Ядро лақтыру орны (5–сурет).
5–сурет. Диск, балға және ядро лақтыру орны:
А–қауіпсіздік аймағы.
Ядро лақтыру үшін лақтыру шеңбері мен ядро қону секторы болуы керек. Ядро лақтыру шеңбері бетоннан, асфальттан немесе топырақты арнайы қоспадан жасалады. Шеңбер беті жарақ қону секторының бетімен бір деңгейде болуы қажет. Ішкі диаметрі 2135 мм. шеңберді шектеуші дөңгелек жолақты шеңбер жамылғысына анкер көмегімен бекітіледі. Дөңгелектің алдынғы бөлігінің ортасына доға тәріздес ағаш бөрене мықтап бекітіліп орнатылады, ал дөңгелекті төбесінен жауып тұрады және өзінің ішкі бетімен дөңгелектің ішкі жағына сәйкес келеді. Доғаның көлемі:
Биіктігі 10 см, ені 11,4 см, ішкі жағы бойымен ұзындығы 122 см.
Ядроның қону секторы әдеттегідей топырақты арнайы қоспамен жүгіру жолы немесе құмды асфальттқа қарағанда тығызырақ толтырылады. Жаттықтыруда ядро лақтыру қауіпсіз болуы үшін биіктігі 2,5 метрге жуық жақтауға керілген теміртормен шеңберді қоршау қажет, яғни ол лақтыру шеңбері ядроның қате ұшу бағыты аумағына қойылады.
Ядро лақтыру үшін орынға бір уақытта жіберу мүмкіндігі бастаушылар үшін 7 – 8 адам, ал жоғары дәрежелі спортшылар үшін 2 – 3 адам.
Балға мен диск лақтыру орны (5 – суретке қара). Балға мен диск лақтыру үшін арнайы жарақ қону шеңбері мен секторы қарастырылуы тиіс. Олардың ірі стадиондарға қатысты көлемдері суретте берілген. Балға лақтыруға арналған шеңберді шектеуші дөңгелектің ішкі диаметрі 2135 мм., ал диск лақтыру шеңберін шектейтін дөңгелектің ішкі диаметрі 2500 мм. болады. Балға немесе диск лақтыру шеңбері бетоннан, асфальттан немесе топырақтан жасалады. Балға мен диск лақтыру шеңберінің қоршауы көбінесе ауыспалы етіп жасалады, ол үшін шеңбер айналасына қоршау ұстындарын бекіту үшін арнайы іргетас орнатылады. Жер бөлігіндегі қоршаулардың ең төмен биіктігі 2,75 және 3,5 метр болады.
Балға мен диск қону секторлары құмды, топырақты болуы мүмкін. Көгалды футбол алаңдарында жарақ лақтыру ірі жарыстарда ғана рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |