Лекция №3 Тақырып: «Іш сүзегі. А және в парасүзектері» Анықтамасы. Іш сүзегі



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі23,84 Kb.
#88199
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция№3 (2)

Іш сүзегінің клиникалық жіктелуі:
1.Типтік түрі :
-жеңіл
-орташа ауыр
-ауыр
2.Атиптік түрі :
-абортивті
-амбулаторлы көмескі
3.Сирек кездесетін түрлері:
-менинготиф
-пневмотиф
-колонотиф
-нефротиф
4.Бактериятасымалдаушылық:
-транзиторлы
-жедел
-созылмалы
5.Асқынулары:
а)арнайы
-ішектен қан кету
-ішек перфорациясы, перитонит
-инфекциялық-токсикалық шок
б)арнайы емес
-пневмония
-менингит
-пиелит
-паротит
-тромбофлебит


Диагностикасы.
Іш сүзегін танып - білу үшін клиникалық мәліметтерден басқа, зерттеу лабораторлық әдістерінің нәтижелеріне, эпидемиологиялық анамнезге сүйену керек.
Салыстырмалы диагнозды қызбамен сипатталатын барлық жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен жүргізу қажет: жедел респираторлы аурулармен, өкпе қабынуымен, милиарлы туберкулезбен, туберкулезды менингитпен, бруцеллезбен, безгекпен, мононуклеозбен, лептоспирозбен, сепсиспен және т.б.
Шешуші диагностикалық белгілер:
1.Қаннан ауру қоздырғышын табу (қанды өт сорпасына немесе Раппопорт ортасына себу).
2. Іш сүзегін диагностикасы үшін, ең үлкен маңызды алғашқы 5-6 күнде келесідегідей клиникалық мәліметтер алады: жоғары тұрақты қызба, айқын интоксикация, "сүзектік тіл", гепатолиеналды синдром, метеоризм, Падалка «оң» нышаны.
3.Гемограммада іш сүзегіне тан өзгерістер: лейкопения, анэозинофилия, таяқша ядролы нейтрофилдердің жоғарлауы.
Диагнозды растау үшін бактериологиялық және серологиялық әдістерді қолданады. Өт қосылған қоректі орталарға науқастың қанын (гемокультура), зәрін (уринокультура), нәжісін (копрокультура) міндетті түрде себеміз. Өтті (биликультура) бактериотасымалдаушылардан ғана алып себеміз.
Емдеуі. Іш сүзегінің ағымы мен нәтижесі дұрыс күтімге, диетаға, этиотропты және патогенетикалык ем жүргізу тәртібіне байланысты. Іш сүзегінің емдеуі комплексті болуы керек.
Науқасты тыныштықта, жайлы төсекте күту керек. Маңызды мәнді ауыз қуысы мен теріні күту жағдайы алады. Төсекте жату режимін 6-7 күнге дейін сақтаған дұрыс. Ал 7-8-ші күндері науқастың отыруына рұқсат етіледі, 10-11 - күндері дене қысымы тұрақтанса, жүріп - тұруға рұқсат беріледі. Науқастарға №4 және 4б, сосын 4в, 2 диета тағайындалады. Іш сүзек-парасүзек аурулары кезінде антибиотиктердің ішінен ең тиімдісі - левомицетин болып табылған. Соңғы жылдары фторхинолондар тиімді препараттар болып табылды.
Ішектен қан кеткенде қатаң төсек режимі керек, шалқасынан 12- 54 сағат бойы жатқызу. Қарынға суық басып, 10-12 сағат аралығында тамақ ішуге тиым салынып, ішетін сұйықтықтың мөлшері 500 мл дейін шектеледі.
Науқастарды ауруханадан дәрігер-инфекционистің бақылауы және рұқсаты бойынша шығарады. Қосымша ауруларды емдеу мақсатқа сәйкес жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет