Тауықтәрізділер отряды
1-Қоқыс тауығы (Alectura lathami); 2-Үлкен аргус (Argusianus argus); 3-Айдарлы кракс (Сгах alector); 4-Дәукөз күркетауық (Agriocharis ocellata); 5-Мысыр тауығы не Цесарка (Numida melagris).
Тәжілі кептер өте әдемі (117 сурет).Барлығы 286 түр бар. ТМД елдерінде 12 түр (6 туыс) бар, оның 10 үялайды. Қазақстанда кептерлер мен түркептерлердің 10 түрі есепке алынған, 9түрі үялайды (115 сурет). Қоцыр кептер (Columba eversmanni) Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Тауықтәрізділер отряды – Galliformes. Пішіні және мөлшері жағынан алуан түрлі қүстар - салмағы 45 г-нан 10 кг-ға дейін ауытқып түрады. Жер шарына кең тараған. Бүлардың арасында отырықшы және жыл қүстары бар. Көптеген тауықтәрізділер спорттық аңшылықтың нысандары. бұлардың түмсығы қысқа, аяқтары күшті және артқы саусағы қысқарған. Өңешінде көлемді жемсауы болады. Соқыр ішек және өт қапшығы болады. Жабын қауырсындарында жанама өзек болады, қауырсындануы тығыз. Тауықтәрізділердің қанаты қысқа әрі жалпақ. Бүлар жақсы үша алмайды. Огрядқа 85 туысқа жататын 253 түр жатады, бүлар 8 түқымдасқа бөлінеді. Тауықтәрізділердің екі отряд тармағы (тауықтар мен гоациндер) морфологиялық және экологиялық жағынан бір-бірінен өте жақсы ажыратылады.
Тауықтар-отряд тармағы – Galli .Бұл отряд тармағының өкілдерінің салмағы 45 г-нан 10 кг-ға дейін жетеді. Қабырғаларында ілгек тәрізді өсіндісі болады, төсінің қыр сүйегі жақсы дамыған. Жіліншіктің алдыңғы жағында екі қатар көлденең орналасқан мүйізді қалқанша, өңеште жүқа қабырғалы үлкен жемсау болады. Етті қарынның бүлшық еті күшті және ішкі жағынан қатты мүйізтектес кутикуламен қапталған. Ішек өсінділері дамыған. Қораздары ірі және ашық түсті, яғни жыныстық диморфизм байқалады. Балапандары ширақ , жұмыртқадан шыға сала аналықтың соңынан еріп жүреді және оған еліктеп өзгеше қоректене бастайды. Тауықтар отряд тармағы 2 түқымдас үстіне, 6тұқымдасқа, 84 туысқа бөлініп, 252 түрді біріктіреді. ТМД елдерінде 12 туыстың 21 түрі, ал Қазақстанда 13 түрі үялайды.
Кракстер тұқымдасүсті – Cracoidea. Бүған ең қарапайым тауықтар жатады, олардың тепкісі (батқы) болмайды, ал артқы саусағы басқа саусақтармен бір деңгейде орналасады. Жүмыртқаны жарып шыққан балапандарда қақпа қауырсындардың түбіртегі болады.
Тұқымдас үсті 2 түқымдасқа бөлінеді.
Үлкен аяқтылар не қоқыс тауықтары тұқымдасы - Megapodiidae.
Салмағы 2 кг-дай болатын қүрлықта тіршілік ететін қүстар жатады. Денесі тығыз, аяқтары ұзындау, кейде ұзын қүйрықты. Басында қауырсынсыз терілері болады. Тұқымдаста 7 туысқа жататын 11-дей түр бар. Қоқыс қүстардың көбею процесі өте қызық және ол бүта куркетауыгында (Alectura lathami) жан-жақты зерттелген. Бүл қүс Оңтүстік - Батыс Австралияның шөлейтті аудандарында мекендейді. Алдымен аталығы тереңдігі 0,5м және диаметрі 3-5 м болатын шүңқыр қазады, содан соң шұңқырды жапырақпен толтырады, үстінен топырақ төгеді, нәтижесінде биіктігі 1 м-дей үйінді пайда болады. Жапырақтар жайлап шіриді, үйінді ішінде температура біртіндеп көтеріледі, 2-3 айдан соң оған жүмыртқа салатын уақыт болады. Аталығы үйіндінің ортасына дейін тар жол жасайды, аналығы бірінші жүмыртқасын салады. Келесі жүмыртқа 4 күннен кейін салынады және т.т. Сонымен арасынан 4 күннен салып 20-25-ке дейін жұмыртқалайды. Жүмыртқа салу кезегін аталығы реттеп отырады, ол ауа- райы қолайсыз күндері, үйінді ортасына жол салуға ерініп, аналығына кедергі келтіреді, ол жүмыртқасын жақын жерге салып жоғалтады. Үйінді ішінде жұмыртқа шайқалып жатқан кездегі температураны да аталығы реттейді, ол ауа-райы мен маусымға байланысты топырақ қабатын не ашады, не жабады, жұмыртқа жатқан камерадағы жылылықты реттеп, оңтайлы 34-40 ° температураны үстап түрады. Температура бас терісінің жалаңаш учаскесі немесе тілі арқылы реттелуі мүмкін. Инкубация 2-3 айға созылады. Үя инкубатор ретінде 6-9 ай қызмет атқарады. Балапандары ширақ, жұмыртқадан шыға салысымен - ақ өз бетінше тіршілік ете бастайды. Қоқыс
тауықтары кез-келген өсімдіктектес және жануартектес азықпен қоректенеді.Қоқыс тауықтары Австралияда пайда болған деп есептейді.
Кракстер түқымдасы - Cracidae. Салмағы 4 кг-ға дейін жететінОрталық және Оңтүстік Американың ормандарында таралған қүстар.Қаңқасында ауа көп болады. Кеңірдегі, әсіресе аталықтарында, өте үзарған және түзақ қүрайды. Кейбір түрлерінің басында қауырсынды айдары болады. Кракстар аталығының шағылысу мүшесі (пенис) болады.
Моногамдар, жерде-ағашта тіршілік етеді, ағаш сүлбелерінде қарапайым үя жасйды. Үясында, әдетте 2 жүмыртқа болады, оны аналығы шайқайды.Шамамен бір айдан соң көзі ашық, үстін мамық басқан, қақпақауырсындарының түбіртегі дамыған балапандар шығады. Алғашқы күндерібалапандары ағаш сүлбесінде ересектері әкелген омыртқасыздарды, жемістерді, түқымдарды жеп тіршілік етсе, бір аптадан соң олар бүтақтан-бұтаққа қалықтап үшып, ересектеріне еріп, өз бетінше қорегін іздейді.
Кракстардың пайда болған орталығы Оңтүстік Америка болып табылады және түқымдасқа 11 туысқа жататын 39 түр бірігеді.
Қырғауылдар түқымдасүсті – Phasianoidea
Бүл түқымдас үстіне тауықтәрізділердің негізінен жас түрлері бірігеді. Артқы саусағы кракстарға
қарағанда қысқа және басқаларынан жоғары орналасқан. Кейде жіліншігінде тепкі
.
(батқы) дамиды. Пенис болмайды. Аталықтары аналықтарына қарағанда әдетте ірі және біршама ашық түсті. балапандары ширақ, өз бетінше қоректенеді. Ересек қүстар балапандарының қауіпсіздігін бақылайды және үйретеді. Жастары, қауырсынданған балапандары, алғашқыда жынысына байланыссыз, мекиенге үқсас болады.Қырғауылдар түқымдас үстіне 4 түқымдас (құртектестер, қырғауылтектестер, цесаркатектестер және күркетауықтектестер) бірігеді.
Құртектестер тұқымдасы - Tetraonidae. Қүртектестер Европа, Азия және Солтүстік Американың ормандарында, тундрада, орманды далаларда және далалы аймақтарында кең тараған. Салмағы 5 кг-ға дейін жетеді. Жерде немесе ағашта тіршілік етеді. Көпшілік түрлері - отырықшы, жыл қүстары аздау. Ерекше белгілері: танау тесіктері қауырсынмен жабылған, жіліншіг
Достарыңызбен бөлісу: |