Мысалдар:
Е, К, М, Н, Т, Ш, Ы әріптері карточкаларға жазылған. Оларды әбден араластырып бір-бірден 4 карточка аламыз. Сонда:
а) 7 әріптен төрт –төрттен неше тәсілмен алуға болады;
ә) алынған 4 әріпті қатарынан тізіп қойғанда «КЕНТ» сөзінің пайда болу
ықтималдығы?
Шешулері:
а) алынатын бірінші карточка 7-уінің ішінен, яғни 7 тәсілмен алынады. Екінші карточка, қалған 6-дан, т.с.с. Сонда 4 әріптен алынатын комбинация 7·6·5·4 тәсілмен құралады. Есеп шарты бойынша . Сонда орналастырудың формуласын пайдалансақ:
ә) болғанын көрдік. Бұл барлық тең мүмкіндікті элементар оқиғалар саны.
Енді аталған сөздің пайда болуына қолайлы элементар оқиғалар саны -ді табамыз. 4 әріпті тіркестер ішіндегі бізге қолайлысы тек бірінші орында «К», екінші орында «Е», үшінші орында «Н», төртінші орында «Т» әрпі тұратын «КЕНТ» сөзі, ал бұл сөз тек бір-ақ рет кездеседі. Сондықтан іздеген ықтималдық мынаған тең:
Осы мысалдарда келтірілген Е,К,М,Н,Т,Ш,Ы әріптерінен:
а) неше алмастырулар жасауға болады?
ә) карточкаларды қатарынан қойғанда «ШЫМКЕНТ» сөзінің шығу ықтималдығы?
Достарыңызбен бөлісу: |