сол қол ережесі
Егер сол қолды магниттік индукцияның векторы «алақанға енетіндей етіп», ал созылған төрт саусақты токтың бағытын көрсететіндей етіп орналастырсақ, онда 90° қайырылған бас бармақ Ампер күшінің бағытын көрсетеді.
Лоренц күші Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке әсер ететін Ампер күші, оның қозғалыстағы еркін зарядтарына әсер ететін күштердің қосындысынан тұрады. Магнит өрісінде қозғалатын зарядқа әсер ететін күшті есептеуге арналған формуланы голланд физигі Хендрик Лоренц қорытып шығарды. Магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшектерге әсер ететін күшті Лоренц күші (FЛ) деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |