Лекция (2 сағат). Қазіргі жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері, зерттеу әдістері



бет7/26
Дата04.11.2023
өлшемі315 Kb.
#189398
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
Даму психологиясы дәрістер жиынтығы Office Word.doc Лиясова

10 -дәріс
Нәрестелік кезең ( 0-1 жас). Нәрестелердің қабылдау мен ес, сөйлеу және ойлау процестерінің дамуы.

Психика мен мінез-құлықтың туа берілетін формалары. Нәрестенің рефлекторлы, генетикалық шарттанған қимылдары. Өмірге келгеннен кейінгі негізгі сезім органдарының – көру, есту, сипап сезу, қозғалыс анализаторларының, дәм рецепторларының автоматты түрде қосылуы. Нәрестелік кезеңдегі бала миының қызмет етуінің анатомиялық-физиологиялық сипаты.


Баланың қозғалыс белсенділігі. Нәрестелік шақтағы қабылдау мен есту процестерінің ерекшеліктері. Нәрестелік шақтағы сөйлеу мен ойлау ерекшеліктері.

Сәби уақытының көп бөлігін тік қалпында өткізеді, бұрынғымен салыстырғанда, оның көру аясы енді әлдеқайда кеңейе түседі. Ол көптеген нәрселерді көре алады, олар оны қызықтырады, бірақ ол әлі оларға қол жеткізе алмайды; тілегіне жету жолында оның алдында табиғи кедергі жағдайы тұрады. 6-7 айында ол отыруға, 8 айға қарай еңбектеуге үйренеді. Кейбір балалар тірекке сүйене отырып, қырымен жүре бастайды. Нәрестелік кезеңнің соңына қарай балалардың көпшілігі тік жүруді меңгереді. Бала жиһазға сүйеніп немесе ересек адамның көмегімен тұрады. Тұруды меңгергеннен кейін, жүру қабілеті келеді: алдымен қандай да бір затқа сүйене отырып, ал бір жасқа қарай – өздігінен. Бұл – дененің күрделі бұлшықеттерінің жұмысымен байланысты алғашқы қозғалыстық табыстар. Олар бала үшін өте маңызды, сондықтан да ол бұл шеберліктерін жетілдіру үшін көп уақыт жұмсайды.


Уақытының көп бөлігін бала отырып өткізеді. Бұл жаста балалар әр түрлі заттарды еденге түсіргенді немесе лақтырғанды, сондай-ақ олармен қандай да бір жазықтықты тарсылдатып ұрғанды жақсы көреді. Ұсақ заттармен ойнау – дамудың осы сатысындағы балалардың сүйікті ісі. Олар өздері меңгерген қол жеткізу, шапалақтау, қолдан түсіру қимылдық машықтарын қолдана отырып, заттармен әрекеттер жасайды. Тірексіз отыру қабілеті баланың жерге заттарды лақтыруларына және олардың қасиеттерін танып-білулеріне мүмкіндіктерін арттырады.
Жылдың екінші жартысында сәби бір ғана затпен ойнауға қанағаттанбайды. Ол затты өз қолдарын ұзартушы ретінде пайдаланады, онымен басқа затты қозғайды, соғады, ысқылайды және т.б. 7 айлық балада затқа қатысты жаңа белсенділік пайда болады: қысу, жұмарлау, созу және үзу арқылы оның пішінін өзгерту. Ұстау одан әрі жетіле түседі: 8 айында бала заттарды бір қолынан екінші қолына ауыстыра алады; ол бас бармағын тірек ретінде қолдана отырып, затты екі саусағымен ала алады.
7-10 ай шамасында қатыстық әрекеттер пайда болады: бала бір уақытта екі затты ұстай алады, оларды өзінен алыстатып, өзара салыстыра алады; бала затты өзінен алыстатып, оны басқа затқа салу, қою немесе тізу үшін жақындатады. Нәрестелік жастың аяғына қарай функционалды әрекеттер: тізу, ашу, салу және т.б. кезеңі басталады. Заттармен жасалатын осы әрекеттердің барлығы заттық-әрекеттік ойлаудың қалыптасуының басталуын айғақтайды.
Сәбилер өмірдің осы сатысында қарым-қатынас жасауға ашық. Бірақ баланың адамдарға деген қатынастары барған сайын жіктеле түседі: ол анасын және отбасындағы басқа жақын мүшелерін артық көре бастайды. Осы кезеңде ересек адамдармен ұзақ уақыт ойнаудан шынайы ләззат алу пайда болады. Бөтен адамдармен ол кей кездері ұялшақ немесе жатырқауық болады. 6 айлығының өзінде таныс емес адамды көрген кезде, баланың үрейленетіндігін байқауға болады. Айналасындағы адамдарға деген ықыласы тістерінің жаруымен байланысты да өзгеруі мүмкін. Бөтен адамдарды көрген кездегі қорқыныш пен жасқану баланың бойында үйде болған уақытта азырақ байқалады. Қонақта болғанда, мұндай жай-күйлер анығырақ көрінеді: бала анасына жақын болуға тырысады, басқалармен, тіпті туыстармен (әжесімен, атасымен және басқалармен) қарым-қатынасқа аса ықылас таныта қоймайды.
Өмірдің алғашқы жылының аяғында таныс емес адамдардан қорқу едәуір жиі кездеседі. Таныс емес адамдар жақындаған кезде, бала бетін тыржитып, анасына қарайды да, бірнеше секундтан соң жылай бастайды. Егер таныс емес адам сәбиге жаймен жақындап, онымен жұмсақ сөйлессе, ойнай бастаса, сәби мазасыздық танытпауы да мүмкін. Бірақ таныс емес адам оған тез жақындап, қатты дабырлап сөйлесе, баланы қолына алғысы келсе, баланың шошып кетуі әбден мүмкін.
6 айдан үлкен сәбилерде белгілі бір адамдарға үйреніп қалушылық байқала бастайды. Әдетте үйреніп қалудың бірінші объектісі ана болып табылады. Екі-үш айдан кейін балалардың көпшілігі әкесіне, бауырларына, әжелері мен аталарына үйрене бастайды.
Заттың оптикалық, көзге көріну тұрғысынан алыстауы бала үшін сондай-ақ баланың затпен арақашықтығына пропорционалды психикалық алыстауды да білдіретіндігі анықталған; затқа эмоционалды тартылудың әлсіреуі жүреді. Кеңістіктік қашықтаумен қатар сәби мен зат арасындағы байланыс үзіледі. Бала үшін қашық жерде әлем болмайды. Бірақ, сәби алыстағы затқа ұмтылуын тоқтатқан кезде, ересек адам затқа жақын жерге барып тұрса, оның затқа деген қызығушылығын қайта тудырып, әрекеттерін қайта қалыптастыру өте оңай. Ересек адамның затқа жақындауы бала үшін заттың жақындығын балдіреді. Ересек адам – нәрестелік жастағы барлық жағдайлардың орталығы. Бала үшін барлық жағдайлардың мәні бірінші кезекте осы орталықпен анықталады.
Өмірдің алғашқы жылының аяғына таман балалар үлкен адамдардың өздеріне көмек көрсете алатындығын түсінеді және әдейі олардың көмегін іздейді. Дәл осы кезеңде тағы бір маңызды әлеуметтік қабілет пайда болады: тіпті қарапайым қимылдық актіні орындау үшін ересек адамның мақұлдауын күту. Осы кезеңде баланың ересек адамдарға – жақындарына, анасына деген қызығушылығының біртіндеп төмендеуі және заттарға деген қызығушылығының артуы орын алады. Дегенмен, жалпы алғанда, баланың адамдарға деген қызығушылығы бұл кезеңде заттарға деген қызығушылығына қарағанда жоғарырақ болады.
Өмірдің алғашқы жылының аяғына қарай баланың алғашқы сөздері пайда болады. Бірақ өзінің алғашқы сөздерін айтқанға дейін бала өз қажеттіліктерін қадалып қарау, ишара, вокализация арқылы білдіретін болады. Сөйлеу қандай да бір белгілі мезетте бірден пайда бола қоймайды: бірте-бірте кездейсоқ дыбыстар вокализацияға, содан соң сөздерге ауысады. Бала өз жақындарын, оның өзін, үй жануарларын, ойыншықтарды атайтын сөздерге таңдаулы түрде құлақ аса бастайды. Бала өз атына жауап бере бастайды, басқа жанұя мүшелерінің аттарын атаған кезде, оларға қарайды, қарапайым өтініштерді: қандай да бір әрекетті тоқтату, затты беру және т.б. орындайды. Осы уақытта өзінің алғашқы сөздерін де айта бастайды. Баланың бас кезіндегі сөйлеуі оның ересек адамдарға солардың көмегімен хабар жеткізетін сөйлеуге дейінгі ишараларынан туындайды. Бала айналасындағыларға әсер ету мақсатында сөйлейді. Алайда, мұнда бала дамуының басқа бірде-бір саласында болмайтын үлкен индивидуалдық айырмашылықтар байқалады. Кейбір балалар бір жарым жасқа дейін, кейде тіпті екі жасқа дейін де сөйлемеуі мүмкін, және бұл норма болып есептеледі.
Адамның ішкі дүниесі дамуының бірінші сатысы түгелдей «жандану» сатысы ретінде белгіленген. Саты атауының өзінен көрініп тұрғандай, бұл үдеріс көп жағдайда жақсыз сипатқа ие: баланың өзі жанданбайды, оның жандануы жүзеге асады. Бала да, ересек адам да жеке алғанда бұл үдерістің авторлары болып табылмайды. Олар бірлескен авторлар болады, дегенмен, олар бірігіп қамтамасыз ететін даму бағыты баланың көбірек қожалық етуі мен ересек адамның көбінесе оның қасында болуы жағына бағытталған. Сәби дамуының негізгі бағыты оның белсенділігі үшін сыртқы әлемге бір ғана жол – Өзге арқылы, ересек адам арқылы өтетін жол ашық екендігінде. Сондықтан да баланың жан құбылыстарында ең алдымен оның ересек адаммен нақты жағдайдағы бірлескен әрекетінің саралануы, бөлінуі, қалыптасуы тиіс екендігін күту әбден түсінікті.
Жаңа туылу сатысында нәресте өте тез дамиды. Ол айналасында болып жатқан құбылыстарға ерекше қызығушылық танытады. Бұл барған сайын арта түсетін сергектік уақытында анық байқалады. 4-ші және 8-ші апталар аралығында нәрестенің күндізгі ұйқысы қысқарып, түнгі ұйқысы ұзарады; ересек адамдар әсерін қабылдағыш бола түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет