құрамы, бірізділігі және оларды оқу жылына қарай оқыту тәртібі белгіленеді.

Педогогикалық институттары програмалық материалдарды оқыту тәртібін өзгертуге ,оқу жылы бойынша ыңғайлап ауыстыруға, оқу сабағының әр түрлі формасына қарай сағат саны мен арасалмағын өзгертуге ,арнайы семинарларды және факультативтерді пайдалануға, бір немесе екі мемлекеттік емтиханды дипломдық жұмыспен өзгертуге құқығы бар.
3-4 тақырып

3.Студенттердің құқығы мен міндеттері
Қарастырылатын мәселелер
1.Студенттердің құқығы

2.Атқаратын міндеттері

3.Лекция, семинар

4.Лабороториялық практика жұмысы

5 Курстық және диплом жұмыстары

Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рциональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.
Педогикалық жоғарғы оқу орындарында оқу жұмысының міндетті түрлеріне лекцилар, семинар,лабораториялық-практикалық сабақтар, курстық жұмыстар, консультациялар, зачеттар, емтихандар жатады.

Студенттердің ақыл-ойына, жүрегіне және ерік-жігеріне ықпал етуі жағынан жоғары оқу орындарында лекция бірінші орын алады.Ол арнайы құрылған сол аудитория үшін ғылым мен ғылыми-педогогикалық ойлау үлгісінің жүйесін байланыстырады. Лекция мазмұны-сол тақырып бойнша студенттер білуге тиісті мұқият іріктелген квинтэссенция.Лекция-бұл тек инфармация ғана емес, оқытушы студенттер қарым-қатынасы және бірлескен қызметінің әрекеті.Сондықтан да институтта лекцияны оқу жұмысының ешқандай формасымен алмастыруға борлмайды. Лекцияны оқу және тыңдау-лектор үшін де, студент үшін күрделі,әрі ауыр жұмыс. Лектор шындығында үш жақты қызмет етеді:лекцияны шығарушы,оны қоюшы және, ең соңында, орындаушы. А.П. Чеховтың тұжырымдауынша, лектор бір мезетте ғалым, педагог және шешен ретінде көрінеді.

Лекция студентке де оңай емес. Ол арнайы амалдардың тұтас жүйесін пайдалана отырып белсене, әрі қарқынды жұмыс істеуі тиіс. Қ.Д.Ушинскиий: қиялдау әрқашанда оңай, әрі жағымды, ал ойлау қиын,-деп жазуды. Студент лектор ойын қалт жібермей қадағалайды, негізгілерін саралап, принципті қағидаларын сын көзімен қабылдап, инфарматцияны толық сезінуге және де ең қажеттілерін өз ақыл қоймасында – жадында сақтауға тырысады. Сонымен қоса ол неғұрлым толық түсінікті,әрі анық етіп жазуға үлгеруі тиіс.

Аудиториялық сабақтың едәуір бөлігін лабораториялық –практикалық жұмыстар алады. Тапсырманы дербес орындау дәрежесіне қарай оларды репродуктивтік бұрын орындалған тапсырманы еске түсіру) және творчестволық (білім мен іскерлікті жаңартуды, қайта құруды, жинақтауды қажет ету) деп бөлуге болады.

Семинарлар лекциялар секілді, сабақтың теориялық формасына жатады. Студенттер семинар сабақтарында лекциялардан және өзінің дербес жұмысы арқылы алған білімін тереңдетіп,нығайтады,өз сенімін тексереді және айқындайды, терминологияны меңгереді, сол арқылы еркін оқуға үйренеді, өз көзқарасын қорғайды.

Оқу жоспарында студенттердің психология, педагогика, методика және арнайы пәндер бойынша курстық және дипломдық жұмыстар орындауы көзделеді. Бұл оқу зерттеу жұмыстарының күрделі түрі.Курстық жұмыстар студенттердің білімін тереңдетумен қоса, ғылыми-зерттеу қабілетін де дамытады.

Курстық жұмыстың көлемі 20-25 бет, диплодық жұмыс 50-60 бет.

Оның бірінші бетінде университеті, кафедрасы,автордың аты-жөні,факультеті мен курсы, ғылыми жетекшісінің фамилиясы ,аты-жөні ,ғылыми атағы, жұмыстың орындалған жылы көрсетіледі. Жұмыс үлгісі кафедраларда әрдайым болады. Курстық жұмыс кафедралық комиссияда, дипломдық – Мемлекеттік емтихан комиссиясы алдында қорғалады.

Студенттердің ойдағыдай оқуына негізгі –дербес жұмыс. Студент университетте оқыған алғашқы күннен бастап берудің ақыл-кеңесіне арқа сүйеу психологиясынан арылып,оқу жұмысын белсенді түрде дербес атқаруға тырысуы қажет. Білімнің ең құндыс-өз еңбегімен меңгере білуінде.

Емтихандағы ең бастысы –білімді тереңдету және жүйелеу.Сонымен қоса емтихан-студенттердің білімін, іскерлігі мен дағдысын, сондай-ақ олардың жалпы өресін тексеру. Емтихан билет бойынша да ,емтихан алушының ауызша сұрағы бойынша да, бірақ міндетті түрде қолданылып жүрген оқу программасы негізінде жүргізіледі.



5-тақырып

050114 - Тарих мамандығының оқу стандарты.

Типтік оқу жоспары
Қарастырылатын мәселелер
1.Қолдану саласы

2.Жеке оқу жоспары

3.жұмыс оқу жоспары
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы самоуправление учебной деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.
Осы стандарт 5.03.001-2004 Қ.Р. МЖМБС” Жоғарғы кәсіби білім.”Бакалаварит. Негізгі ережелері олардың ведомоствалық бағыныстылығынан, ұйымдық-құқықтық нысандарынан тәуелсіз, көрсетілген мамандық бойынша бакалаврларды дайындауды іске асыратын Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары үшін қолданылуы және сақталыуы міндетті.

Академиялық сағат: лекциялық 1 контактылық сағат (минутке), практикалық (семинарлық) сабақ, немесе 1,5 контактылық сағатқа (75 минут)

студиялық сабақ, немесе контактылық сағатқа (100минутқа) лабораториялық сабақ және денешынықтыру сабағы. Сондай-ақ 1 контактылық сағатқа 50 минут оқу практикасының барлық түріне, 2 контақтылық сағатқа 100 минут барлық педогогикалық практикасының түрлеріне, 5 контактылық сағатқа 250 минут барлық кәсіпорын практикасының түрлеріне. Бір жүйелік оқу жүйесінің барлық аудиториялық сабақтарында академиялық уақыт ұзақтығы 40 минуттан кем болмауы тиіс.

Бакалавриат-жоғары білім деңгейі, 4 жылдық мезгілде нормативтік білім бағдарламасын игерген бакалавр академиялық атағын алады.

Жеке оқу жоспары: Жыл сайын оқу жылына, жұмыс жоспарына сәйкес студенттердің өздері әзірлейтін құжат. Онда өзі жазылған оқу пәндерінің тізімі,кредит (несие)саны немесе академиялық сағаттар көрсетіледі; жеке оқу жоспары нақты студенттердің білім траекториясын көрсетеді.

Кредит: оқушы оқытушының оқу жоспарының деңгейін өлшейтін жүйелендіру бірлігі.Бір кредит академиялық кезеңнің апталық оқудың 1 академиялық сағатына тең.Әрбір лекцияның академиялық ,практикалық семинар және студиялық сабақ сағаты міндетті түрде 2 сағат 100 минут бакалавриаттағы студенттің СӨЗ өзіндік жұмысымен қоса жүреді.

Кредиттік оқу жүйесі. Кредит түрінде білім деңгейінің есебіне, оқу траекториясының таңдалынуына, сондай-ақ өзінің біліктілігін жетілдіру деңгейі мен творчестволық білімнің игерілуіне бағытталған білім жүйесі.

Таңдау компоненті: оқу пәндерінің тізімі және оған сәйкес кредит пен академиялық сағатының минималды деңгейі жоғары оқу орындарының ұсынысы бойынша студенттердің жеке қалауынша кезкелген академиялық кезеңде таңдап алады.

Пререквизиттер: оқытылатын пәнді игеру үшін білімді біліктілікті және әдісті қамтитын пәндер.

Постреквизиттер: оқытылатын келесі пәндерді игеру үшін білімді, біліктілікті және әдісті қамтитын пәндер.

Жұмыс оқу жоспары: оқу үрдісінің кезеңдерін, нақты профиссионалды қызметтің жағдайын ескеріп жоғары оқу орындары шығарып, бекіткен типтік оқу жоспары толықтырылып, нақтыланған құжат; ол толық оқу пәндерінің тізімін, біріктірілген топтамадағы ЖОП БП,ПП компоненттер, сондай-ақ оқытылатындардың игеруіне қажетті кредиті көрсетілген қалап алынған компоненттер.

Силлабус: оқу пәндерінің бағдарламасы, онда оқытылатын пәндердің мінездемесі, пәнінің мақсаты мен міндеті, оның қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы, өзіндік жұмыстың тапсырмалары, консультацияның сағаты,оқытушының талабы,бағаның кретерилері, рубеждік бақылаудың кестесі және әдебиеттің тізімі енгізілген.

Типтік оқу жоспары: негізі құжат, ол мамандықтың мемлекеттік жалпы білім беру стандартының қосымша бөлігі және оқу пәндерінің тізімі түрінде қойылатын міндетті компоненттер.

Онда ЖОП,БП,ПП, біріктірілген циклдері және оқуды игеруде қажетті минималды кредиттер тағайындалған.



Міндетті компонент:мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына және студенттердің оқитын оқу бағдарламасының міндеті тәртібіне сәйкес жасалынған оқу пәндерінң тізімі және кредиттің минималдық деңгейі.

Тіркеушінің офисі: оқытушының бүкіл оқу-тарихи жетістіктерін тіркеумен айналысатын білімнің түрлі бақылауын ұйымдастыруын қамтамасыз ететін және академиялық рейтингілерді есептейтін қызмет.

Тьютор: оқу сабақтарын жүргізетін және студенттің арнайы пәндерді игерудегі академиялық кеңесші ролін атқаратын оқытушы.
6-тақырып
Студенттердің оқу еңбегінің мәдениеті.
Қарастырылатын мәселелері
1.Оқу еңбегінің мәдениетінің ұғымы

2.Жұмыс қабілеттілігіне не ықпал етеді

3.Жеке жұмыс техникасы
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы самоуправление учебной деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5. Лезер Ф. Рациональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.
Осыдан үш жүз жылдан астам бұрын көрнекті педагог Я.А:Коменский оқушылар аз оқып,көп білетін дидактика әдісін табуды армандаған болатын.Коменскийдің негізгі ойы оқушылардың өз бетінше оқуына күш салуы болатын,өйткені ең тәжірибелі деген мұғалімнің өзі оны алмастыра алмайды.Қазіргі кезде нақты айқын болып отырған жайт,біз мектепте ,жоғары оқу орындарында қаншама қажетті және пайдалы білім бергенімізбен,адам оны үнемі толықтырып отыруға тура келеді; сондықтанда қазіргі педогоикалық және қоғамдық саяси әдебиеттерде “үздіксіз білім алу, мамандықты жетілдіру өз бетінше білім алу” ұғымдары кездесетіні тегін емес.

Дегенмен практикалық тәжірибелерге және арнайы бақылауларға қарағанда ,өз бетінше білім алуға деген талпыныс және іскерлік пен дағды негізінен алғанда мектептер мен жоғары оқу орындарында қалыптасады.

Сонымен қоса ,оқуға деген шын ықылас болмаған жағдайда білім дәрежесі мен сапасы төмен болатыны сөзсіз. Студенттердің 40 проценті білімнің таяздығын өз бетінше жұмыс істей алмайтындығынан екендігін атап көрсеткен.

Болашақ мұғалім үшін оқуға ден қою,білімін өмір бақи көтеру ерекше маңызды ғана емес,кәсіптік маңызы зор іс.К.Д.Ушинский былай деген болатын: мұғалім өз оқығанға дейін өмір сүреді.Ол оқуын тоқтатқанда, оның мүғалімдігі де тәмәм болады.Мұнда мәселе мұғалімнің қаншалық білім алғандығында ,яғни оқу еңбегіндегі іскерлік пен дағдыны оқушыларға дарыта алынады.

Оқу еңбегі мәдениетінің ұғымы педогогикалық әдебиеттерде түрліше баяндалады. Онда көбінесе жекелеген жайттар қарастырылады:ой еңбегінің гигенасы (ақыл-ой қабілеттілігін сақтау және арттыру тәртібін, сондай-ақ оны практикада орындай алуды білу), сондай-ақ ой еңбегінің техникасы (ой әрекеттерінің тиімді амалдарын білу және орындай алу.) Озат оқытушылардың тәжірибелеріне, жоғары оқу орындарында ұзақ уақыт жүргізілген байқаулар мен эксперименттерге қарағанда, оқу еңбегі мәдениеті кеңінен қарастырылып, бұл ұғымға оқу, оқу еңбегін жоспарлау ұғымдарын жатқызу қажет.

7-тақырып
Тарих мамандығы туралы

Қарастырылатын мәселелері

1.050114 “Тарих ”мамандығы бойынша бакалаврдың біліктілік сипаттамасы

2.Пәндердің түрлері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Рувинский М.И. Мамандыққа кіріспе Алматы 1991

2.Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясының негізгі принцптері туралы Алматы 1986

3.Сластенин.В.А. Вчера –абитурент-Сегодня студент М.1981

4.Тутышкин Н.К. Основы само управление учебный деятельности.Оқу құралы қазан 1984.

5.Лезер Ф. Рциональное чтения Более быстрое и основательное М.1980.

Жоғарғы оқу орнын бітірушілер, Бакалавр тарихы біліктілігін жоғарғы дәрежеде педагогикалық, ғылыми, жобалы қызмет көрсету тұрғысынан алған даяр маман

Маманның негізгі қызметі, алған кредит бойынша бүгінгі технологиямен жаңа оқу білімнің қолдану арқылы, тарих пәнін және аралас пән-аралық сапалы білім беру.Оқушылардың біліктілігін ,жетілдіруін,тәрбие және ғылыми деңгейін көтеру.

Кәсіби қызметінің нысандары

Бітірушілердің (мамандардың професионалдық қызметінің нысанасы болып: жалпы және арнайы мамандырылған мектептер , лицейлер,коледждер,техникумдар,гимназиялар және басқада орта –арнайы оқу орындары,ғылыми және мемлекеттік мекемелер )ғылыми университеттер,педогогикалық және тарих пәнінен арналған кабинеттер,баспалар,әкімшіліктер,кітапханалар,мұражайлар, архивтер,жоғары білім көтеру университет және т.б) болып табылады.



Кәсіби қызмет пәндер.

Кәсіби пәннің қызметіне сыныптар және аудиториялар ,көрнекі құралдар , жабдықтар, оқу-әдістемелік кешендер,оқулықтар,кеңсе заттары,тарихи үйірмелер мен бөлімдер секциясы.



Кәсіби қызметтің түрлері

Бакалавр “050114-Тарих”мамандығын бітіргендер мынандай кәсіби қызмет атқара алады:

  • білім беру саласында педогогикалық : жалпы орта оқу орта кәсіптік орындарында мұғалім және жоғарғы оқу орындарында оқытушы болып:

  • тәрбиелік: қосымша білімі бар оқытушы методист, бөлім басқарушысы және мекемелерде мектептен тыс білім беруі КҒҚ,АҒҚ болып академиялық университеттерде және жоғары оқу орындарында :

  • жобалы: консультант ретінде оқулықтардың редакторлары болып жоба университеттерінде және мекемелерінде;

  • сарапшы : жалпы тарих, Қазақстан тарихы және қосалқы пән,дер т.б. мәселелерді сараптаушы;

  • өндірістік басқару қызметі: мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде әкімшілік лауазымында (білім көтеру университетте баспаларда.);оқу орындарында (лаборант ,кабинет меңгерушісі және т.б.), сонымен қатар жоғарғы оқу орындарында лауазымды атқара алады;мұражайларда ,ғылыми зерттеу университеттерінде және ҚҒҚ лауазымында гуманитарлық бағыт бойынша;

Кәсіби қызметінің функциялары

050114-Тарих”мамандығындағы Бакалаврды бітіргендер төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады;



  • мектеп,гимназия,лицей,коледж,т.б. оқу орындарында тарих пәнін және аралас пәндерді оқытатын білім беру педагогикалық жұмыстарында мұғалім қызметінде;

  • ғылыми–зерттеу жұмыстарында: ғылыми-зеттеу мекемелерінде және әр түрлі оқу академияларында бейінді пән бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауда;

  • жобалық:жобалау мекемелеріндегі жалпылама және арнайы мамандықтар бойынша жасалынған талдауларды жүзегеасыру;

  • Білім беру бөлімдерінде, әкімшіліктерде, зертханаларда, орталықтарда, орталықтарда, т.б. мемлекеттік әр түрлі деңгейдегі өндірістік –басқару қызметтерінде;

Кәсіби қызметтердің типтік міндеттері кәсіби қызметтердің әрқайсысының талапқа сәйкес келуімен және таңдап алынған мамандығы бойынша маманға қойылатын талаптың сәйкестігі.

Кәсіби қызметтің бағыттары:

-Қазақстан тарихы,Жалпы тарих, Мұрағаттану;

-Археология,Этнология,Мұрағаттану,

Кәсіби қызметтің мән –мағынасы:

-Оқу тәрбиелік үрдіс,ғылыми-зерттеу жұмыстары,басқару-ұйымдастыру қызметтері.



050114- тарих мамандығы бакалаврды бітіргендерге қойылатын негізгі талап-тілектер:

-Қоғамдық өмірдегі табиғаттың жанды және жансыз үрдістері.

-Өркениеттен Қазақстан мәдениетінің және мәдениеттің базистік құндылығының алатын орны.

-Адамды жеке тұлға ретінде және оның қызметін,жеке басын.т.б.

зерттеудің әдістері; Еңбек пен пікірлесу,тәрбие,оқыту төңірігіндегі қолданбалы сипаттамалар қайшылықтарын психологиялық деңгейде түсіну.

-Адамның Жер эволюциясындағы орны және оның қызметінің қоршаған ортаға әсері.

-құқық негіздері жүйесімен ҚР заңдылықтары сот мекемелері және тәртіп сақтау мекемелері және өзге де тәртіпті бақылайтын мекемелер және әәдістемелік қызметтегі құқықтың және тәрбие этикалық жүйелері;

-экономикалық жүйедегі негізгі экономикалық теориямен оның негізін түсіну;

-оқуды ұйымдастыру принсипін,оқу әдістемесіндегі функция негізін оқыту жүйесіндегі және оны дамытудағы басты мәселелерді шешу;

-негізгі деректеме танудағы Қазақстан халықтарының мәдениет оқытуға сондай-ақ Отан тарихының географиялық ерекшеліктерін біртұтас жүйеде қарастыру;

-Міндетті түрде негізгі пәндер бойынша минимумдар: алғашқы қоғам тарихи, археология, этнология, ежелгі дүние тарихы,антикалық ортағасыр тарихы, Қазақстанның ежелгі және орта ғасыр тарихы, Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы, шетел мемлекеттерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, тарихнама,көрші мемлекеттері мен халықтарының тарихы;

-құқық негіздері және ҚР заңдылықтары, сот мекемелері және тәртіп сақтау мекемелері ;

-жалпы педагогика мен жалпы психология негіздері:


  • педагогикалық кәсіби әдістер жне құралдар; қолдануы:

  • өзінің кәсіби қызметінде әлеуметтік-гуманитарлық ғалымдардың әдістерін қолдану;

  • қазіргі заманның оқыту саласындағы технологияны ғылыми негзде пайдалана отырып өз қызметте комьпютерді пайдалану;

  • өз мамандығының шеңберінде психологиялық қажеттілікті көре білу;

  • Кәсіби деңгейлігі

  • әлемдік деңгейдегі ғылыми білім жүйелігін

  • этнографиялық,археологиялық экспедицияларды тәжірибелік жұмыстардағы, практикалық деңгейі;

  • қарапайым оқу ,тәрбие жұмысы саласында тарихи кабинетін ұйымдастыру және әдістемелік,орта білім беру төңірегінде тарих оқу сабақтарын өткізу;

  • түп деректерге араб және латын тілдерін енгізу;

  • Компонентті болу:

  • Педагогикалық және ғылыми қызметіне кәсіби педогогикалық міндеттерді шешуде студенттер мен оқушылардың білімін және біліктілігін бағалау:

8-тақырып.


Тарих пәндерін оқытуда пәрменді оқыту әдістерін қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет