Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ


Ағымдағы бақылау көзделген мақсатқа жету үшін бағытталған жұмыстар орындалғаннан кейінгі қолда бар нақты нәтижелерге негізделеді



бет78/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234

Ағымдағы бақылау көзделген мақсатқа жету үшін бағытталған жұмыстар орындалғаннан кейінгі қолда бар нақты нәтижелерге негізделеді.
Басқару аппаратына ағымдағы бақылауды жүзеге асыру үшін міндетті түрде кері байланыс қажет.
Кері байланыс - алынған нәтижелер жөніндегі мәліметтер. Кері байланысқа қарапайым мысал ретінде басқарушының бағынушыларға ескерту жасауын келтіруге болады.
Кері байланыс жүйесі басшаларға ойластырылмаған мәселелерді іздестіруге мүмкіндік береді және де оның қызметін ұйым алдына қойылған міндеттерін орындаудың тиімді жолдарынан ауытқымау үшін реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Басқарудағы кері байланысы бар бақылау жүйесі “шығыста” қажетті сипаттамаларына ие болуы үшін “кіріске” елеулі ықпалын тигізеді. Кері байланысы бар ұйымдастыру жүйесіне кіріс болып барлық ресурстардың түрі жатады, яғни материалдық, қаржылық және адам ресурстары.
Мұндай жүйелердің шығысы ретінде тауарлар мен қызметтер қарастырылады.
Кері байланысы бар бақылаудың ұйымдастыру жүйесі – ашық жүйелер қатарынажатады. Бұл жүйенің сыртқы элементі басқарушы менеджер болып табылады.
Мақсатқа жету үшін сыртқы және ішкі факторлардың әсерлерінен пайда болған ауытқуларға жүйе кері жауап қайтаруы тиіс.
Сыртқы факторларға – ұйымды қоршаған ортаға әсер ететін элементтердің барлығы да жатады, яғни бәсеке, жаңа заңдардың қабылдануы, экономикалық жағдайдың нашарлауы және т.б.
Ағымдағы бақылау кезінде кері байланыс аз шығын жұмсап, алға қойған мақсатқа жету мен пайда болған мәселелерді шешу жұмыстары кезінде қолданылады.
Кері байланыс қорытынды бақылау кезінде, жұмыс орындалып болғаннан соң қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет