Лекция №3 Тақырып: «Іш сүзегі. А және в парасүзектері» Анықтамасы. Іш сүзегі



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі23,84 Kb.
#88199
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция№3 (2)
Word Document, osnov-postroeniya-podsistem-zashit-informatsii-mnogofunktsionalnoy-informatsionnoy-sitem, 40-зерт.жұмыс, Аружан, физика 7к үйтапсырма Айгерим Маделханова, физика 7к үйтапсырма Айгерим Маделханова, 10, a919f879a76e8d3153bcd46030775461f171864e, politologia na kaz-1, Ситуационная задача по 1-й теме ЕРМЕКБАЙ ЖАНДОС, хирургия 100%, Анализаторлардың ортақ қасиеттері, Анализаторлардың ортақ қасиеттері, Презентация1
Эпидемиологиясы. Іш сүзегі мен тек қана адамдар ауырады. Бұл таза антропоноз. Инфекцияның көзі - науқас адам немесе бактериятасымалдаушы.
Сүзек-парасүзек қоздырғыштары әсіресе азық-түлік өнеркәсібінде, көпшілік тамақтандыруда және балалар мен сауықтыру мекемелерінде істейтін қызметшілердің арасында қауіпті.
Жұғу механизмі фекальды-оральды. Аурудың жұғу жолдары: су арқылы, азық-түлік өнімдері арқылы (алиментарлы) және тұрмыстық - контактілі.
Ауруға барлық адамдар сезімтал. Ауруды бастан кешкеннен соң тұрақты иммунитет дамиды.
Патогенезі. Іш сүзегінің патогенезі - циклді процесс. Патогенез сатылары қоздырғыштың адам организміне енү, тропты тіндерде көбею, қанға өту, қаннан барлық ағзаларға таралу және қоздырғыштың организмнен бөліну кезеңдеріне сәйкес болып келеді.
Іш сүзегінің патогенез сатылары:
1.Жұқтыру сатысы.
2. Біріишілік регионарлы инфекция сатысы.
3. Бактериемия және токсинемия сатысы.
4. Паренхиматозды - диссеминация сатысы.
5.Қоздырғыштың элиминация және аллергиялық өзгерістердің даму сатысы.
6.Иммунитет қалыптасу және айығу сатысы - реконвалесценция кезеңіне сәйкес келеді.
Аурудан кейін тұрақты және ұзақ иммунитет қалыптасады. Іш сүзегінің қайталануы сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет