Лекция №4: Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші З/ж №5. Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау Электромагниттік индукция заңы. Өздік индукция. Магнит өрісінің энергиясы


Электромагниттік индукция, Фарадей тәжірибесі



бет4/6
Дата25.05.2020
өлшемі67 Kb.
#71121
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция №4 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.

Электромагниттік индукция, Фарадей тәжірибесі.

Магнит ағыны

Электр тогының магнит өрісін туғызыатындығы, физиктерге магнит өрісінің де белгілі бір жағдайларда өткізгіштерде электр тогын туғызуы мүмкін деген болжам жасауға түрткі болды. Мұндай жағдайлар 1831 ж. ағылшын физигі Майклом Фарадейдің басында болды, ол төмендегідей құбылыстарды байқады (Фарадей тәжірибелері).
1. Айнымалы магнит өрісінде тыныштықта тұрған тұйық контурда токтың пайда болуы.
Фарадей ішінде тұрақты магнит қозғалып тұрған соленоидта электртогының пайда болатындығын байқады. Ток магнитті соленоидтан суырған кезде де пайда болды. Екі жағдайда да соленоид қозғалмайды, ал магнит өрісі өзгереді.
2. Тұрақты магнит өрісінде қозғалатын тұйық контурда токтың пайда болуы, мұнда контур арқылы өтетін күш сызықтарының саны өзгереді.
Фарадей контур арқылы өтетін күш сызықтары санының өзгеруі, токтың пайда болуының қажетті шарты деп тапты. Мысалға, егер жақтау магниттік индукция сызықтарына параллель қозғалса, ток пайда болмайды, бірақ контур өрісте айналған кезде пайда болады.
Магнит өрісінде токтың пайда болуы электромагниттік индукция деп аталды. Бұл құбылыстың сандық зерттеулері арнайы шама — магнит ағынын енгізуді талап етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет