Лекция №4 Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы Лекцияның мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата29.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#106212
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
4 лекция ККЗТ

         

Қазақстан - Сталинград майданының ең жақын тылы. 1942 жылы Сталинград түбінде 

қиян-кескі шайқас басталды. Қазақстанның батысы Сталинград облысымен 500 шақырым 

шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.1942 жылы күзде 

Каспий аумағында соғыс жағдайы енгізілді.  

1942  жылы  1  қыркүйекте  Гурьевте  қорғаныс  комитеті  құрылды.  Гурьев  жерінде  жау 

ұшағы  пайда  болғаннан  кейін,  1942  жылы  10  қыркүйекте  Гурьев  облысының 

барлықжерінде қатайтылған арнайы қорғаныс жүйелері ұйымдастырылды. 1942 жылы 15 

қыркүйекте Гурьев облысында соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді. 

Кешікпей  қазан  айында  Орал  әуе  шабуылынан  қорғанатын  майдан  өңіріне  айналды. 

1942  жылы  9  қазанда  Қазақ  КСР  үкіметі  Сталинград  майданының  ең  жақын  тылы 

Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты 

қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады. 

Батыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайпақ аудандарында 

арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс құрылыстары салынды. 

Сталинград майданының көптеген әскери белімдері, материалдық, техникалықбазалары 

Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты. 

Батыс  Қазақстан жерінде  20-ға жуық  әскери  госпиталь жұмыс  істеді.  Гитлерлік  ұшақтар 

Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн сом шығын келтірді. 

Сталинград майданын барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен.  Осында көптеген 

әскери  техника  жөндеуден  етті.  Мысалы,  бір  ғана  Ақтөбеде  ай  сайын  30 

ұшаққұрастырылды. Каспий бассейнінде орналасқан 

Гурьев  майданы  Орта  Азиямен,  Кавказбен  байланыстыратын  негізгі  көпірге  айналды. 

Қазақстан  жерінде  құрылған  292,  387-атқыштар  дивизиясы,  81-атты  әскер  дивизиясыт.б. 

Сталинградтықорғауғақатысты.  Сталинград  түбінде  көптеген  қазақстандықтар  ерліктің 

небір тамаша үлгісін көрсетті. 

Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г. Сафиуллин, М.А. 

Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери белімдері жауды талқан-дау  барысында 

көп  үлес  қосты.  Кеңестер  Одағының  батыры,  қарағандылық  ұшқыш  Нүркен  Әбдіров  өз 

ұшағын жаудың әскери базасына кұлатып, Гастеллоның ерлігін қайталады. 

Сталинград  түбінде  қазақстандықтар  Қ.  Сыпатаев  пен  А.А.  Бельгин  ездерінің  ерлігі 

нәтижесінде Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. Қазақстандық Т.С. Позолотин 

басқарған  17-гвардиялық  танк  полкі  Еділ  жағасыңдағы  ірі  операцияларда  шешуші  рөл 

аткарды.  Сталинград  шайқасы  соғыс  тарихында  ерекше  орын  алды.  Гитлерлік 

басқыншылардың Сталинград түбіндегі жеңілуі олардың соғыстағы тағдырының шешілу 

уақытын жақындата түсті. 




Еліміздің  батысындағы  Украина,  Белоруссия,  Молдавия,  Балтық  жағалауындағы 

елдерді  азат  етудің  маңызы  зор  болды.  Бұған  қазақстандықтар  да  өз  үлестерін  қосты. 

Украина жерінде ерлікпен қаза тапқан Әбу Досмұхаметовке Кеңестер Одағының батыры 

атағы  берілді.  Украинада  Днепр  маңындағы  соғыста  Г.  Айтықов  пен  Қ.  Аухадиев  те 

Кеңестер  Одағының  батыры  атагына  ие  болды.  Ал  сол  Днепрдегі  соғыста  Жәнібек 

Елеусізов өз ерлігімен көзге түсті. 18 жастағы қазақстандық Кеңестер Одағының батыры 

болды. 

Қызыл  Армия  құрамындағы  қазақстандықтар  Польша  мен  Венгрияны,  Волгария  мен 

Чехословакияны, Австрияны фашистерден азат етуде өз үлестерін қосты. А.С. Егоров, З.У. 

Құсайынов Еуропадағы қарсыласу қозғалысына қатысып, Кеңестер Одағының батырлары 

атанды. 

Партизан  қозғалысы  да  кең  еріс  алды.  Қазақстандық  партизандар:  Қ.  Қайсенов 

(жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, 

Ж.  Саин  (жазушы),  Н.В.  Зебницкий  т.б.  Жалпы,  3500-ден  аса  қазақстандық  партизан  жау 

тылында  соғысты.  Қазақстандық  партизан  Ж.  Сұраншиев  Белорусь  жерінде  «Ұшқын» 

партизан отрядының құрамында болды. 

1945  жылы  Қызыл  Армия  фашистердің  «Висла»,  «Оңтүстік»,  «Орталық»,  «Солтүстік» 

әскери  округтерін  жеңді.  Германияның  көптеген  жерін  1945  жылы  сәуір  айьша  дейін 

КСРО  қарулы  күштері  басып  алды.  1945  жылы  16  сәуірде  Қызыл  Армия  шешуші 

«Берлин»  операциясын  бастады.  Бұл  операцияға  3  млн  500000  жауынгер,  10800  әскери 

үшақ, 52000-нан астам зеңбірек, 7750 танк қатыстырылды. 

1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды. 1945 жылы 8 мамырда 

Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет