Кептертәрізділер отряды.
1.Көк кептер; 2-Қүз кептері; З-Ақтөс кептер; 4-Қоңыр кептер; 5-Түз кептері; 6-Дыркептер; 7-Түркептер; 8-Үлкен түркептер; 9-Сақиналы түркептер; 10-Кіші түркептер; 11-Жасыл кептер; 12-Тибет қылқүйрығы; 13-Қылқүйрық не қылаңтөс; 14-Ақбауыр бүлдырық; 15-Қарабауыр бүлдырық..
Кептерлер отряд тармағы – Columbae. Кептерлердің аяқтары бүлдырықтарға қарағанда үзын. Артқы саусағы жетілген және басқаларымен бір деңгейде орналасқан. Үлкен екі айрық жемсауы болады. Жіңішке, үшында үзарған ілмегі бар түмсығының түбінде танау тесіктерін жауып жататын балсірі болады. Отряд тармағында 2 түқымдас бар.
Дронттектестер түқымдасы - Raphidae. Қазба қүстар, 16-17 ғасырларда Маскарен аралдарында толықтай жойылған. 3 түрі болған, ірі (10 кг дейін) қүстар, қанаттары әлсіз, ұшу қабілеті толықтай жойылған. Балсірі болмаған, тұмсығы күшті, үстіңгісінің үшында ілмек болған. Руль қанаттары болмаған. Өсімдік қоректі қүстар болғанға үқсайды. Шығу тегі түсініксіз-бір авторлар дронттарды кептерлермен байланыстыруға тырысса, басқалары сутартарлардың ауытқып кеткен бір бүтағы болуы керек деп деп есептейді.
116 сурет. Дронт - Raphus cucullatus
(Карташевтан алынған)
117 сурет. Тәжілі кептер - Goura critsata
(Карташевтан алынған)
Кептертектестер түқымдасы - Columbidae. Дене мөлшері әртүрлі - 30 г- 3 кг жететін қүстар. Қауырсындануы тығыз. Түмсығының түбінде балсірі жақсы жетілген. Моногамдар. Реңінде металл тәрізді жылтыр басым. Жақсы және мәнерлеп үшады. Үялайтын орны алуан түрлі - ағаш қуысы, саңылауы және т.б. Үяда 1-2 жүмыртқа болады. Балапаны қызылшақа, соқыр.
Ересектері оларды жемсауындағы қүсықпен қоректендіреді. Қоңыржай аймақта бір мәрте, жылы жерлерде 2-3 мәрте үялайды.Қорегі алуан түрлі, негізінен өсімдіктер, бірақ жануартектес азықты да пайдалана береді. Қоңыржай және ыстық аймақтарда кең тараған.
Достарыңызбен бөлісу: |