Лекция №4 Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы Лекцияның мақсаты мен міндеттері


 Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата29.12.2021
өлшемі0,64 Mb.
#106212
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
4 лекция ККЗТ

2. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, 

түрлері, қарқыны. 

Қазақстан  негізінде  аграрлы  республика.  Индустрияландыруға  қажетті  қыруар 

қаражат  ауылшаруашылық  есебінен  алынды.  Большевиктердің  келесі  бағдарламасы  – 

ауылшаруашылығын  ұжымдастыру  болды  (ХV  съезд  БКП  (б),  1927  ж.).    Бұл 

экономикалық  жобаны  іске  асыру  нәтижесінде  мал  шаруашылығы  дағдарысқа  ұшырап, 

ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылық қиратылды.  

1927 жылы әкімшіл-әміршіл үкімет ірі бай шаруашылығын тәркілеу туралы Декрет 

қабылдады.  Заң  жобасы  бойынша  700  бай  қожалық  тәркіленуге  тиіс  еді,  алайда  қазақ 




өлкесінде бұл уақытта ірі байлар осыншама көп болмаған. Сондықтан тапсырған міндетті 

орындау үшін жергілікті органдар орташа шаруаларды да тәркілеуге кірісті.  

Жемшөп  азығының  жоқтығы  бір  орынға  жинастырылған  мемлекеттік  колхоз 

меншігіндегі  малдың  қырыла  бастауына  әкеп  соқты.  1929  жылы  ұжымдастыру  науқаны 

басталғанда Қазақстанда 40,5 млн. бас малы болса, 1933 жылы 4,5 млн. ғана қалды. Мал 

басы  саны  10  есе  азайды.  Шаруашылықтар  күйзеліске,  халық  аштыққа  ұшырады. 

Республика  халқының  саны  6,2  млн.  адамнан  2,1  млн  адамға  кеміді.  Халық  саны  қайта 

қалпына келтіру үшін елімізге әлі 40 жыл қажет болды.   

Қазақ  шаруаларын  ұжымдастыруымен  қатар  оларды  күштеп  отырықшылыққа 

көшіру  жүрді.  ХІХ  ғасырда  көшпелі  қазақтарды  күштеп  отырықшылыққа  көшірудың 

салдары туралы белгілі түрколог Радлов дәл айтқандай:  «... Даланың табиғи жағдайы тек 

көшпелі өмір үшін жарамды, ал көшпелілерді отырықшылыққа мәжбүрлейтін болсақ, бұл 

регрессияға  алып  келеді».  Кеңес  өкіметі  кезіндегі  қазақтың  дәстүрлі  шаруашылығы 

ұжымдастыру  саясатының  зардаптары  қазақ  халқына  үлкен  апат-қасірет  әкелді.  Бұл 

науқан  көшпелілер  экономикасын  түпкілікті  жоюды  қарастырды.  Отырықшылыққа 

көшіру қосымша жер қорын  босатып, өлкеге жұмысқа басқа ұлт өкілдері Ресей, Украина, 

Белоруссия  республикаларынан  көптеп  келді.  Бұл  елдегі  демографиялық  жағдайды  күрт 

өзгертті.

 

20-шы  жылдардың  екінші  жартысында  жаңа  экономикалық  саясат  негізінде 



қалыптасқан  шынайы  бағыт  түбірінен  өзгерді.  Басты  міндет  -  ең  зәру  көкейкесті  мақсат 

индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-

қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап 

экспроприяциялау 

есебінен 

жүргізу 


көзделді. 

Атап 


айтқанда, 

бұл 


мақсат 

мемлекеттендірілген  колхоз  жүйесін  жасау,  яғни  шаруаларды  ұжымдастыруды  жаппай 

өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты 

Қазақстанда  да  колхоздастыру  науқаны  басталды.  Бұл  шараның  іске  асырылуына 

шаруалардың  тілегі  мен  ықыласы  себеп  болған  жоқ,  ол  жоғарыдан  берілген  әмір, 

нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай 

аяқтау  белгіленді.  Шаруаларды  күштеп  ұжымдастырудың  арқасында  республикада 

колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы - 2354, ал 1929 жылы - 4876-

ға  жетті.  Бұлар  колхоздастыру  саясатын  жүргізудегі  жоғары  көрсеткіштерге  қол  жеткізу 

үшін  құрылған  жасанды  шаруашылықтар  еді.  Оларды  құру  барысында  небір  сұмдык 

зорлыққа,  күштеуге  жол  берілді.  Ол  тұста  қабылданған  бірнеше  қаулы-қарарлардың 

заңдылығын  тексеру  барысында  Қазақстан  Республикасы  Жоғары  Кенесінің  Төралқа 

комиссиясының  1992  жылғы  желтоқсанындағы  қорытындылары  жарияланды.  Онда 

келтірілген  деректер  мен  мағлұматтар  колхоздастырудың  қандай  әдістермен  жүргізілгені 

жөнінде толық түсінік береді. 

Колхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы 

Сталиннің сол жылғы 7  қарашадағы  "Правда"  газетінде  "Ұлы  бетбұрыс"  деп  аталатын 

мақаласының  шығуымен  тұспа-тұс  келді.  Мұның  алдында  кулактарға  шабуыл  жөніндегі 

нұсқаулар  негізінде  Қазақстанда  байлардың  шаруашылықтарын  тәркілеу  аяқ-талған 

болатын.  Енді  жана  экономикалық  саясат  негізінде  жүргізілген  шаруаларды 

кооперациялау  ісі  мемлекет  бағыттап  отырған  күшпен  ұжымдастыру  шарасына  орын 

берді.  Ал,  бұл  шара  шаруа  қауымының  игілігін  ойлаудан  тумады,  тек  индустрияландыру 

процесін  қамтамасыз  ету  мақсатын  қана  көздеді.  Сөйтіп,  20-30  жж.  жаңа  экономикалык 

саясатын  дамыту  бағыты  тұйықталып  тасталды.  Ондаған  жылдар  бойына  экономика  мен 

қоғамдық саяси өмірде тек "күштеу" шарасының рухы үстемдік етті. 

  Бұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын  тигізді.  Селодағы саясаттың ең 

басты  шарты  -  әміршіл-әкімшіл  террорға  сүйенген  экономикалық  емес  жарлықтар, 

шаруалар  қауымын  кооперациялау  идеясын  жаманатты  қылып  қоймай,  оның  пайдалы 

жақтарын  да  құртып  жіберді. 

  «


Ұлы  бетбұрыс»  селолық  құрылымдарды  қатігез 


қаталдықпен  аяусыз  қиратып,  қоғамның  болашақта  туатын  проблемаларын  біртіндеп 

әзірлей бастады. 

 Колхоздастыру  барысында  жүргізілген  ауыл  шаруашылығы  өнімдері  оның  ішінде 

астықты  күштеп  дайындау  шаруалардың  күн  көрісіне,  көңіл-күйіне  мейілінше  кері  әсер 

еткен,  оларды  кеңес  өкіметін  жек  керуге  итермелеген  екінші  бір

 

үлкен  шара  болды. 

Ауылдарда  мал  саны  өсіріліп  көрсетіліп,  алынатын  еттің, жүннің  көлемі  белгілі  есептен 

асып  түсті.  Салғыртты  орындау  үшін  шаруалар  қыс  ішінде  қой  қырқуға  мәжбүр  болды. 

Мұның  өзі  қойлардың  жаппай  қырылуына  соқтырды.  Егіспен  айналыспайтын 

шаруашылықтардан  астық  талап  етілді.  Салғыртты  орындамаған  қожалықтар  сотқа 

тартылды.  1928-1929  жылдары  осындай  айыпқа  ұшыраған  34  мың  ауыл-село  адамдары 

сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді. 

     Колхоздастыру  осындай  ауыр  жағдайда  басталды  да,  оны  басқару  әкімшілік,  зорлық, 

күштеу  әдістерімен  жүргізілді.  Егер  1928  жылы  Қазақстанда  колхозға  барлық 

шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 

пайызға  дейін  колхоздастырған  аудандардың  саны  78-ге  жетті.  Бұл  тұста  өлкеде  122 

аудан  болатын.  Шаруаларды  ұжымдастыру  көзінде  ауыл-селоларда  бай-кулактарды  тап 

ретінде жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша 

жойы-луға  тиісті  бай-кулак  шаңырактары  барлық  шаруашылықтың  жалпы  санының  3-5 

пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-әкімшіл жүйенің 

асыра  сілтеу  әрекетімен  тәркіге  салынғандар  саны  кез  келген  жерде  ең  жоғарғы 

көрсеткішке  жеткізілді.  Нәтижесінде  тек  1930-1931  жж.  республикадан  тыс  жерге  бай-

кулак  деп  "жер  аударылып"  жіберілген  шаруалар  саны  6765  адамға  жетті.  Ондаған  мың 

шаруалар тұрған округтерінен республика ішінде басқа жерлерге көшірілді. 

Ұжымдастыру  мен  отырықшыландыруды  жүргізу  үшін  Қазақстан  өлкелік  партия 

комитеті  жергілікті  белсенділермен  бірге  кәсіпорындардан  сегіз  мың  жұмысшыны 

тартты.  Мұның  үстіне  республикаға  Мәскеуден,  Иваново-Вознесенскіден,  Харьковтан, 

Ленинградтан  партияның  шақыруымен  1204  «жиырма  бесмыңыншы»  келді.  Бірақ 

бұлардың  өздері  қазақ  жерінде  отырықшыланудың  мәні  мен  механизмін  жете  түсінбеді. 

Көптеген  әкімшілер  үшін  бұл  шартараптан  жүздеген  шаруашылықты  бір  жерге  жинау 

болды.  Мұндай  топтаудың  салдарынан  шаруалар  мал  өрісінен,  су  мен  шөп  іздеп, 

жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айырылды. 

Мал  шаруашылығын  ұжымдастырудың  өзi  қате  саясат  болды,    сондай  саясатты    жүзеге 

асырғанда  көптеген 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет