Лекция №2 Лекция тақырыбы: Модель. Модельдеу. Модельдердің классификациялануы. Жоспары



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата19.01.2023
өлшемі360,49 Kb.
#165944
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция №2 ФКА 1502-19 1510-19

Имитациялық модель
– шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары 
дәлдікпен бейнелей алады. Тәжірбие нақты объектіні зерттеу, бағалау 
мақсатында бірнеше рет қайталанады немесе бір мезгілде әр түрлі жағдайда 
бірнеше ұқсас объектілермен қатар жүргізіледі. Дұрыс шешім таңдаудың 
мұндай тәсілі байқау және қатенің әдісі деп аталады. 
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және 
статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады. 
Статистикалық модель
деп объект жөнінде алынған ақпараттың 
белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. 
Динамикалық модель
– уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің 
өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді. 
Модельдерді көрсетілу әдісіне қарай материалдық және ақпараттық 
болып екі топқа жіктеледі. 
Материалдық модельді басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп 
айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық 
қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына 
балалар ойыншықтарын алуға болады. 
Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз. Себебі, 
олар тек ақпараттарға ғана құрылады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны 
ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. Ақпараттық модель 
дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен күйін 
сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс 
болып табылады. 
Ақпараттық модельге вербальдік модель жатады. Вербальдік модель 
дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель. 
Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл 
құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады. 
Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді 
конструкциялар. 
Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша 
сипаттаулар. 
Математикалық модель – объект немесе процесстің әр түрлі 
параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар. 
Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер т.б. 
Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге 
алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер. 
Арнайы 
модельдер 
– 
ноталар, 
химиялық 
формулалар. 
Кез келген жұмысты қолға алмас бұрын, берілгені мен соңғы нәтиже 
және орындалатын іс-әрекет кезеңдерін айқындап алу қажет. Модельдеу 
кезінде бастапқы зерттелетін объект – прототип болады. Модельдеудің соңғы 
кезеңі шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу арқылы зерттелген 


модельдің жаңа объектісін құруға, бар объектіні жақсартуға немесе қосымша 
ақпарат алуға болады. Модельдеудің негізгі кезеңдері есептің қойылу шарты 
мен мақсатына қарай анықталады. 
1-кезең. Есептің қойылымы. Бұл кезеңде берілген бастапқы 
мәліметтермен қатар мақсатын анықтау және объектіні немесе процесті 
талдау анық көрсетілуі қажет. 
2-кезең. Модель құру. Ақпараттық модель. Бұл кезеңде элементар 
объектілердің қасиеттері, күйі және басқа да ерекшеліктері кез келген 
пішінде, яғни ауызша түрде, схема немесе кесте арқылы да анықталады. 
Бастапқы объектіні құрайтын элементар объектілер жөнінде толық мағлұмат, 
яғни ақпараттық модель жасалады. Бұл кезең модель құрудың бастапқы 
бөлімі болып саналады. 
3-кезең. Компьютерлік эксперимент. Жаңа конструкторлық жұмыс, 
техникалық шешімдерді өндірісте пайдалану және жаңа идеяларды тексеру 
үшін эксперимент жасау қажет. Компьютерлік тәжірбие жүргізу екі кезеңнен 
тұрады: модельдеу жоспарын құру және модельдеу технологиясы. 
Модельдеу жоспары модельмен жасалатын жұмыстың ретін анық көрсетуі 
қажет. Модельдеу технологиясы дегеніміз – пайдаланушы адамның 
компьютерлік модельмен орындайтын мақсатты іс-әрекеттерінің жинағы. 
4-кезең. Модельдеу нәтижесін талдау. Модельдеудің соңғы мақсаты – 
шешім қабылдау болып табылады. Модельдеу нәтижесін талдау шешуші 
кезең болып табылады. Себебі, бұдан кейін модельдеуді жалғастыру немесе 
тоқтату керек. Егер қате жіберілсе, модельдеуді қайта қарап, алдыңғы 
кезеңге қайта оралу қажет. Бұл процесс модельдеу мақсатына сай болғанға 
дейін қайталана береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет