Кіші секпілгүл (Лалагүлдер тұқымдасы)- көгалды шалғындарда, бұта шіліктеріне, орман алаңқайларына батыстан шығыс шекараға дейін Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі аласа тауларға тән тіршілік иесі. Бұл қызғалдақтарға жақын туыс, сытр кескіндері биологтялық ерекшеліктері жағынан ұқсас. Пиязшығының диаметрі 1,5 см-ге дейін ақ түсті, шар тәрізді, қызғалдақтағыдай құрғақ жабын қабығы жоқ. Сабағы биік 50 см-ге жетеді, жапырағы 3-7 кезектесе орналасқан, жіңішке таспа тәрізді. Гүлі біреу, сирек екеу, биіктігі 3 см-дей. Түсі қошқыл-күлгін болымсыз жабыңқы әр түрлі дақтары бар. Қызғалдақтан айырмашылығы гүлдері қоңырау тәрізді. Жемістері ұзынша үш қырлы қорапша, қоңырқай түсті, тегіс саны ьжағынан көп. Гүлдеу мерзімі сәуір- мамыр, жемісті маусымда береді. Тұқымның көбеюі себілген тұқымның жетілу кезеңі және тіршілік ұзақтығы қызғалдақпен бірдей. Кіші секпілгүл безендіру жұмыстары үшін, сапалы өсімдік. Қазақстанның ботаника бақтарында жүргізілген зерттеулерден табысты өтіп, алаңдарды көгалдандыруға пайдаланып жүр.
Лекция №6
Тақырыбы: Қазақстан флорасындағы дәрілік өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау жүйелері.
Жоспары:
1.Айдаршөп.
2.Ақ тауқалақай.
3.Алтын тамыр.
4.Ашық құндызшөп.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
а) негізгі:
1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.
2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.
3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.
4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.
5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.
6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.
7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.
8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.
ә) қосымша
9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.
10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.
11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.
12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.
13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.
14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.
Лекция мақсаты: Қазақстан флорасындағы дәрілік өсімдіктер ментаныстыру.
Лекция мәтіні: Айдаршөп - биіктігі 3 метрге жуық көп жылдық өсімдік. Тамыры ұзын әрі тармақ-тармақ. Сабағы түзу, сонымен бірге түк басқан. Жапырақтары жүреке ұқсайды, бес-жеті салалы, жоғарлаған сайын кішірейе береді. Гүлдері ірі, ашық қызыл, кейде қара не сары түсті болып келеді.
Айдаршөп-шток роза.
Достарыңызбен бөлісу: |