Лекция 30 сағат Практикалық (семинар) сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат



бет6/33
Дата25.12.2016
өлшемі7,26 Mb.
#5021
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Гүл тостағаншасының қалақшалары да , гүл жапырақшаларыда бес-бестен, июль-август айларында гүлдейді. Әсемдік үшін қлдан егіледі. Дәрі жасау үшін оның гүлдерін гүл тостағаншаларымен бірге жинап алады. Құрамында кілегей, илік заттар, бояулар, алтеин бар. Өсімдіктің өзін және гүлдері қақрақ түсіруге , сондай-ақ бронхтардың қабынуын емдеу үшін қолданады. Дәріні дайындау және қодану тәсілі. Айдаршөп гүлдерінің 10 грамын 100 мл суға 15 минут қайнатады да, суытып алып 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді.



АҚ-ТАУҚАЛАҚАЙ – КРАПИВА ГЛУХАЯ ИЛИ ЯСНОТКА БЕЛАЯ.




Ақ - Тауқалақай – биіктегі жарты мерірге дейін жететін , көп жылдық , шөп тектес өсімдік . Сабақтары төртқырлы , ұзын, түзу, іші қуыс, ұшжағы сүйір, жұмыртқа тәрізді , шеттері ара түсті. Оның жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, күйдіргіш қалақайдың жапрақтарына ұқсайды , бірақ олардай күйдіргіш емес. Гүлдері екі ерінді , ақ немесе ақ сары түсті . 8-9 дан топталып жапырақтарының арасындағы қуыстарға орналасқан. Гүл тостағаншасы бес қалақшадан тұрады , олар гүл жапрақшаларынан ұзындау болып келеді. Жемісі кішкене 4 жаңғақшадан тұрады. Май айынан бастап күзге дейін гүлдейді . Өзен жағаларында , бұталар арасында, далалы аймақтардағы шабындықтарда, орман ішінде, үйлердің маңайында өседі.

Дәрі жасау үшін өсімдіктің тек лудерін ғана жиып алады да , көленкеде кептіреді.

Кейде жапрағын да жинайды. Құрамында эфир майлары , флаводар, алкалойдтар, гистминдер, холин және илік, қоймалжынң заттар бар. Халық медицинасында ақ тақалақай қан толқтататын күшті дәрі ретінде қоданады. Гүлдерінің сөлін алып

пайдаланса, аса тимді болады. Әйелдердердің ақ етеккірі келген кезде ақ тауқала-

қай шөбінен жасайтын тұмбамен емдейді. Жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда гүдерінен тұмбалар өте жақсы жәрдем береді. Үш түсті шегір гүлдің шөбін , бүлдір-

геннің жапрағын, ақ тауқалақайдың гүлін теңдей алып , тұнба жасап қан азайған-

дықты, бүрек және тамақ ауруларын емдейді.

Қолдану тәсілі. Тұнбаны былай жасайды. өсімдіктің 60 грамм гүлін немесе шөбін 3 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 стаканнан 3 рет ішеді.



Алтын тамыр : Алтын тамыр-ірі әрі жуан тамырыбар. Көп жылдық ,шөптесін өсімдік. Кейбір тамырының салмағы 900грамға дейін жетеді. Тамырының сырт жағы алтын түстес сары да, ішкі жағы ақ түсті, кепкен кезде тамырының сынған жері ашық қызыл түсті болады. Тамырдың сыртқы қабығының пышақпен ептеп аршып байқасаңыз мұрныңызға аңқиған хош иіс келеді, ал сыртқы қабатын кейінгі қабықтың лимон сияқты сары түсті екендігін көреміз.Бұл- тек алтын тамырға ғана тән қасиет.

Тамырдан биіктігі 50 см-ге дейін жететін бірнеше түзу сабақтар өсіп шығады,бірақ бұтақтары болмайды, оның есесіне өте тығыз әрі кезектесіп қалың орналасқан етті,сопақша жапырақтары бар. Кейде жапырақтарының шеттерінде майда әрі сирек тістері болады. Сары түсті гүлдері өсімдіктің жоғары жағында шоғырланып тұрады.Июнь-июль айларында гүлдейді. Алтын тамыр таулардың және төбелердің тастақты



беткейлерінде, биіктегі шалғынды жерлерде, тау өзендері мен көлдерінің жағаларында
Алтын тамыр (Золотой корень)
кездеседі.Қазақстанның Жоңғар Алатауларында, Алтай жағында өседі.Алын тамырдың басқа жерлерде өсетін 10-нан астам түрінің бірде-бірінің дәрілік қасиеті жоқ. Алтын тамырдың құрамында родиолозид деген гликозид, илік заттар, флавонидтер, крахмал, органикалық қышқылдар,эфир майлары бар. Халық медицинасында бұл өсімдіктің тамырын жасалған дәрілерді адамның еңбек ету қабілетін күшейтетін, шаршағандықты басатын дәрі ретінде пайдаланылады. Оны асқазан мен нерв аураларын емдеуде де, жатырдан кеткен қанды тоқтату үшін де емдейді.Фариокологиялық зерттеулер бұл өсімдік тамырының денеге қуат беретін қасиеті толық анықатлды.Әсіресе ой еңбегімен айналысаты, шаршаған адамдардың еңбек ету қабілетін едәуір арттыратыны белгілі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет