Лекция №4 Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы Лекцияның мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата29.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#106212
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
4 лекция ККЗТ

Сталиндық-Голощекиндiк

 қатал  әкiмдiк-әмiршiлдiк 

жүйе  қалыптасқанына  қарамастан  қазақ  зиялыларының  алдынғы қатарлы  өкiлдерi ұлт 

мүддесi үшiн күрестi жалғастыра  бердi.  

 

Қазақ  халқының    ұлттық  тәуелсiздiгi    үшiн  Алаш  қайраткерлерi  қажырлы    күрес 



жүргiздi.    Алаш  қайраткерлерiн    Кеңес  үкiметi  құғын  сүргiнге  ұшыратқан  соң  

күрескерлердiң  келесi  легi    тарих  сахнасына  келдi.    Қазақ  халқының  ұлт  мүддесi  үшiн 

күрестi С.Қожанов, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов және т.б. қайраткерлер  жалғастырды.  

 

С.Қожанов  20 жылдары  патша үкiметi  орыс шаруалары  мен кулактарына  тартып 



берген  қазақ жерлерiн  иесiне қайтару үшiн күресiп ұлтшыл, 

қожановшыл



 деген ат алып 

қудаланды. 

 

С.Смагулов  30-жылдары  қазақ  байларын    қанаушы    деп  тәркiлеуге  қарсы  болып,  



оларды    экономикалық  әдiстермен  қыспақтау,  коммунистiк  идеяны    түсiндiру  арқылы 

социализм  жолына    өткiзуге    болатынын  дәлелдеп  ұлтшыл, 

садуақасовшыл



  деген    ат 

алып  қудаланды.  

 

Т.Рысқұлов    РСФСР  үкiметi  төрағасының  орынбасары  қызметiн    атқара  жүрiп 



отызыншы жылдары ашаршылыққа  ұшыраған қазақтарға  көмек ұйымдастыруға  көп күш 

жұмсады,    екiншiден  ол  үкiмет  басшыларына  хат  жазып  қазақ  халқының  ашаршылыққа  

ұшырауына    әкеп  соққан    қателiктер    мен  бұрмалаушылықтарды    әшкерлеп  оларды   

түзетудi талап еттi. 

 

Аталған  үш  қайраткерлерден  басқа  да  зиялы  қауым  өкiлдерi  қазақ  халқының  ұлт 



мүддесi  үшiн    әртүрлi  әдiстермен,    жолдармен  күрестi.    Мүндай  қайраткерлер  кеңес 

дәуiрiнде  бұржуазияшыл-ұлтшыл делiнiп  қудаланды. 

Қазақстандағы  саяси  қуғын-сүргiн  1929  жылдан  басталды.  Осы  жылы 

Қазақстанның    бiрiншi  басшысы    И.Голощекин   Алаш  қайраткерлерiне  Кеңес  үкiметiнiң  

кешiрiм жасағанына қарамастан олардың  бiр тобын,  1932 жылы  екiншi тобын соттатып 

жiбердi,  оларға буржуазияшыл-ұлтшыл, контреволюционерлер деген айып  тағылды.  

 

Бүкiл  Кеңес  одағы  сияқты    Қазақстанда  да    жаппай  саяси  қуғын-сүргiн  1937-38  



жылдары жүрiлдi. Отызыншы жылдардан қалыптса бастаған әкiмдiк-әмiршiлдiк жүйе,  ел  

өмiрiнде    жүзеге  асырылған    өзгерiстер    кезiнде  жiберiлген    бұрмалаушылықтар  мен  

қателiктер  бұ    қарсыластарды,  оппозицияны    туғызбай  қоймады.  Бұл  Сталиннiң  жеке 

билiгiне  қауiп төндiрдi.  Сталин олардан құтулудың жолын iздедi. Осы  жылдары  Сталин 

Кеңес Одағы социализмге қарай iлгерiлген сайын тап  күресi   күшейе бердi деген қағида 



ұсынды.    Осы  кезде  Кеңес  Одағында    қанаушы  тапқа  жатқызуға  болатындар  түгел  

жойылған едi.  Қоғам тек жұмысшы, шаруа,  интелигенöиядан құралды.  Сондықтан  тап 

күресi  күшеюi  мүмкiн  емес  едi,    бiрақ  халық  Сталинның  айтқанына  сендi.    Екiншi 

жағынан  халықаралық    жағдай  шиеленiсiп  Кеңес  Одағына    қарсы  күштер    бас  көтере 

бастады,    осындай  жағдайда    тәртiптi  қатайтып,  демократияны  шектеуге  тура  келдi.  

Сталин  аталған  жағдайларды  жаппай    саяси    репрессия  жүргiзуге    пайдаланды.  Адал 

коммунистер,  қайраткерлерге    халық  жауы,  шет  ел  тыңшысы  деген  жала  жабылды.  

Жаппай репрессия  жүргiзушi КГБ  ұйымдары. Олар  заң бұзды, үштiк  дегендердi құрып  

айыпталғандардың  тағдырын    соттан  тыс  шештi.  Кеңес  Одағында    бiрнеше  он  

миллиондаған адамға саясти  қылмыс тағылды. 

 

Қазақстанда 110 мыңдай  адамға  бұржуазияшыл-ұлтшыл, шет  ел тыңшысы деген  



айып    тағылып,    сотталды.  Олардың  iшiнде  Алаш  қайраткерлерi  партия,    кеңес  

ұйымдарының басшы  қызметкерлерi,  ақын-жазушылар,  ғалымдар және  т.б. болды.  Бұл 

адамдар елуiншi жылдары  түгелдей  ақталды. 

Таптық мүдде үстем болған КСРО-да ұлттық факторды кажетті деңгейде бағаламау 

орын алды. Мемлекет басшылығында ұлттық мәселені шешетін бағдарлама мен стратегия 

болған  жоқ.  Басты  бағыт  пен  көзқарастардан  ала  құлалық  танылды.  Батыл  әрекет,  оң 

шешім жасалмады. 

 

Ұлтаралық кикілжіңдерді реттеудің жүйесіздігі елдегі өкіметтің  әлсіздігін көрсетті. 



Салиқалы  ұлт  саясатын  жүргізу  түбегейлі  теориялық  тұғырнаманы,  қалыптасқан  саяси 

ахуалды  теориялық  тұрғыдан  жан-жақты  пайымдауды  қажет  етті.  Бұл  –  бір  сәтте  бола 

қоймаған,  70-80  жылдарға  тұтас  созылған  ғылыми-технологиялық,  стратегиялық 

жеңілістің салдары. Бұл күйреудің талай себептерін табуға болады.



 

 

Қазақстан  «100  ұлттың  планетасы»  деп  дәріптелгенімен,  ұлт  мәселесінің  ішкі 



қарама-қайшылықтары  қордалана  берді.  Ұлттардың  әр  түрлі  мәдени  және  діни 

айырмашылықтары  біртұтас  кеңес  халқын  қалыптастыруда  назардан  тыс  қалды.  КСРО-

ның құрылған кезінен бастап өз құрамына «алынған»  ұлттар мен ұлыс өкілдерін «кеңес 

халқына»  айналдыру  үшін  коммунистік  партия  бар  күш-жігерін  жұмсады.  Әр  ұлттың 

қайталанбас  ерекшеліктері  интернационалдық  бағыт  пен  көлеңкесінде  қалғандықтан  да 

қарама  -  қайшылықтар  туындады.  Сөйтіп,  кеңес  қоғамының  саяси  жүйесінде  дағдарыс 

белгілері айқын көріне бастады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет