Лоренц күшінің шамасы магниттік индукцияның (B) зарядтың қозғалыс жылдамдығына (v), заряд шамасына (q) және қозғалыс бағыты мен индукция векторының арасындағы бұрыш () синусының көбейтіндісіне тең (2-сурет):
FЛ = Bvqsin . (2) Лоренц күші жылдамдық векторына да, магниттік индукция векторына да перпендикуляр. Оң зарядтар үшін Лоренц күшінің бағыты оң қол ережесі бойынша(9.6-сурет) анықталады, ал теріс заряд үшін қарсы бағытта.
2-сурет. Лоренц күшінің бағыты
Үшөлшемді суреттер (9-5 және 9-6) Ампер және Лоренц күштері үшін әрқашан ыңғайлы емес. Мына жағдайда, магнит өрісі токтың бағытына немесе бөлшек қозғалысының бағытына перпендикуляр ( = 90°) болса, жазықтығы магнит өрісіне перпендикуляр болатын екі өлшемді суретті пайдаланады. Бұл жағдайда магниттік индукция векторын белгілеу үшін 9.7-суретте көрсетілген екі символды пайдаланады.
2-сурет. сурет жазықтығына перпендикуляр вектордың бейнесі
3-сурет. Ампер және Лоренц күштерінің екі өлшемді суреттердегі бейнеленуі
Достарыңызбен бөлісу: |