2.Жүгіру жолдарының жамылғы құрылым және олардың құрлысы.
Арнайы қоспадан жамылғысы бар су сіңіргіш жүгіру жолдары. Бұндай жолдардың құрылымы құрылыстың жер – су және ауа – райылық жағдайларына байланысты.
Жүгіру жолдарын әсіресе жауын – шашын көп және балшықты топырақ суды сіңіп, қатып, су сіңірмейтін әрі әлсіз болып қалады.
Тасты топырақ барынша тығыз болып қалады және аз сусіңіргіш болып табылады. Құмды топырақ сусыма, сусіңіргіш және аз тығындалған қасиетке ие. Бұлар жүгіру жолдары мен басқа да жазық спорт құрлыстарын салуға қолайлы.
Табиғатта басқаларын қарағанда бірнеше физика – механикалық қасиеттері бар сан алуан аралық топрақтар жиі кездеседі. Топырақтың физика – механикалық қасиеті олардың құрамындағы бөлшектердің көлемінен тығыз байланысты жол құрлыстарында топырақтың грануламетрлік құрамы бойынша мыналардай жіктелу бар.
1) Батпақты – 0,005 мм – ге дейін.
2) Тозаңды – 0,005 – тен 0,05 мм – ге дейін.
3) Құмды – 0,005 – ден – 2 мм – ге дейін.
3 – суретте кәдімгі топырақта салынған яғни жауын – шашын аз аудандарда (жылына 500 мм.) қолдануды үйғарған жүгіру жолының құрылымы берілген. Жүгіру жолын қабаттағанда жеке құрылымдық қабаттың неге арналғанын және осыған пайдаланатын материалдардың қасиеттерін білу керек. 3а – суретінде көрсетілген жүгіру жолының жек қабатық құрлысының сипатамасын қысқаша береміз.
а) 1 - ші қабат (төмендеген) – бұл қалыңдығы 5-12 см. төселетін топырақтағы негіз. Төселетін топырақ қиыршықтан, майда тастардан
(көлемі 40 – 70 мм.) немесе ірі қиыршықты құмнан тұрады. Бұл қабат ірге тас рөлін атқарып, су сіңіргіш қабат болып табылады.
б) 2-ші қабат аралық болып табылады (серпіқұрылымға жұмсақтық береді. Тасты топырақтағы аралық қабат су тартқыш қабатша рөлін атқарады.
Күл болмаған жағдайда аралық қабат қиыршмді) оның құрылысына таскөмірлі күл (пракция 10-20 мм.) пайдаланылады. Бұл қабат
ықтан (фракция 10 – 20 мм.) салынуы мүнкін, ол үстіңгі қабаттардан шайылып шыққан қалдықтардан негізді қорғайды.
в) 3 – ші қабат серпімді су жинағыш қабат болып табылады. Оның құрлысына суды жақсы сүзетін материалдар (мегнин, үгінділер, торф, химиялық және полиэтимен өндірістің қалдлықтары, т.б.) салынады. Серпімді су жиналғыш қабат барлық құрлымға жұмсақтық береді, ылғалды сүзеді, жоғарғы қабаттық шайылып кетуінен сақтайды және жоғарғы жамылғы қабатының ылғалдылығын реттеп тұрады.
г) 4 – ші қабат – бұл арнайы қоспалардан дайындалған қабат. Бұл қабаттың негізгі қоспаларының атаулары бойынша жолдың аталымы да анықталады. Жамылғы шықты, серпімді су сіңіргіш, жауын-шашынға төзімді, таза және үнемді болуы тиіс. 8 – кестеде жүгіру жолдарының жамылғысы үшін барынша кең таралған арнайы қоспалардың қосатын бөліктері (рецептура) берілген.
3-сурет. Ашық құрылыстағы жүгіру жолының құрылымы:
а-батпақты топырақта арнайы қоспадан жасалған жамылғысы бар; б-сол сияқты тасты топырақта; в-сол сияқты құмды топырақта; г-резеңкебитумды немесе асфальтты-резеңке қоспасынан жасалған жамылғысы бар; д-синтетика жамылғысы бар (1-арнайы қоспадан жасалған жамылғы; 1а-резеңкебитумды немесе асфальтты-резеңке қоспасынан жасалған жамылғы; 1б-синтетикалық жамылғы; 2-серпімді ылғал жинағыш қабат; 2а-биндрден жасалғанаралық қабат; 2б-желімдегіш мастика; 3-күлден жасалған аралық серпімді қабат; 3а-бетоннан жасалған аралық қабат; 4-қиыршықтан жасалған негіз; 5-төселетін топырақ).
Ұнтақталған күл жолы (қалыпты ылғалдылықта 15-20%) барынша серпімді әрі тез жүгіруге өте қолайлы болып табылады. 100 метрге жүгіруден ең тамаша нәтижені (9,9 сек.) 1968 жылдың жазында үш американдық атлеттердің осы үгітілген күл жолында жасағаны мәлім. Алайда үгітілген күл жолы ұзаққа жарамайды, тазалығы нашар және пайдалануға үнемсіз болып келеді. Бұндай жолдарды салу кейінгі жылдары күрт тоқтады.
Достарыңызбен бөлісу: |