Коксты – күл жолы үгітілген күл жолына қарағанда қаттылау. Осыған байланысты ол стайерлік жүгіруге қолайлы. Бұдан бөлек ол ұзаққа шыдалуы, бірақ қымбаттау.
Пиритті – күл жолы өз құрылымы бойынша өте қатты, спринтерлік (ұзаққа созылмайтын, екпінді және шапшаң) жүгіруге қолайлы.
Коксты пиритті күл жолы қасиетті жағынан қалыпты серпімді пайдалануда қарапайым және ұзаққа шыдамды. Бірақ бағасы қымбат.
3.Жеңіл атлетикалық секірулер мен лақтыруға арналған орын.
Жеңіл атлетикалық секіру орны (ұзындыққа, үштікке, биіктікке, сырықпен) жылдамдық алу аймағы (жол немесе сектор) мен секірушінің қону орнынан құрылған жазық құрылыс болып табылады.
Жеңіл атлетикалық лақтыру орны спортшының жарақпен бірге жұмыс жасау аумағы (лақтыру шеңбері немесе жарақпен жылдамдық алу жолы) мен жарақтың түсу секторынан құралған құрылыс болып табылады. Ұзындыққа және үштікке (4а -сурет) секіру орны.
4а–сурет. Ұзындыққа, үштікке, сырықпен секіру (1-жылдамдық алу аймағы;
2-қону шұңқыры; қауіпсіздік аймағы).
9-кестемен біріктіріп қарау керек.
Ұзындық пен үштікке секіру үшін жылдамдық алу жолы мен қону шұңқыры болу қажет. Ірі стадиондардағы жылдамдық алу жолының ұзындығы 45 м. болуы тиіс. Қалған жағдайларда жылдамдық алу жолының ұзындығы азаюы мүмкін. Жылдамдық алу жолының ені 1,25 м. Қону шұңқырының көлемі әдетте 3x6 немесе 4,25x6 м. (ені 2,75 м. екі жылдамдық алу жолы болған жағдайда) болып келеді. Жылдамдық алу жолына секірушінің тебілуі үшін планка орнатылады. Планкадан шұңқырдың алдынғы жиегіне дейінгі қашықтық спортшының кәсіби шамасына байланысты. Бұл қашықтық ереже бойынша ұзындыққа секіруде 3 м., үштікке секіруде 12 метрден аспайды. Екі жылдамдық алу жолы болған жағдайда үштік секіру үшін тебілу планкалары қону шұңқырынан түрлі қашықтықта қатар жолға орнатылады. Бұл аталған секіру секторында түрлі дәрежелі спортшылардың жаттығуы үшін қажет. Тереңдігі 0,5 метрден кем емес қону шұңқыры жылдамдық алу жолының деңгейімен бірдей етіліп ұсақ қиыршықты құммен толтырылады. Кейде құмды алдын ала шырша үгінділерімен араластырады. Қону шұңқырының жақтаулары ағаштан, кірпішпен, бетоннан жасалады. Шұңқыр жақтауының жоғарғы жиегі ағаштан жасалып, секірушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалыңдығы 5 мм. резеңкемен қабатталуы тиіс. Тебілу бөренесі ені 20 см. болып топыраққа көмілген арнайы қалқанға нақты бекітіледі. Бөренені шешіп алу үшін болтпен қатырылады. Болттар жасырын жасалады және тебілу аумағынан тыс орнатылады. Тебілу бөренесі мен қону шұңқыры аралығында 30° бұрышта түсіңкі етіп ылғалды құм жолағын себу қажет. Өлшеу сызығын ені 10 см. етіп пластименнен жолақ салып жиектейді.
Жылдамдық алу бағытына қарай жолдың ылдиы 0,001–ден аспауы тиіс. Ұзындыққа, үштікке секірудегі жылдамдық алу жолының құрылымы жүгіру жолының құрылымымен бірдей болады. Алайда жылдамдық алу жолының жапқыш қабаты жамылғыға пайдаланған материал қалыңдығының ұлғаюы есебінен барынша үйлесімді болуы қажет. Мысалы арнайы қоспалардан және битумды жұмсақ материалдар негізіндегі жамылғы қалыңдығы 5–6 см–ден аспауы керек (жүгіру жолы жамылғысынан қалыңдығы 1–2 см. артық). Әрбір жеке орынға бір мезгілде жіберу қасиеті бастаушылар үшін 8–10 адам, ал жоғары дәрежелі спортшылар үшін 2–3 адам болады.
Биіктікке секіру орны (4б–сурет). Биіктікке секіру үшін жылдамдық алу секторы мен қону шұңқыры болу қажет. Бұрышы 150° жылдамдық алу секторының радиусы 15 м. болуы керек (ірі стадиондар үшін 15 м., ал басқалары үшін кемуі мүмкін).
Б иіктікке секірудегі қону шұңқырының көлемі 3x6 м. болады. Оның қабырғалары ағаштан, кірпіштен немесе бетоннан жасалуы мүмкін.
4б-сурет. Биіктікке секіру.
(1-жылдамдық алу аймағы; 2-қону шұңқыры; 3 қауіпсіздік аймағы).
9-кестемен біріктіріп қарау керек.
Қазіргі кезде қонуға арналған ағаш жәшіктер жиі қолданылады, ол да қону шұңқыры сияқты жеңіл серпімді материалдармен (паралон, губкалы резеңке) толтырылады. Жәшікті толтыру биіктігі шектелмейді.
Қонуға арналған ағаш жәшіктерді жеңіл атлетика секторы мен спорт алаңының кез – келген ыңғайлы жеріне орнату үшін қозғалмалы етіп жасалған дұрыс қону орнына батут салынады. Алайда батутты пайдаланғанда батут торына қону үнемі қауіпсіз емес екенін естен шығармау қажет.
Қону орына алдынғы шегіне жақын алаң бетімен бір деңгейде, өлшегіш таяқшадан кедергі қояды. Кедергі ені 5 см, ұзындығы 4–4,5 м. Биіктікке секірудегі жылдамдық алу секторының бетінің ылдиы 0,005 – тен аспауы тиіс.
Биіктікке секіруден бір орынға бір уақытта жіберу қабілеті бастаушылар үшін 7 – 8 адам, жоғары дәрежелі спортшылар үшін 2–3 адам.
Сырықпен секіру орны (4–суретке қара). Сырықпен секіру үшін жылдамдық алу жолы мен қону орны болуы қажет. Құрылыстың саласына қарай жылдамдық алу жолының ұзындығы 45–тен 25 метрге дейін салынады.
Қону орны серпімді заттармен толтырылған жәшік түрінде болады. Қону жәшігін толтыру орнына сондай–ақ жеке тіреуге немесе жәшікке орнатылған батут қолдануға болады. Бұл жағдайда батут торына 1 – 2 қабат поролон төсенгіштер, ал батут параметріне 2 – 3 қабат етіп төсеу қажет. Сырықты тіреу үшін жолдың аяғына арнайы жәшік қойылады. Сырық тіреу жәшігін жүгіру жолының бетімен бірдей етіп топыраққа көмеді, яғни жәшік қону орнының алғы шегін атқаратын арнайы бөренеге өзінің артқы қабырғасымен қабысып тұруы керек.
Сырықпен секіру үшін бір орынға бір мезгілде жіберу мүмкіндігі бастаушылар үшін 6 – 8 адам, жоғары дөрежелі спортшылар үшін 2 – 3 адам болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |