Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ


Жанама экономикалық ынталандыру әдістері



бет75/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234

Жанама экономикалық ынталандыру әдістері.

  1. жеңілдетілген әдіс арқылы тамақтану (льгот арқылы);

  2. еңбек стажына төленетін қосымша төлемдер;

  3. премиялар (сыяқтылар)

Ақшалай емес ынталандыру әдістері.

  1. қызмет бойынша жоғарылау;

  2. кәсіпорын, ұйым атынан оқыту;

  3. еңбек нәтижелігін бағалау

  4. еңбек сапалылығын арттыру

  5. жұмыс күнінің кестесін жасау арқылы

Әрқашанда ынталандырудың негізгі көрсеткіші ретінде ақша қарастырылады. Бірақ Ф.Тейлор, оны еңбекті ынталандыру мен мөлшерлеу жүйесінің бір бөлігі ретінде қарастырған. Бұл жөнінде Г. Фордтың ұйғарымында, ақша – ынталандыру мағынасының құрамында белгілі орын алған. Ол : “Жұмысшы қанша алуға тиіс? ” деген сұрақты қарастырмаған, керісінше: “кәсіпкер қанша төлей алады?” – деген мәселеге көңіл қойған. Жұмыспен қамтамасыз ететін адам еңбекақыны төмендету арқылы ешқандай да пайда көрмейді, - деп Г. Форд жорамалдаған. Алғашқы рет кәсіпорын өнімінің өтімділігіне әсер етуін де зеріттеген Форд болатын. Жан-жақты жоғары деңгейдегі марапаттау, жалпы жақсы тұрмыспен теңбе-тең болып келеді. Жоғары деңгейдегі еңбекақы мөлшері – еңбек өнімділігінің артқанын білдіреді.
Іс жүзінде Г.Форд бір күнгі ең төменгі жалақына бес долларға дейін көтереді, ал жұмыс күнінің ұзақтығын он сағаттан сегіз сағатқа кемітті. Оның жұмыскерлерді ынталандыру жөніндегі жаңалығы үлкен ризалықпен және де материалдық психологиялық әсерін тигізеді.
Фордтың мұндай әрекеттеріне мамандар айтарлықтай жақсы баға берген жоқ. Жұмысшылар қауымы Фордтың неліктен мұндай жалақы белгілегенін түсінген жоқ. Оны Жұмыскерлердің өмір сүру деңгейі мүлдем қызықтырған жоқ. Он күндік еңбек ақыны бес долларға өсірудің шынайы себебін жасырған жоқ. Г. Форд өзінің жұмыскерлерінің еңбекақы мөлшері, өз қолдарымен жасаған машинаны сатып алатындай жағдайға жеткізуді көздеді.
Сонымен, алғашқы рет сыртқы жағдайларға сай материалдық ынталандыру жүйесі арқылы үйлестіру қолданылады, яғни сол кезде кең қолданылатын жүйеден шығу іске асты.
Кейіннен материалдық (ақшалай) ынталандыру жеке адамдарды емес, толықтай топты ынталандыру құралы ретінде қолданыла бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет