Лекция №4: Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші З/ж №5. Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау Электромагниттік индукция заңы. Өздік индукция. Магнит өрісінің энергиясы



бет3/6
Дата25.05.2020
өлшемі67 Kb.
#71121
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция №4 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.

Лоренц күшінің шамасы магниттік индукцияның (B) зарядтың қозғалыс жылдамдығына (v), заряд шамасына (q) және қозғалыс бағыты мен индукция векторының арасындағы бұрыш () синусының көбейтіндісіне тең (2-сурет):
FЛ = Bvqsin  . (2)
Лоренц күші жылдамдық векторына да, магниттік индукция векторына да перпендикуляр. Оң зарядтар үшін Лоренц күшінің бағыты оң қол ережесі бойынша(9.6-сурет) анықталады, ал теріс заряд үшін қарсы бағытта.


2-сурет. Лоренц күшінің бағыты
Үшөлшемді суреттер (9-5 және 9-6) Ампер және Лоренц күштері үшін әрқашан ыңғайлы емес. Мына жағдайда, магнит өрісі токтың бағытына немесе бөлшек қозғалысының бағытына перпендикуляр ( = 90°) болса, жазықтығы магнит өрісіне перпендикуляр болатын екі өлшемді суретті пайдаланады. Бұл жағдайда магниттік индукция векторын белгілеу үшін 9.7-суретте көрсетілген екі символды пайдаланады.


2-сурет. сурет жазықтығына перпендикуляр вектордың бейнесі
 = 90° жағдайы үшін Ампер және Лоренц күштерінің жазық суреттерін орындаймыз


3-сурет. Ампер және Лоренц күштерінің екі өлшемді суреттердегі бейнеленуі
Теріс заряд үшін Лоренц күшінің бағытын анықтау үшін біз алғашында сол қол ережесін қолданатынымызды, содан кейін күш бағытын өзгертетінімізді, еске саламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет