Шүйгіншөп
өсімдіктің ең жоғарғы жағында шоғырланып түрады. Гүл тәжі бес гүл жапрақшаларынан, ал гүл тостағаншасы бес имек қалақшалардан түрады. Тұқымы – бір шетінде шашағы бар, кішкене ғана сопақша жеміс. Май- август араларында гүлдейді.жемісі июль-сентябрь айларында піседі.Шүйгіншөп көбінесе шабындықтарда, көгалді жерлерде, өзендердің жағаларында, бұталардың арасында, ормандарда, батпақты жерлерде кездеседі.
Өсімдік гүлдеп біткеннен кейін оның жер үстіндегі бөлігі қурай бастайды. Міне, осы кезде оның тамырын жинау басталады. өсімдіктің тамырында эфир майлары, изовалериан қышқылы, алколоидтар бар. Эфир майлары нерв жүйесін тыныштандырады, ұйқыны қалпына келтіреді, бронх демікпесінде, мигрень ауруында, жүрек қатты соққанда, іш қатты түйнеп ауырғанда қолданылса, өте жақсы нәтиже береді. Ол мұнымен қатар жүректің қан тамырларын кеңітіп, ондағы қан айналысын жақсарта алады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Ұнтақталған тамырдың 1 шай қасығын 1 стакан салқын суға салып, 6-8 сағат тұндырып қоядыда, сүзып алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішеді. Белгілі ғалым Б. Е Вотчальдың тәсілі бойынша дәрілік шүйгіншөпті шай ретінде былай пайдаланады: 10 грамм ұнтақталған тамырды қайнап тұрған 1 стакан суға салады да, стаканның бетін таң атқанша бір ыдыспен жауып қояды. Таңертең сүзіп алады да, стакандағы дәріні бір күні бойы шетінен ұрттап ішіп тауысады.
Достарыңызбен бөлісу: |