Үлкен шалшықты – ақ селеулі Қазақстан даласының әшекейі. Біздің даламыздағы ең үлкен шалшықты . Ұзын аяқтары , жіңішке ұзын доға тәрізді төменгі иілген тұмсығы бар.Жоны ашық сұр түсті , тек құйрық үсті ақ түсті. Жерде жүретін құс , бұталарға отыра алады. Төтенше жағдайда, мысалы жаралы болғанда ғана жүзеді. Үлкен жалпақ қанаттарымен бойлай және баяу қағып , жақсы әрі ұзақ ұшады. Дауысы әдемі, әуенді жәй дірілдеген ысқырық . Мұндай дыбысты ертелі кеш ойнақ салып ұшқанда шығарады. Күндіз белсенді , көктемгі және еүзгі қоныс аудару кезінде , түнде де ұшады. Жәндіктермен және басқа да ұсақ жануарлармен қоректенеді , кейде дәнмен де қоректенеді. Жұптасып тіршілік етедіҚұрғақ шөп төселген шұңқыр ұясына аналығы 4 сарғыш жасыл теңбілді жұмыртқаларын салады. Аталығы мен аналығы кезектесіп басып шығарады. Балапандарын бірге ілестіріп жүріп бірге қорғайды. Аңшылар үшін үлкен шалшықты патша қыр құсы болып есептеледі.
Безгелдек – Дуадақтар тұқымдасының ішіндегі ең ұсақ өкілі(салмағы 600-900 г) . Түрлі түске боялған дуадақтың ұшуы таңқаларлықтай : екпінді жылдам әуелеп ұшудан кейін , қанаттарын жылдам қағып , түзу сызықпен қалықтайды , қанаттары осы кезе сылдырлаған дыбыс шығарады. Безгелдек тек тың жерге қоныстанады, соңғы жылдары анда-санда егіс даласынан кездестіруге болады. Жұптасып тіршілік етеді, өте сақ құс. Мамырда аналығы 3-5 –тен , 7-11-ге дейін жасыл түсті жұмыртқаларын салады,да бір ай шамасында басып шығарады. Балапандары тамызда ұша бастайды. Балапандары жәндіктермен, ересектері мән және өсімдіктің жас бұтақтарымен қаректенеді Қазақстанда тың жерді игеруге байланысты безгелдек те дуадақ сияқты 50-60 шы жылдары жоғала бастады. Сондықтан 1978 ж Қазақстанның қызыл кітабына енгізілді. Соңғы 5 жылда саны біртіндеп қайтадан қалпына келтіріліп жатыр.
Ақбас тырна –осы тұқымдастың ең кіші өкілі (салмағы 2-2,5 кг) өкілі Көптеген басқа түрлерден айырмашылығы сазды жерлерде мекендейді. Тырна дуадақ пен безгелдекке қарағанда , қазақ даласының белгісі болып есептелінеді . Қазақстандағы тың жерді игеру нәтижесінде , ақбас тырнаның саны азайып кетті. Сондықтан Қазақстанның қызыл кітабіна енгізілді. Бірақ соңғы 20 жыл ішінде саны өсіп , қалпына келуде. Олар астықты егін далалары мен тозып кеткен мал жайылымдарында ұялайды . Бұл тырна әлі Қазақстанның қызыл кітабында.Бірақ қайта қалпына келтірілген түр ретінде 1991 ші жылдан Оның жасыл түсті беттеріне шығарылған. Қазақстанда тырна наурыздан қыркүйекке дейін кездеседі, қалған уақытта Индия, Пакистан, Иранда болады.
Жекелеген жұп болып , бір-бірінен қашықтықта орналасады. Ұясы ашық жерде , кейде тастармен , өсімдік қалдықтарымен қалайды. Екі жұмыртқасын аталығы менаналығы басып шығарады. Балапандарын бірге ілестіріп жүреді , жауынан мысалы түлкіден таянбай қорғайды. Балапандарын ұшырғаннан кейін , әдетте маусымның соңында , ақбас тырналар дала көлінің маңына топталып жиналады. Ұшып кетер алдында, бұларда түлеу жүреді. Тырналардың күзгі ұшып кетуі – орасан зор көрініс. Олар топ - топ болып тырауылдап оңтүстікке қарай созылып ұшады.
Дала қарақасы – Қарақас тұқымдасындағы кішірек шалшықты.Шалшықшаларға сай емес, ерекше қысқа аяқтарына байланысты , отырған кезде жылдам жерде жатқан сияқты болып көрінеді. Бірақ ұшқанда қарлығашты еске түсіреді. Үшкір ұзын қанаттары, айыр құйрығы , қысқа жалпақ тұмсығындағы кең ауыз қуысы – осының бәрі жәндіктерді ұшып жүріп ұстауына икемделген. Қарлығаштар сияқты , қарақаста да ұзақ уақыт ауада биік қалықтап ұшады, көбіне тұтас үйір болып қалықтайды. Ұяларын жерге салады, жұптар бір-бірімен шамалы қашықтықта орналасады , 2-3 шұбар жұмыртқаларын салады, ұясын жасыру үшін ескі жылқы қиыныңи үйіндісін пайдаланады. Екеуі жұмыртқаларын кезектесіп басып шығарады, балапандарын бірге ертіп жүреді. Қазақстанда 4 ай болады (мамырдың басынан қыркүйектің ортасына дейін). Қыстау үшін Оңтүстік Африкаға ұшып кетеді. Жәндіктер мен қоректенетін пайдалы құс шегірткені өте көп жейді .Өкінішке орай соңғы жылдары дала қарақасының саны барлық жерде азайып барады. Сондықтан Халықаралық Табиғат Қорғау одағының ерекше тізіміне енгізілді.
Дала Құладыны- Далалы аймақтың өте өжет қанатты жыртқыштарының бірі “Құладындай ақ ” деп қалыптасқан сөз , осы дала құладынына қатысты айтылған . Ол - өз туыстарының ішіндегі ең ақшылы. Аналығы мен жас құстардың ересек аталықтарынан айырмашылығы – беліндегі қара бояуында ақ таңғышы болады .Ұзын құйрықты және үшкір қанатты құладындар жерге жақын тышқантәрізді кеміргіштер мен ұсақ құстарды қарап, шусыз ұшады. Дала құладыны- Қазақстанда кездесетін 5 құладының ішіндегі ең ұсағы (ұзындығы 40 см, салмағы 0,5кг).Соңғы кезде барлық жерде осы құладының саны азайып барады, сондықтан қорғауды қажет етеді. Атына қарамай, әдетте, ашық далада емес, ылғалды жерлерде- өзен алқабы немесе дала көлдерінің маңында мекендейді. Сәуірде ұшып келеді, қыстауға (Африка мен Азияның Оңтүстігіне) қыркүйек- қазанда ұшып кетеді.Аналығы жерде шөп арасында орналасқан ұясына мамырда 4-7 ақшыл жұмыртқаларын салып, өзі 30 күн ішінде басып шығарады. Аталығы осы уақытта аналығына жем тасиды, әдетте ауада өз аяғынан аналығының аяғына береді (немесе тастаған кезде аналығы тосып алады). Тәжірибесіз балапандар көбіне дала жолдарында машинаның астына түсіп өледі. Ең пайдалы ұсақ қанатты жыртқыштардың бірі.
Дала қыраны- Қазақстандағы кәдімгі қырандардың бірі. Дегенмен басқа қырандармен бірге Қызыл кітапқа енгізілген. Соңғы жылдары барлық дала аймағында осы құстың санының едәуір өскендігі байқалады. Бүркіттен шамалы кіші (қанатының құлашы 2 м, салмағы 2,5-3 кг), дала қыраны ашвқ және түрлі-түсті қауырсынданған. Бірақ бұл айырмашылықтар онша біліне бермейді, сондықтан қырандарды айыру үшін жақсы еңбек дағдысы керек . Барлық далалы және шөлейтті аймақтарды мекекндейді. Қазақстанда наурыздан қыркүйекке дейін кездеседі, суық түсе Оңтүстік Азия мен Арабияға ұшып кетеді. Дала қыранының негізгі қорегі- кіші сарышұнақ.Қырандар бір-біріне 1 км қашықтықта орналасады. Ұяларын құс шыңынан шоқысына және шоқы баурайларында, бірақ жазықтықта жерге салады. Мұндай бірнеше жыл бойы салынған ұялары қолайсыз үлкен болады, далада бірнеше км жерден көрінеді. 1-3 шұбар жұмыртқаларын салып аналығы басып шығарады, балапандарын 60 күн екеуі қоректендіреді. Ауада қалықтап жүріп қорегін қарайды. Балапандары ұядан ұшқаннан соң, бірнеше ондаған дала қырандары бір жерге жиналады. Дала қыраны дала ландшафтының әшекейі болып табылады.
Лекция №26
Тақырыбы: Далалы жерлер мен орманды дала жерлерде кездесетін сүтқоректілер.
Жоспары:
1.Түлкі. Бозсуыр. Дала шақылдағы.Үлкен сарышұнақ.
2.Орқоян.Сасық күзен. Қасқыр.Дала алақоржыны.
3.Бұлан.Елік. Су жертесері. Ақ қоян. Су тышқаны.Тоған жарқанаты.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Далалы жерлер мен орманды дала жерлерде кездесетін сүтқоректілер мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Қазақстанның солтүстік бөлігін негізінен далалы аймақ құрайды. Ол Батыста Еділ- Жайық өзендері аралығынан Алтай тауларына дейін созылып жатыр. Далалық аймақ 7 облыс жерін алып жатыр, яғни Қазақстан жерінің 26%-ң (648 мың. шаршы шақырым) құрайды.
Сүтқоректілер. Түлкі - қасқырмен бір тұқымдасқа жатады, дене мөлшері кішілеу (денесінің ұзындығы 70-77 см, салмағы 6-7 кг) және құйрығы ұзын (55см-ге дейін) үлпілдек, ұшы ақ , аяқтары қысқарақ болып келген. Түлкінің терісінің бояуы- ашық сары түстен сұр- қызыл қогшқыл түске дейін өзгереді. Үлкен құлақтарының сырт жағы қара не қоңыр қошқыл түсті. Түлкі Қазақстанда барлық жерде таралған. Жұптасып тіршілік етеді, қүйлеу уақыты- қаңтар- ақпан айлары. 50-60 күннен кейін аналығы арнайы апанда 15-ке дейін (көбіне 4-5) жәутігін дүниеге әкеледі. Бұлар ұсақ кеміргіштермен , көбіне тышқандармен қоректенеді, сонымен қатар жерде ұялайтын құстардың ұяларын бұзады, майда құстарды ұстайды (бірқазандармен тырналарға әлі жетпейді). Қоңыр күзбен қыста жануарлар қорегі аз болғанда, әртүрлі жеміспен шырынды өсімдіктерді жейді. Мысалы, қант қызылшасының қалған түбіртегін кеміреді. Осал жері- аяғының қысқа болуы. Сондықтан қыста, қар қалың болғанда, омбылап тез шаршап қалады. Қазақтың қыстағы құс салып, мылтықсыз аң аулауы осыған байлшанысты- жақсы атпен қамшы болса, қар қалың түскенде, бірнеше түлкіні соғып алуға болады. Түлкі- терісі бағалы аң. Қазақтың атақты бас киімі «тымақ» түлкі терісінен жасалады. 50-60 жыл бұрын Қазақстанда жылына 100 мың түлкі терісі дайындалатын, ал 1985 жылы 2 мыңнан аспады.
Бозсуыр. Бозсуыр немесе дала суыры- Қазақстандағы суыр туысының 4 түрінің бірі. Бұл- Қазақстанның солтүстігіндегі ақ селеулі, кейде алуан шөптпесінді далаларын мекендейтін ірі кеміргіш (денесінің ұзындығы 60см, салмағы 8 кг) қалған 3 түрі таулы жерлерді мекендейді. Терең, тармақталған ұяда топтанып қоныстанады. Қауіп төнген жағдайда ересегінің айқайымен түгел лезде інге кіреді. Шөппен қоректенеді. Аналығы 35-40 күн буаздықтан кейін, 4-6 ұрпағын дүниеге әкеледі. Суырлар 20 жылға дейін өмір сүреді, бірақ мұндай жасқа бірлі- жарымы ғана жетеді. Бұлардың жауы- қасқыр, түлкі және бүркіт.
Дала шақылдағы- Қазақстанда кездесетін 5 түрдің ішіндегі ең ұсағы (денесінің ұзындығы 15см , салмағы 100гр). Далалы және орманды далалы аймақтарда бұталы тоғайлардың ішінде жасырын тіршілік етеді. Құс даусына ұқсайтын жіңішке ысқырығын жиі естігенмен, өзін көру мүмкін емес. Шөппен қоректенеді, қысқы қорын шөмеле (4-5кг) жиналады. Сондықтан бұларды пішен салғыштар деп те атайды. Жылына екі рет, көкек пен тамыз айлары аралығында, аналығы 3-13 ұрпағын береді. Олар келер жылдың көктемінде көбейеді. Оның жаулары- аққалақ пен ақкістен, қарсақ, тулкі.
Үлкен сарышұнақ-Қазақстанда 6 түрдің бірі. Сарышұнақтың орысша аты тіпті ағылшын тілінде де “Суслик” деп аталады. Сарышұнақтың салмағы 100-150гр кеміргіш, шөп пен тамырдан басқа астық тұқымдастармен қоректенеді. Інде тіршілік етеді. Жылына бір рет 6-дан 14-ке дейін ұрпақ береді. 6-дан 9 айға дейін қысқы ұйқыда болады. Сарышұнақтың жауы кез-келген жыртқыштар. Қазақстанда жылында 2 млн-ға жуық сарышұнақтың терісі дайындалады.
Орқоян- қоянтәрізділер отрядының өкілі, бұл отрядқа қояннан басқа, шақылдақтар жатады. Қоянның Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Орқоян- осылардың ішіндегі ең үлкені (денесінің ұзындығы 50-70см, салмағ 4-6кг). Басқа қояндар сияқты мұны да артқы аяқтары алдыңғысынан ұзын келеді. Жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді. Жазда терісінің түсі сұр, ал қыста қатты ағарады. 12 жылдай өмір сүреді. Аналығы жылына екі рет, 44-46 күн буаздықтан кейін, 6 көжектен дүниеге әкеледі. Негізгі жауларына-қасқырмен түлкі, кейде дала қыраны мен бүркіт те кіреді. Қазақстанда аңшылар жылына 3000-дай қоян аулайды.
Сасық күзен-сусарлар тұқымдасының кішілеу жыртқыш. (денесінің ұзындығы 53см, ал салмағы 2кг). Күзеннің ұзын, иілгіш денесі құйрығынан 2 есе ұзын. Қоңырқай жұмсақ, үлпілдек терісі әдемі, ол аң терісі кәсібінде жоғары бағаланады. Жылына бір рет көбейеді. Ақпан айларында шағылысып, мамырда аналығы 4-тен 20-ға дейін ұрпағын береді. Құс фермасы үшін- қауіпті зиянкес. Қазақстанда жылына күзеннің 1000 терісін дайындайды.
Қасқыр – аты барлық адамға бала кезінен таныс. Қасқыр күшті, батыр, ержүрек жыртқыш, ақылы мен айласы түлкіден асып түседі.Үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын, сымбатты да күшті жыртқыш ірі овчаркаға ұқсайды.Денесінің ұзындығы 100 –130 см,салмағы 20 –35 кг терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады. Қасқырлар 15 –16 жыл өмір сүреді.Қоректері: қоян, бұлан, ірі қара малдарға шабуыл жасайды. Жазда жұп болып өмір сүреді.Аналығы екі ай буазданып, 14-ке жуық бөлтірікті әкеледі. Қазақстанда 30 мыңнан астам қасқыр бар, жылына 12 –13 мың қасқыр терісі дайындалады.
Дала алақоржыны – ұсақ тышқан тәрізді кеміргіш, денесінің ұзындығы 12 см, құйрығы 2см, денесінің салмағы 30-40 гр.Бірнеше жұп болып шоғырланып, топтанып 4-10 інде тіршілік ететін жануарлар. Көк шөп немесе дәнмен қоректенеді.Зиянкестігі жоқ.Жылына бір аналығы 5 рет көбейеді, яғни 30-40 ұрпағы болады.
Орманды дала жерлерде кездесетін сүтқоректілер
Бұлан – Қазақстандағы бұғылар тұқымдасына жататын ең ірі сүтқоректі, тұяқты жануар.Шоқтығының (мүйіз) биіктігі 2 метрге жетеді, салмағы 600 кг-дай.Қазақстанда Жайық өзені аңғарындағы ормандарда, Солтүстік облыстардың ормандарында және Шығыста Ертіс бойы мен Алтайда кездеседі.Наурызымдағы қарағай ормандары мен шоқ ормандарда кездеседі. Аталықтарында үлкен күрек тәрізді мүйіздері болады. Аналықтарында мүйіз болмайды. Жазда шөппен, қыста бұтақ ағаш қабықтары және бұталармен қоректенеді. Күйлеу уақыты қырқүйек – қазан. 225 –130 күн буаздықтан кейін, мамыр маусымда аналығы 1-2 төлін дүниеге әкеледі. Аң кәсібінің нысаны болып табылады.
Елік – Қазақстанның Солтүстігіндегі орманды аймақтардан Оңтүстігіндегі таулы ормандарға дейін кең таралған, шағын әсем бұғы. Елік - орманды далаға тән жануар.Аталығының ең жоғарғы салмағы 37 кг, аналығы кішілеу болады. Аталығының мүйізі кішілеу, бірақ өте әдемі, үш өсіндісі бар. Жүні қоңыр сүр түсті, артқы жағында ерекше ақ дағы болады, оны “айнасы” деп атайды. Шөппен, ағаштың бүршік бұтақтарымен және бұталарымен қоректенеді. Күйлеу уақыты – шілде қыркүйек.
2 –3 төлдерден туады. 12 жыл өмір сүреді. Аң аулаудың маңызды нысаны.Қазақстанда 18 –20 мың елік бар.
Ақ қоян – ор қоянға өте ұқсас, денесі шамалы кішілеу (салмағы 3-4 кг) олар көбіне бірге мекендейді.Ақ қоянның ерекшеліктері: құлағының сырт жағында ақ жолағы бар. Құйрығы қысқа, әрі дөңгелек.Қыста терісінің бояуы ағарады, сондықтан ақ қоян деп аталады.”Ақ қоян” тоғайлар мен өзен, көлдердің жағалауларындағы қамыстарда тіршілік етеді. Негізгі жаулары қасқыр түлкі. Басқа қояндар сияқты аң аулау нысаны болып табылады.
Тоған жарқанаты – тегіс тұмсықтыжарқанаттар тұқымдасының орташа денелі өкілі.(денесінің ұзындығы 5-7 см, салмағы 15-22 г).Орманды даланы мекендейді, одан өзен аңғарлары арқылы далаға, тіпті шөлді аймаққа өтеді. Суқой масы жоқ жерлерден қашқақтайды. Бұл түнгі жануар үшін күндізгі баспана-тұрғын үй шатырлары, т.б. Қараңғы түсісімен жақын маңдағы су қоймаларында жемтігін аулауға ұшады, су бетіндегі ірі түнгі көбелектерді ұстайды. Бірнеше оңдағаннан мыңдаған жарқанаттар бірге тіршілік ететін топтағы әрбір аналық маусымда бір ұрпағын дүниеге әкеледі. Осы пайдалы, түнгі жануарлар – көбіне ешқандай себебсіз қыратын адамдардан қорғауды қажет етеді.
Лекция №27
Тақырыбы: Шөл мен Шөлейтті жерлерде кездесетін сүтқоректілер.
Жоспары:
1.Ақбөкен, Ала жертесер.
2.Қарақұйрық., Шиебөрі.
3.Қосаяқтар.
4.Үстірт арқары.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Шөл мен Шөлейтті жерлерде кездесетін сүтқоректілер мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Қазақстан жерінің жартысына көбін, яғни 58% алып жатқан, үлкен құрғақшылық аймақ әртүрлі ландшафты шөл мен шөлейттер. Шөл аймағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 500-700 км-ге, ал батысында Каспий теңізі жағалауынан шығыстағы Тарбағатай таулары мен Зайсан шыңқырына дейін 2800 км созылып жатыр. Оның көлемі 1,1 миллион шаршы шақырымды құрайды. Шөл аймағының солтүстік шекарасы 470 және 480 белдеулер аралығында. Ауа райы шұғыл континентальды әрі құрғақ. Жазы ыстық әрі өте құрғақ: жылына не бары 80-200 мм ылғал түседі.
Ақбөкен – көптеген Қазақстан табиғатының белгісі болып табылады. Сүтқоректілердің жұп тұяқтылар отряды, қуыс мүйізділер тұқымдасының өкілі (денесінің ұзындығы 150 см, шоқтығының биіктігі 80 см, салмағы 50 кг-ға дейін), шөл мен шөлейт ландшафтысының әдеттегі өкілі. Жүздеген жыл бұрын Қазақстан жерінен Қара теңізге дейінгі қуаң далаларды мекендеген. 60-70-ші жылдар ақбөкеннің саны кенеттен өсіп, бір миллионға жеткен, дегенмен ХХ ғасырдың басында оның саны мен мекен ететін жері күрт азайып, Каспий маңы мен Қазақстанның қуаң аймақтарында (100 мыңнан аз) сақталған. Төлдеу орны – Орталық Қазақстанда, ақбөкендер қыстау үшін Бетпақдала шөлінен Арысқұм, Қарақұм, үстірт және Еділ-Жайық өзен-аралық оңтүстік аймақтарына кетеді. Үйір болып тіршілік етеді, әр аталықта бірнеше аналық болады. 10-12 жыл өмір сүреді, аталығы бір жарым, ал аналығы жарты жылда жыныстық жағынан жетіледі. Аналығы бес айлық бұзаудықтан кейін 1-2 (сирек 3) төлін дүниеге әкеледі, шөлдің қатаң жағдайынан біреуі ғана тірі қалады. Ақбөкен үшін жұт өте қауіпті – қалың қар мен көк мұздың әсерінен қорексіз қалады. Көптеген аталықтар күздегі күйлеуден кейін әлсірейді, көпшілігі жыртқыштарға жем болады. Ақбөкен үшін қауіпті жау – қасқыр, оның саны Қазақстан шөлінде әлсін-әлсін өсіп отырады. Дегенмен, ақбөкен санының күрт төмендеуіне адамның әсері өте көп. Тибет медицинасында бағаланатын мүйізі үшін, еті үшін ешқандай шараға қарамай қырып жіберді. Браконьерлер бір аулағанда 50-70 бөкенді алады. Қызылорда облысынан 200-250 ақбөкен тиеген жүк машинасын, аэропортта тонналаған ақбөкен мүйізі кеден қызметкерлері ұстаған жағдайлар белгілі. Қазақстан фаунасындағы бұл керемет аңды тек шұғыл шаралардың ғана құтқаруы мүмкін.
Қарақұйрық – сымбатты жіңішке аяқтары бар, әсем жұп тұяқты жануар (денесінің ұзындығы 1 м, шоқтығының биіктігі 60-75 см). Аталығының басында ұзындығы 40 см жіңішке мүйізі болады, аналығы мүйізсіз. Шөл өміріне жақсы бейімделген және ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре береді, бірақ түйемен салыстыруға болмайды. Көктемде және жаздың бірінші жартысында аздаған топ болып жүреді, күзге жақын, қыста үлкен үйір бірнеше жүздеген бас болып жиналады. 5-6 ай буаздықтан кейін, әдетте мамырдың басында, аналығы 1-2 төлін дүниеге әкеледі. Төлі алғашқы күндері суық пен бөтен көзден бұталардың ығы мен ой-шұңқырларға тығылады. Қарақұйрықтың жаулары – қасқыр, түлкі, төлдерін кейде қыран, бүркіттер алады, дегенмен ең үлкен қауіп – мылтықты адам. Әсіресе түнде машина жарығымен қарақұйрықты аулау, кең таралған браконьерлік аң аулау әдісі, жарыққа көздері шағылысқан жануарлар дәрменсіз болып, бір орнында тұрып қалады. Осылай қарақұйрықтың саны күрт азайып, ұлттық қана емес, Халықаралық Қызыл кітапқа да енгізілді. Соңғы жылдары Қазақстанда бұл жануарлар саны жайлап өсіп келеді.
Қосаяқтар – қосаяқтылар тұқымдасына жататын онша ірі емес кеміргіштер тобықосаяқтылар тұқымдасына жататын онша ірі емес кеміргіштер тобы. Бұлардың қысқа денесінде үлкен басы, үлкен құлағы және үлкен шығыңқы көздері болады. Артқы аяқтары алдыңғы аяғынан 3-4 есе ұзын, ірі қосаяқтар 3 метрге дейін секіреді, жүгіру жылдамдығы – 10 м/секунд, ұзын құйрығының ұшы ақ шашақпен бітеді, оны мамандар “жалау” деп атайды. Біздегі қосаяқтылардың денесінің ұзындығы 26 см, құйрығы 30 см. Қосаяқтардың бәрі - түн жануарлары, адам көзіне тек автомобиль жарығынан түседі, жарықтан біраз уақыт шыға алмай тұрады да, жол шетіне секіріп шыққаннан кейін, кілт бұрылып, қараңғыға сіңіп жоқ болады. Күндіз індерінде болады, інді өздері қазады, қысқы ұйқыны да осында өткізеді, ұрпағында осы жерде шығарады. Жылына екі рет 2-8 ұрпақтарын береді. Өсімдіктер және жәндіктермен қоректенеді. Өздері түнгі қанатты және төрт аяқты жыртқыштар үшін маңызды қорек болып табылады.
Қосаяқтардың 30 түрі бар, мұның үш тұқымдасқа жататын (ергежейлі, тікқұлақ және үшсаусақты қосаяқтар) 14 түрі Қазақстанның шөл және далалы жерлерінде тіршілік етеді. Ергежейлі қосаяқтарға (денесінің ұзындығы небары 4-5 см, салмағы 14-16 г) жататын бессаусақты ергежейлі қосаяқ Солтүстік Балқаш маңы тастақты шөлінде және жақын түрі үшсаусақты ергежейлі қосаяқ Арал маңы, Балқаш маңы құмдарында және Зайсан шұңқырында мекендейді. Сонымен қатар өсіп келе жатқан шағылдарда, басқа типтегі құмдарда тарақбалақ, жүнбалақ, Лихтенштейн (немесе шөл) қосаяқтары мекен етеді. Кең таралған тақылдағыш қосаяқта құмда тіршілік етеді. Ірі қосаяқтар (денесінің ұзындығы 19-22 см, салмағы 440 г), керісінше, сазды-шағылтасты , сортаңды, тіпті тақыр шөлдерді де мекендейді. Бұлар – үлкен және кіші қосаяқтар, Северцов қосаяғы, секіргіш қосаяқ, тақылдағыш және екі жуан құйрықтылар – майқұйрық пен Житков қосаяқтары.
Үстірт арқары – дене пішіні орташа, ұзын аяқты жабайы қой (аталығының денесінің ұзындығы 160см, аналығы 140 см, аталығының салмағы 70, аналығы 40 кг). Ол үстірттің ойпатқа бағытталған жыраларында - Қарынжарық құмы мен Кендірлісор шөлді жазықтығында, сонымен қатар, Маңқыстау түбегінің ойпаты мен түбегінде мекендейді. Аталықтарының қыста басына дейін жететін, мойны мен кеудедегі ұзын (30см), қалың жүндері жақсы жетілген, оны “жағасы ” деп атайды. Жоғарғы жағы ақ түсті, ал төменгі жағы қара түске боялған. Басын еңкейткенде осы “жағасы” жерге тиеді. Кәрі аталықтарының мүйізі толық бұрама құрайды, ал аналықтарында - кішілеу доғалтәрізді мүйіз. Үстірт арқары - өте елгезек, ол тік жардан тез түсіп, тез шығады, биік жерден төменге оңай секіреді, жоғары 1 м биіктікке секіре алады. Мардымсыз шөл өсімдіктерімен қоректенеді, ащы және тұщы суларды ішеді. Таңертең және кешке белсенді. Қазаннан желтоқсанға дейін күйлейді, осы кезде аталықтары мен аналықтары аралас үйір құрайды. Қозылары, әдетте, сәуірде туылады, аналықтары оларды қазанға дейін сүтімен қоректендіреді. Жылдың көп маусымында үйір болып жүреді, басшысы жауынан қорғайды. Негізгі жаулары – қасқырлар және браконьерлер. Қазақстандағы сирек кездесетін бұл түрді қорғау үшін үстірт қорығы және екі зоологиялық қорықша құрылды, ал үстірт арқары Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді.
Шиебөрі – дене пішіні кішілеу (ұзындығы 80-90 см, салмағы 9-12 кг) қасқыр туысы, құйрығы қысқа, денесінің ұзындығының 1/3 бөлігіне зорға жетеді. Орта Азияны түгел мекендейтін – Қазақстанның оңтүстік түрі, тек Сырдария өзенінің алабы мен Арал теңізі жағалауларында кездеседі. Бірақ соңғы 30 жылда ол Тянь –Шань таулары мен шөл өзендерінің тоғайларынан Бетпақдала мен Оңтүстік Балқаш маңы шөлдеріне қоныстана бастады. Тоғайлы ормандар мен ну қамыс ішінде тіршілік етеді. Ақпан-наурызда күйлейді, ал сәуір-мамырда 4-7 күшігін дүниеге әкеледі. Негізінен түнде белсенді. Қырғауыл, үйрек, ондатр, құм қояндарын ұстап, оларға біршама зиян келтіреді.
Шұбар күзен – сусарлар тұқымдасының орташа пішінді жыртқышы (денесінің ұзындығы 35-38 см, салмағы 650-680 г). Сырт пішіні күзенге ұқсас, бірақ арқасы алабажақ: құрсағы қара түсті, басының ортасынан көлденең үлкен ақ жолақ өтеді. Күзенге тағы бір ұқсастығы – арқасын доға тәрізді иіп, секіріп қозғалуы. Қорыққанда немесе ызаланғанда, өзіне тән қимылымен шашақталған құйрығын арқасына тастап, басын көтеріп, тісін сірестіріп, ит сияқты ырылдаған дыбыс шығарады. Каспийден Ертіске дейін шөлді жерлерді мекендейді, бірақ барлық жерде сирек, сол үшін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бұл сарышұнақтар, құмтышқандар, жерде ұялайтын құстармен қоректенеді. 15 жыл өмір сүреді. Інде ұялайды. Маусым-шылдеде күйлейді, 5 айдан кейін ішінде 3-8 ұрпағы пайда болады.
Құлақты кірпі – кәдімгі кірпінің көшірмесі, тек дене пішіні кішілеу (ұзындығы 20см, салмағы 600г). Қазақстанда биік таулардан басқа жердің бәрінде кездеседі. Ну бұталар арасы мен бөтен ұяларды паналайды. Ымырт пен түнде белсенді. Жәндіктер, құрттар, бақалар, кеміргіштер, жыландармен (олардың уынан инелері қорғайды) қоректенеді. Қыста ұйқыға кетеді. Жылына бір рет 3-6 ұрпақтарын береді, бұлар келер жылы ғана ересек кірпіге айналады (6 жыл өмір сүреді).
Қара кірпі – Қазақстанда тек Маңқыстау түбегі мен үстірттің батыс шоқысын бойлай мекендейді. Бұл сирек кездесетін жануар 1995 жылы Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді. Денесінің ұзындығы 20-25 см, салмағы 550-750 г. Құлақты кірпіден айырмашылығы денесі ірілеу, инелері ұзын (40 мм) және басынан маңдайынан шүйдесіне дейін созылған жіңішке сына тәрізді инесіз бос жері болады. Бұл кірпінің қара және ақшыл түрлері болады: ақшыл түсті кірпінің инелері ғана емес, денесінің екі шетіндегі түктері де ақ болады (қара түсті кірпінің бояуы керісінше). Түнде белсенді, күндіз інінде болады, іні 1 метір тереңдікте және бірнеше шығу тесігі болады. Әдетте, кірпі шығу тесігіне жақын жатады, сондықтан сырттан көрініп тұрады. Мамыр – маусымда 3 – 4 ұрпақтарын береді, олар тез өседі (бақылаудағы кішкентай кірпілердің 18 тәулікте салмағы 11 есе өсті). Негізінен жәндіктермен (қоңыз, шегіртке) қоректенеді, күніне 110 жәндік, сирек бауырмен жорғалаушылар және кеміргіштердіде жейді. Негізінен жаулары түлкі, қарсақ, сасық күзен, қыран, үкі, қарғалар.
Шағыл мысығы – кішірек жабайы мысық (денесінің ұзындығы 40 – 50см,, құйрығы 20 – 30см, салмағы 1,5 – 3кг). Қызылқұм шөлі мен Каспий теңізі маңында үйілген құм төбелерді мекендейді. Жемтігін түнде, суық кезде түнде аулайды. Ақпан – наурызда күйлейді. Сәуірдің аяғы мен мамырда 8 марқауға дейін туылады, жыл аяғында олардың салмағы үлкен мысықтың салмағымен бірдей болады. Тышқан тәрізді кеміргіштер мен ұсақ құстар, сирек бауырымен жорғалаушылар және жәндіктер мен қоректенеді. Негізгі жемтігі - құмтышқандар. Мысықтың санының артуымен таралуы құмтышқанның көп болуына тығыз байланысты. Шағыл мысығы сирек кездесетін түр ретіндн Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1978, 1991, 1995).
Қарсақ - түлкіге өте ұқсас, бірақ едәуір кіші (денесінің ұзындығы 45 – 60 см, құйрығы 35 см, сашлмағы 1,7-3,2 кг). Қазақстанның шөл- және шөлейіттерінде кең таралған. Өмірлерінде бір рет қана жұп құрып, сөйтіп қалған өмірінде бірге болады. Сарышұнақ, суырлардың індерін пайдаланады, өзі інді сирек қазады. Кеміргіштер мен құстарды аулайды. Ымыртта белсенеді. Қаңтар – ақпанда күйлейді, наурыз – сәуірде аналығы 16 – ға дейін, көбіне 3 – 6 жәутігін туады. 5 – 6 жыл өмір сүреді. Терісі – жұмсақ және үлпілдеген, бірақ аса бағаланбайды. Қазақстандажылына 15 мың қарсақ терісі дайындалады.
Құмқоян – Қазақстанда мекендейтін үш қояанның ішіндегі ең кішкентайы (денесінің ұзындығы 50 см, салмағы 2,5 кг). Қазақстанның оңтүстік бөлігінде биік тау ббелдеулеріне дейін көтеріледі, дегенмен шөл және шөлейтті аймақтарда кең таралған түр. Ін қазбайды, күндіз демалысы үшін таяз сайларды пайдаланылады. Жатқанда жүні ұйпаланбай және бөтен дыбыстарды есту үшін басын желнге қаратып жатады., жел бағыты ауысқан сайын, бұл да бағытын ауыстырып отырады. Басқа қояндар сияқты жылына 4 рет көбейеді, бір көбейгенде 3-7 көжек туады. Аналығы алғашқы кезде көжектерінің қастарынан ешқайда кетпей, қамқор болады. Құмқоян – қасқыр, түлкі, дала мысығы және ірі қанатты жыртқыштар – бүркіт, кезқұйрық, тілеміш, тіпті шөл қарғасының да негізгі қорегі болып табылады. Үкі қояндарға көп зяиян келтіреді. Аң аулау кәсібінің нысаны болып табылады. Қазақстанда жылына 85 мың құм қоян терісін даярлайтын болған.
Қабылан - мысық тұқымдасындағы әдемі, ірі жыртқыштардың бірі (денесінің ұзындығы 120 – 130 см, құйрығы 60 – 70 см, салмағы 40 – 50 кг). Бұл ұзын сирақты мысық – ең жылдам жер исүтқоректісі. Қысқа қашықтықта жемтігіне түскенде, 115 км\сағ жылдамдықпен кең адыммен секіріп, шоқырақтап жөгіреді. Қабылан Қазақстанда Маңқыстау түбегіндегі шөлді жерлерді мекендейді. Негізгі жемтігі – үстірт арқары, қарақұйрық. Соңғы 25 жылда бұл аң Каспий маңынан кездеспейтін болды. Қабылан қазір Қазақстан Қызыл кітабының бірінші дәрежелі тізімінде («жоғалып кетуге жақын» топ), мұның мдұрыстығын тексеру үшін, арнайы ғылыми зерттеулер керек, әйтпесе оның орны жоғалып кеткен түрлердің қара тізімінде болады. Соңғы жағдайда Қазақстан фаунасында бұл аңды әйтседе, зоопарктегі басқа түршелерден қайтадан қалпына келтіру мәселесін шешу керек.
Құмтышқандар - дене пішіні орташа (денесінің ұзындығы 11 –20 см, салмағы 20-200 г дейін), мамандар жеке тұқымдас тармағына бөлген. Барлық құмтышқандарға тән белгі: сүйір тұмсық, үлкен көз және ұшында шашағы бар ұзын құйрығы; жоны сарғыш не қарасұр болады. Қазақстанда 4 түрі (үлкен, қызыл- құйрық, кіші, жыңғыл құмтышқандары) бар. Бірі шөл және шөлейтті жерлерде таралған, топ болып, шоғыр құрып бірнеше шығу тесігі бар курделі індер салады. Кей жерлерде құмтышқан ұясының шығу тесігінің көптігінен жаяу не машинаның жүруіне өте қауіпті. Адам үшін өте үлкен қауіп құмтышқан топтарында бүргелердің көп болуы, олар оба, лейшманиоз және қайталама сүзек ауруын таратушылар болып табылады. Құмтышқан - көптеген мамандардың, зоолоктар эпидемиолоктар жұмысының негізгі нысаны. Бірнеше ондаған жылдар бойы Қазақ обаға қарсы ғылыми зерттеу институты және арнайв обаға қарсы стансалар мен бөлімдер осы қауіпті аңның санының өсуін реттеп келеді.
Қарақұлақ - едәуір ірі мысық (денесінің ұзындығы 70 – 80 см, құйрығы 20 – 32 см,
салмағы 8 – 12 кг), сілеусіннен шамалы кіші. Сыртқы түсіне, яғни құлағындағы шашағы қысқа құйрығы және ұзын аяқтарына, қысқалау тұлғасына қарап, бимарал «шөл сілеусіні» деп атауға болады. Терісі ақшыл, сарғыш, тек құлағының артқы жағы мен шашағы қара түсті. Шығыс Каспий маңы шөлді аймақтары – Маңқыстау, Бозашы, үстірттің батыс жағында мекендейді. Солтүстік Қызылқұмда сирек кездеседі. Түнде тіршілік етеді. Қыста жиі күндіз белсенді. Күшті және епті жыртқыш. Ертеде шығыс халқының кейбірі оны аулағыш аң ретінде пайдаланған (тіпті қарақұйрықтарды ұстаған). Кейде қозы мен қозыларға шабуыл жасайды. Бөтен індер мен ну тоғайларды қоныстайды. Сәуір – мамырда 2-4 марқаулары туылады, күзде ересектерімен бірдей болады. Сирек кездесетін түр ретінде Қазақстан Қызыл кітабына енгізген.
Ала жертесер – алуан түрге боялған кішірек денесінің ұзындығы 6-7 см,салмағы 9-10г тышқанды еске түсіредібірақ кеміргіш емсе,жертесерлерге жақын,жәндікпен қоректенетін жануар. Денесінің жоғарғы жағы қара, ортасында үлкен сопақша ақ дағы бар, ал төменгі жағы ақ түсті.Терісінің түгі қалың,жұмсақ және барқыт тәрізді. Барлық жертеселер сияқты, басы үлкен ,тұмсығы сүйір болып келеді.Орта Азия мен Қазақстан –эндемигі. 1995 жылға дейін Қазақстан Қызыл кітабына 1978 жылы енгізілген болатын. Ала жертесер құмды далада мекендейді. Қоректері жәндіктер мен ұсақ кемірушілер. Басқа ұсақ жертесерлер сияқты өте қомағай: күніне өз салмағынан 1,5 есе артық жем жейді.Ымырт және түнде белсенді, күндіз ұясында отырады.Баяу жүгіреді, сондықтан жиі түнгі жыртқыштардың жемтігіне айналады.Сәуірден тамызға дейін бірнеше рет 5 ұрпақтан береді.
Құлан – ат пен есектің жабайы туысы, Еліміздегі тақтұяқты сүтқоректілер отрядының жалғыз өкілі . Бұл- мықты , кішілеу келген ат (денесінің ұзындығы 2 м, шоқтығының биіктігі 125 см), ашық сарғыш сұр түсті, жотасын бойлай қара жолағы , үлкен басында ұзын құлақтары және қысқа тіке тұратынн жалы бар . Құлан осыдан 100 жыл бұрын Қазақстан мен Орта Азияның Барлық шөл- шөлейтті жерлерінде , Каспиден Ертіске дейін мекендеген және де ең үлкен территорияны Қазақстан құланы алып жатқан . 50 –ші жылдарға дейін бұл жануар Қазақстанда болмаған. Тек 1953 ж Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына Оңтүстік Түркімениядан құланның басқа түрінің бірнешеуі әкелінген . 1982 ж аралдан көбейген құландарды басқа жерлерге; алғашқыда Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауына , одан кейін Бетпақдала шөліне және Маңғыстау облысындағы Бозашы түбегіне әкеліп жіберілді. Қазір осы жерлерде бірнеше жүздеген құландар мекендейді . Олар кішілеу үйір болып (50 басқа дейін) жүреді, үйірді айыр басқарады . Мамыр –маусымда күйлейді , 11 айлық буаздықтан кейін сәуірде бір төлі – қодық туылады . Құлан Қазақстан және Халықаралық Қызыл кітаптарға енгізілген.
Лекция №28
Тақырыбы: Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын аңдары.
Жоспары:
1.Сусар. Бұлғын.
2.Құндыз. Ақкіс.
3.Дала күзені. Аққалақ.
4.Борсық. Құну.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын аңдары мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Табиғаттың аса маңызды байлығының бірі- жануарлар дүниесі. Ол өнеркәсіптік, техникалық, дәрі – дәрмектік шикізат, тағамдық өнімдері және адам қажетін қанағаттандыратын басқа да материалдық байлықтар алу үшін пайдаланылатын табиғи ресурс болып табылады. Жануарлар дүниесінің ғылыми, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттар үшін маңызы зор.
Қазақстан жерінде құнды тері, дәмді ет, дәрі – дәрмектік шикізат беретін жабайы аңдар мен құстардың алуан түрлері тіршілік етеді. Мұнда біздің елімізде кездесетін 1244 түрлі омыртқалы жануарлардың (балықтардан басқа) жартысына жуығы тараған.Бұларға сүт қоректілердің 158 түрі, құстардың 485 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 52 түрі және қос мекенділердің 12 түрі жатады.Жер бетінде тараған омыртқалы жануарлардың арасында халық шаруашылығына аса маңыздыларының біріне терісі бағалы аңдар мен кәсіптік тұрғыдан ауланатын жабайы тұяқты жануарлар жатады.
Қазіргі кезде Қазақстан бойвнша жыл сайын 700 – 800 мың сомның бағалы жабайы аң терісі дайындалады. Өлкемізде таралған барлық сүтқоректілердің ішінде 50 – ге жуық түрі әр түрлі маусымда терісі үшін ауланатын аңдардың қатарына жатады.Негізгі ауланатын хайкандарға ондатр, ақтиын, суыр, зорман, кәдімгі саршұнақ , қызыл түлкі, қарсақ, қасқыр, қоян (3 түрі). Күзен (2-3 түрі) сияқты аңдар жатады.Сирек кездесетін, бірақ терісі аса бағалы бұлғын, құндыз, сілеусін, қара және сары күзен сияқты аңдарда бар.Сонымен қатар ауыл шаруашылығына зиянды су тышқаны, бұзаубас, ұшар, аламан сеікілді ұсақ кеміргіштер де ауланады.
Сусарлар. Дүние жүзіне сусар тұқымдасының өкілдері ең құнды терісі арқылы белгілі. Сусар тұқымдасына жататын аңдардың 19 түрі кездесетін болса, соның 15 түрі Қазақстанда тараған. Бұлардың ішінде бағалы терісі үщін ауланытандарына бұлғын, дала күзені, орман күзені, су күзені, сары күзені, сарғыш күзені, ақкіс, аққалақ, құндыз, борсық және құну жатады.Ал қалған түрлері – орман сусары, тас сусары, шұбар күзені, және орта азия құндызы өте сирек кездесетін болғандықтан Қазақстанның Қызыл кітабында жазылған.Бұл аңдарды қорғауға алуға байланысты, оларды аулауға толық тиым салынған.
Бұлғын – денесінің ұзындығы 43-53 см, салмағы 1-2 кг келетін терісі өте бағалы аң. Жүні ұзын, сәнді әрі жылтыр келеді. Аяқтарының және бауырының жүндері сәл тақырлау, ал құйрық жүндері ұзын, қалың болады. Табандары жүнді келеді. Ол жұмсақ қар үстінде оның жүгіруіне қолайлы. Қыста бұлғынның жүні әдемі, үлпілдек, жібектей жұмсақ, қылышықтары жылтылдап тұрады. Жүнінің түсі ашық қоңыр, сарғыштау келеді. Кейде қара қоңыры да кездеседі. Қылшық жүнінің астындағы түбірі ашық күлгін түсті болады. Тырнақтары қысқа және өткір.Осы тырнақтарымен ін де қазады, ағашқа да өрмелеп шығады. Бұлғын – икемді, өте шапшаң қозғалатын аң.
Ол Манғолияның солтүстігінде, Қытайда Жапонияда, Кореяда тараған. Совет одағында бұл аң негізінен Оралда, Батыс және Шығыс Сібірде , Қиыр Шығыста, Алтай өлкесінде кездесетін. Мұндағы бұлғынның мекендейтін жерлерінде 1974 – 1977 жылдары оның саны 665 – 690 мыңдай болған. Бұлғын көбінесе жер бетінде тіршілік етеді. Бұл аң Алтай тауларындағы майқарағай қылқан жапырақты орман аралас, шыршалармен балқарағайлар немесе бұталар аралас өсетін шыршалар аралас ормандарды мекендейді. Ағашқа шапшаң өрмелеп шығады, соның қуыстарына тығылып жатады, қалың бұталардың арасында да қоныстанады. Ол орман ішінде кездесетін үлкен жақпар тастардың қуыстарында да мекендейді. Кейбір жағдайларда бұлғын қорегі мол жерлерді іздеп , сол маңдағы бұталардың жартастардың, кәрі ағаштардың қуысын паналайды. Ал қайсыбірі жағдайларында жабайы жемістері бар ағаштардың арасын мекендеп, сонымен қоректеніп жүреді.
Бұлғынның тіршілік еткен жеріне қарай қорек түрлері де алуан болып келеді. Ол көбіне орман тышқанын , шақылдақты, боршаны , ақтиынды, қоянды және басқа да кеміргіштерді ұстап қоректенеді. Бұлғын жаңғақты өзі жұлып жемейді, ол көбіне боршанның, ақтиынның және ұсақ кеміргіштердің жинап қойған қорларын тауып алады да, оларды бітеулей жұтады. Бұлғын қоректерін көбіне іңір қараңғылығында бастап аулайды. Дегенмен де кейде ол азығын күндіз де іздейді. Бірақ негізгі азығы – ұсақ кеміргіштер көбіне іңірде және түнде жүретіндіктен, Бұлғын да сол мезгілде шығады.
Бұлғын бір күнде 150-170 грамм қорек жейді. Егер жемтігі тым үлкен болса, жегеннен қалғанын қардың не бұтаның астына тығып тастайды. Ал ұсақ кеміргіштнрді көп ұстаса, оларды қатарлап жинап қояды. Бұлғын ұстаған жемтігін алдымен миын, бауырын және бүйрегін, кейін қалған жерін жейді. Сондай-ақ бұл аң кішкентай торғайларды, олардың жұмыртқаларын, кездессе аққкіс және аққалақ сияқты ұсақ жыртқыш аңдарды да жейді. Бұлғын қорек іздеп күніне 15-20 километржер жүреді екен.
Көбеюі - бұлғын жылына бір рет қана балалайды. Февраль айының аяғында бұлғын күйлей бастайды. Осы кезде олар қарға аунап, еркектері бір- бірімен таласып, ұрғашыларының соңынан шұбырып жүреді. Бірақ бұл уақытта бұлардың шағылысқандары байқалмайды. Бұл процес ұзаққа созылып, “нағыз” июнь –июль айларында б асталады. Бұлғын төрт айға жуық буаз болып жүреді де март айының аяғында немесе апрель айының басында туады. Ол бірден онға деиін, көбіне 3 – 4, ал сирек 5 күшік табады. Жаңа туғанда. Жаңа туғандағы түсі ашық болады, біраз уақыт өткеннен кейін жүндері өсіп, өзгеріп шымқай қоңыр түске айналады. Ұрғашы бұлғындар күшіктерін қатты қлрғайды. Егер қауіп туа қалса, оларды басқа жаққа алы п кетеді. Күшіктеріне ұяны жұмсақ кең етіп жасайды. Ұя сына түрлі жұмсақ шөп, құстардың қауырсындарын, мүк төсеп тастайды. Олар тез өседі. Егер жаңа туған күшігінің салмағы 30- грамдай болса, төрт айдан кейін оның тұрқы үлкен бұлғынға тең келеді. Жас бұлғынның жыныс мүшесі 2-ші жылда жетіледі. Бұлғынның 20 жылдай тіршілік етеді. Жылына 2 рет, яғни көктемде және күзде түлейді.
Бұлғын кәсіптік тұрғыдан ауланатын терісі аса бағалы аң. Аңшылар бұлғынды негізінен 2- түрлі әдіспен ұстайды.Бірі – тәжірибелі аңшылар қыста лайка тәрізді иттен аң ізіне түссе, 2-сі әр түрлі жемді пайдалану арқылы жыртқыштың жүретін жолына , ұясының аузына қақпан құру.
Құндыз – кәсіптік тұрғыдан ауланатын терісі өте құнды аң. Дене тұрқы 65-70, құйрығы 41-44 см, салмағы 5-8 кг. Құндыздың арқасы мен құйрығының түсі жылтыраған қара қоңыр. Бауыры ақшыл, төсі қоңырқай келеді. Қазақстанның орманды - таулы аймақтарында ққұндыздың екі түр тармағы: кәдімгі құндыз және орта азия құндызы кездеседі.Бұл құндыздардың тек бірінші түрін ғана аулауға рұқсат етіледі.. Ал екінші түрі қазіргі кезде біздің өлкеде өте сирек кездесетін болғандықтан , Қазақстанның Қызыл кітабында жазылған. Сондықтанда орта азия құндызын аулауға болмайды. Құндыздың бұл түрін Ауғанстанда, Шығыс Иранда, Тәжікстанда, Қырғыстанда және Қазақстанның оңтүстігі мен Оңтүстік шығысында таралған. Туған өлкемізде орта азия құндызы Іле өзеніне ққұятын Шелек, Усек, Құндызы сияқты таулы өзендердің сағаларында таралған.Құндыз көбіне балықпен қоректенеді. Оның азығыны ңқұрамында шабақтар мен жыртқыш балықтар басым келеді.Балықтан басқа суда жүзетін құстарды, сүт қоректілерден – қоян, су тышқаны мен ұсақ кеміргіштерді ұстап жейді. Құндыз сондай батыл , күшті жыртқыш.
Ақкіс – сусар тұқымдасына жататын аң. Ұзындығы құйрығымен қосқанда 25-35 см, салмағы 180-250 гр болады. Қыста бүкіл денесі қар түсіндей ақ, құйрығының ұшы ғана қара. Жазда ол 2 түсті:арқа жағы қрңыр қызғылт, ал бауыры сарғыштау ақшыл. Бұл өте шапшаң және батыл жыртқыш. Тамаша жүзеді, ағашқа жақсы өрмелейді. ЮАқкіс Европада, Азияның оңтүстігінде және солтүстік Америкада кездеседі. СССР- де кең тараған. Қазақстанның шөлді аймақтан басқа барлық жерлерінде кездеседі. Ақкіс республикамыздың солтүстік бөлігінде және оңтүстік шығыстағы таулы өңірде өте көп таралған. Бұл аймақтарда 10 шаршы км 15020 ақкіс кездеседі.Солтүстік облыстардың территориясында ақкіс өзендер мен көлдердің жағасындағы қамыс, тал араларында сай- сала, жыраларында, қайың, көк терек өскен ормандарда мекендейді. Далалық аймақтарда ол өзен бойын , бұталы ағаш арасын қоныстанады. Тауда жабайы алма, өрік өскен бөктерде, тас- құздар қуысында және аршалы бұталар арасында тіршілі етеді.Тауда 4000 мерт биіктікке де,йін көтеріледі. Ақкістің негізгі азықтары – тоқалтістер иен су тышқандары сияқты ұсақ кеміргіштер және кішкентай құқстар. Сонымен блірге ол бақа, кесіртке, балық және насекомдармен азықтанады. Күзбен қыста оның қорегінң құрамында жеміс- жидектерде кездеседі. Әсіресе ақкістер сияқты жыртқыштар көптеген зиянды кеміргіштермен, құрт – құмырсқалармен қоректену арқылы ауыл және орман шаруашылықтарына үлкен пайда келтіреді. Тек ақкістің 1 өзі жылына 3000 жуық зиянды кеміргіштерді жоя алады. Оның қоймасынан 1 жылдың өзінде 450 кеміргіш табылған. Осы ұсақ кеміргіштердің саны аз болған жылдары ақкістердің де саны азаяды.
Ақкіс ін қазбайды.Көбінесе су тышқандары мен басқа кеміргіштердің індерін кеңейтіп, сонда тұрады.Ұясына төсеніш ретінде құрғақ щшөптерді пайдаланады. Жұптасып тіршілік етеді. Ақкіс аңшылыққа күн бата шығып, тамақ іздеп түні бойы жортады. Ақкістің аз не көп болуы оның қорегінің мөлшеріне байланысты. Ақкіс терісі бағалы аң. Қазір советодағы бойынша жылына орта есеппен 104 мың ақкістің елтірісі дайындалады.Бұл аңның терісі – шетелдерге шығарылатын товардың бірі.
Дала күзені - кәсіптік жолмен бағалы терісі үшін ауланатын аң. Ол күзеңдердің ішіндегі ірісі . дене тұрқы 29-52, құйрығы 7-18 сантиметрдей, ал салмағы 2 килограмға дейін болады. Арқасы ақшыл сары, қылшығының ұшы қара болып келеді. Бауыры ақшыл, ал құйрығы ала болады. Бұл аң республикамыздың барлық обьлыстарында да бар, бірақ саны бірдей емес. Ол негізінде Орал, Ақтөбе, Торғай, Жезқазған, Қостанай, Целиноград, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының шөлейт және далалық аймақтарында жиі кездеседі. Дала күзенннің немесе сасық күзеннің негізгі қорегі көбінесе саршұнақтар. Бұл күзен әртүрлі жерлерде мекендейді. Көбіне жазық далаларда, құмсыз шөл және шөлейт аймақтарында, таудың етегінде, өзен көлдердің жағаларында жүреді. Дала күзені де басқа күзендер секілді түнде тіршілік ететеін жыртқыш. Ол көбіне інінен түнде шығады. Оны тек жаз айларында балаларын тамақтандыратын уақытта ғ ана күндіз көруге болады. Бұл аң іні сирек кездеседі. Олар сарышұнақтардың , әсіресе зорманның және әр түрлі тышқандардың (атжалмен, қосаяқ, құмтышқан, суыр, т.б.) індерін пайдаланады. Дала күзені жылына бір рет балалайды. Ол март айының басында ұйығады,содан апрель айында балалайды. Бір туғанда 8-12, ал кейде 19-ға дейін табады. Балаларының туған кездегі салмағы 5-6 граммдай болады. Олар бір айдан кейін ғана көзін ашады.Туғаннан кейін 4-5 күннен соң-ақ аңның етімен қоректенеді және бір жарым ай шамасында сүт емеді. Екі айға толған кезде үлкендерімен бірге іннен шығып, қорек іздейді.Содан көп ұзамай-ақ жас күзендер өз бетімен тіршілік ете бастайды.Сасық күзен көктемде және күзде түлейді.Бұл күзен 12-13 Жылдай тіршілік етеді.Бұл күзен бір күннің ішінде бір сары тышқанды немесе жиырмадан астам ұсақ кеміргіштерді жейді. Жылына әр күзен кемінде 250-300 саршұнақ және ол тек бір қыста 1500-ге жуық ытшқан тәрізді ұсақ кеміршгішті азық етеді.Сондықтан да егіншілік күшті дамыған аудандарда күзенді аулауды тежеп отыру-дәнді дақылдардың зиянкес кеміргіштермен күресудің бір жолы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |