Индукциясы магнит өрісінде ауданы S бір орамды контур орналассын, оның нормалі () векторымен қандай да бір бұрышын жасасын(9.9-сурет).
9.9-сурет. Контур беті арқылы магнит ағынының жүруі
Магниттік индукцияның контур ауданына және контур нормалі мен векторының арасындағы бұрыш косинусының көбейтіндісіне тең скалярлық шама магнит ағыны деп аталады.
Ф = ВScos . Магнит ағынының ХЖ-дегі өлшем бірлігі — вебер: Вб = Тлм2. 1 Вб – бұл, өрістің магниттік индукциясы 1 Тл болғанда, 1 м2 беттің ауданын магниттік индукция перпендикуляр бағытта қиып өтетін магнит ағыны. Бірнеше орамнан тұратын контур үшін, толық ағын бір орам арқылы өткен ағынның орам санына N көбейтіндісіне тең. Ф = NВScos . (9.6) Тәжірибе көрсеткендей, тұйықталған өткізуші контур арқылы өткен магнит ағынының кез келген өзгерісінде онда электр тогы пайда болады. Сондықтан электромагниттік индукцияның анықтамасы нақтыланды.
Достарыңызбен бөлісу: |