Лекция №4 Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы Лекцияның мақсаты мен міндеттері


  Қазақстан  жерінде  жасақталған  әскери  бөлімдердің  ірі  шайқастарға



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата29.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#106212
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
4 лекция ККЗТ

 

4.  Қазақстан  жерінде  жасақталған  әскери  бөлімдердің  ірі  шайқастарға 

қатысуы және жанқиярлық ерліктері 

 

Германия 1941 жылы маусым айының 22-де  Кеңес Одағына қарсы соғыс ашып аз 



уақыттың iшiнде елдiң батыс бөлiгiн жаулап алады, Ленинградты қоршады,  Москваның 

маңына  20  км.  жақын  келдi.  Қызыл  Армия  соғыстың  бастапқы  кезiнде  жеңiлiске 

ұшырады,  мұны сәтсiздiк деп атайды. 

 

Кеңес  үкiметi  кезiнде  Қызыл  Армияның  сәтсiздiгiн  Кеңес  Одағының  соғысқа  



дайындала алмағанымен, Батыс шекараға әскер топтастырып үлгiрмегендiгiмен, соғыстың 

болатын  уақытын    бiлмегендiгiмен  т.б.  түсiндiрдi.  Мұндай  себептердiң    болғанын  жоққа  

шығаруға  болмайды.  Дегенмен  сәтсiздiктiң  бас  себебi  Сталин  бастаған  басшылықтың  

ұстанған қате бағытына  байланысты болды.  

Кеңес  Одағының  әскери  доктринасында  елеулi  қателiктер  болды.  Әскери  

мамандардың  /мәселен  Тухачевский/  бұл  соғыс  мотор  соғысы  болатыны,  сондықтан 

армияның техникалық бөлiмдерiн нығайту туралы ойлары ескерiлмедi, Армия басшылары 

атты  әскерге  сенiм  артты.  Соғыс  алдында  ғана  немiстерден  кем  түспейтiн,  кейбiр  

жағынан  олардан  артық  Т-34  танкi  мен  ИЛ-2  штурмовигi  сияқты  кеңес  инженерлерi 

жасаған  техникалар топтап өндiрiлмедi. 

 

1937-38 жылғы қуғын-сүргiн Қызыл Армияға  үлкен  апат әкелдi.  Талантты әскер 



басылары  қудаланды,  40  мың  офицер  өмiрiмен  қоштасты  немесе  бас    бостандығынан 

айырылды. Армия басшылығына  жаңа ғана училище  бiтiрген  жастар келдi.  




 

Отан қорғау  iсiн басқарып отырғандар  немiстердiң  шабуылын жасайтын уақытын 

өздерiнiң  Германиядағы,  Жапониядағы  тыңшылары  арқылы  дәлме-дәл  бiлiп  отырды. 

Сталин    мұндай  мәлiметтердi    арандатушылық  деп  есептеп  соғысқа  дайындықты 

жеделдету шарасын қолданбады. Сәтсiздiктiң   мұнан басқа да  себептерi бар.   Аталмыш 

қателiктерге  қарамастан  Кеңес  Одағының  халқы  күш  бiрiктiрiп  көп  ұзамай  немiстердiң 

шабуылына төтеп бере бiлдi. 

Қазақстандықтар    бүкiл  кеңес  халқы  сияқты  отан  қорғауға    аттанды.  Соғыстың 

алғашқы  күндерінде-ақ  жаңа  құрамаларар  мен  бөлімшелерді  жасақтау  және  жаттықтыру 

жөніндегі  қызу  жұмыс  күндіз  түні  бір  толастаған  емес,  қалалардан  шет  аймақтарда 

жауынгерлерді  мылтық  атуға  үйрету  үшін  полигондар  мен  оқ  ату  тирлері  шапшаң 

салынып  жатты.  Қазақстанда  алғашқылардың  бірі  болып  316-атқыштар  дивизиясы 

жасақталды. Оның құрамында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 

сонымен қатар Қырғызстанның еңбекшілеріде болды. Дивизия  командирі болып, азамат 

соғысына  қатысқан,  генерал  майор  М.П.  Панфилов  тағайындалды.  Қазақстанның  әскери 

бөлімшелері  негізінен  жұмысшылардан  колхозшылардан  және  интелегенциядан 

жасақталды.  Олардың  шамамен  әрбір  алтыншы  жауынгері  мен  командирі    коммунист 

бүкіл құрамының 15-20 проценті комсомол мүшелері еді. Жасақталған  әскери құрамалар 

әр ұлт өкілдерінен болды. Мәселен 316-атқыштар дивизиясының 40 проценті қазақтардан, 

30  проценті  орыстардан,    қалғаны  украин,  өзбек,  қырғыз,  татарлардан  құралды.  16-50  

жастағы адамдарды  әскери iске үйрету басталды. 

 

Қазақстандықтар  Москваның  маңында    ерлiкпен  соғысты.    28  панфиловшылар 



жаудың  30  танкiсiн  құртып    немiстердiң    шабуылын  тоқтатты.    1941  жылғы  Москва  

түбiндегi,    1943    жылғы  Сталинград  үшiн  шайқас,  Курск  жанындағы  шайқастарда 

қазақстандықтар  ерлiкпен    соғысты.  Днепр    маңындағы  шайқаста  123    қазақстандық 

жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды. 

 

Қазақстандықтар    партизан    қозғалысына  белсене  қатысты.    Украйна  мен 



Белоруссиядағы  партизан  отрядтарында  3000  қазақстандық  болды.    1945  жылы  Берлин 

үшiн болған  қырғын соғысқа  қазақстандықтар белсене  қатысты.  Рейхстахқа жеңiс  туын  

тiгуге лейтенант Қошқарбаевтың  взводы,  басқадай  қазақстандықтар қатысты.  Европаны  

азат  ету  және    Берлин  үшiн  шайқасқа  қатысқан  150  қазақстандықтар  Кеңес  Одағының 

батыры атағын алды.  

 

Соғысып    жатқан  армия    қатарына  1,2  млн.  қазақстандықтар    шақырылды. 



Қазақстанда    жасақталған  әскери    құрамалардың  iшiнен  неғұрлым  жақсы  соғысқан  5 

құрама  гвардияшыл  деген  құрметтi атақ алды.  Соғыста  көрсеткен  ерлiгi үшiн 500-дей 

қазақстандықтар  Кеңес    Одағының  батыры    атағын  алды.    Олардың    iшiнде    қазақ 

халқының  даңқты  қыздары  М.Мәншүк,  М.Әлия  және  екi  реткi  батыр  болған  4 

қазақстандық  /Т.  Бигильдинов,  Луганский,  Беда,  Павлов/  және  атақты    командир 

Б.Момышұлы болды. 97 мың қазақстандық  ордендермен,  медалдармен  марапатталды. 

Қазақстандықтар  Москва  үшін  шайқаста  Қызыл  Армия  Москва  түбінде  гитлерлік 

басқыншыларды  алғаш  рет  жеңді.  Бұл  жеңісте  қазақстандықтардың  үлесі  де  көп  болды. 

Қазақстандықгенерал-майор  И.В.  Панфилов  пен  комиссар  А.С.  Егоров  басқарған  31 

атқыштар  дивизиясының  аты  аңызға  айналды.  Бұл  дивизия  1941  жылы  26  қазаннан  18 

қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И.В. Панфилов 

ерлікпен  қазатапты.  Бұл  дивизияның  политругі  В.Г.  Клочковтың:  «Россия  -  кең-байтақ, 

бірақ  шегінерге  жол  жоқ,  артымызда  -  Москва»,  -  деген  сезі  бүкіл  майданғатарады. 

Кейіннен  «28  панфиловшы»  ерлігі  аңызға  айналды.  Панфиловшы,  ротаның  саяси 

жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П.Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты. 

Бауыржан  Момышұлы  басқарған  батальон  жаумен  болған  шайқаста  ерліктіңтамаша 

үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып 

кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. 

М.  Ғабдуллин  басқарған  автоматшылар  тобы  да  ерекше  ерлік  көрсетіп,  жау 

танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді. 




Бородино  селосының  түбінде  Амангелді  Имановтың  ұлы  Рамазан  Амангелдиев  13 

фашистің көзін жойды. 

Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің 

бастамасы, ¥лы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды. 

Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-

дивизия  алғашқы  кезеңнен  қатыстыЛенинград  үшін  шайқаста  қазақ  жауынгері  Сұлтан 

Баймағанбетов  кеудесін  оққа  төсеп,  Александр  Матросовтың  ерлігін  қайталады.  Ол 

Кеңестер Одагының батыры атанды. 

Балтық флотында көптеген қазақстандықтар жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Мысалы, 

«Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан 

астамы  Ленинград  түбіндегі  шайқасқа  қатысты.  Рота  командирі  Қойбағаров  өз 

бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград 

түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г.П. Зубков т.б. қазақстандықтар ерекше 

ерлік көрсетті. 

1941 жылы  қыркүйекте  қазақтың  ұлы  ақыны  Жамбыл  Жабаевтың  ленинградтықтарға 

арнап  жазған  «Ленинградтық  өренім»  жыры  фашистердің  қоршауындағы  қаһарман  қала 

халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет