Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет73/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234

Лекцияның мәтіні:
Басқару еңбегіне ақы төлеу және ынталандыру – мотивацияның негізгі бір түрі болып саналады. Еңбекақы төлеудің қажетті түрлері мен жетілдірілген ынталандыру жүйесін қолдану өз мақсаттарына және де ұйым мақсатына жету үшін жұмысшыларды жұмылдыру қызметі ретінде қарастырылады.
Кез келген басшы, кәсіпкер еңбекақы төлеуді ұйымдастыру мәселесімен кездесуіне тура келеді, яғни:

  • ұйым қызметкерлеріне еңбекақы төледің түрлері мен жүйесін анықтау;

  • басқару қызметкерлерінің еңбекақы мөлшерлерінің анықтау жүйесін жасау;

  • ұйым қызметкерлері мен мамандарының жекелеген жетістіктеріне қосымша төлемдерді төлеудің көлемін анықтап, белгілерін жасау;

  • қызметкерлерді ақшалай немесе сыйлықтай ынталандыру жүйесін және оның көрсеткіштерін негіздеу.

Ұйым қызметіндегі қызметкерлерге еңбекақы төлеудегі толық дербестігі бар басшылар өте жиі кездеседі. Әдетте, заңды мекемелерде еңбекақы төлеу жүйесін мемлекет органдары реттеп, бақылап отырады. Олар еңбек ақы белгілеген кезде міндетті түрде индексациялау мен ең төменгі деңгейдегі еңбекақыға сүйенеді. Кәсіпкерерге еңбекақы төлеу сұрақтары жайында мемлекеттілік пен басқа да шектеулер қойылады, яғни еңбек ұжымы мен кәсіпорын әкімшілігі арасындағы шарттардан, кәсіподақпен келісімдерден келіп шығатын шектеулер. Бірақ заңды және басқа да ұйымдардың бар болуы басшылардың еңбекақы төлеу сұрақтарына қатысуына мүмкіндік бар деген ұйғарыммен келісуге болмайды.
Кез келген еңбек бағалануы тиіс. Ұйым басшысын қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселесі ғана емес, еңбектің өзі оның сапасы мен өнімділігі жөніндегі сұрақтар мазалауы тиіс. Қызметкерлерге төленетін жалақы міндетті түрде еңбектің сапасы мен санына тәуелді болуы керек. Еңбекке ақы төлеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қызметкерлердің мамандану деңгейі мен оның белгілі бір деңгейдегі күрделі жұмыстарды орындай алу қаблеттілігінің бар болуы қарастырылады. Қызметкерлердің мамандану деңгейі үш фактормен:

  1. білім деңгейімен;

  2. арнайы дайындықпен;

  3. өндірістік тәжірибемен (еңбек стажы) анықталады.

Жоғары деңгейде мамандандырылған қызметкердің өзінен төмен маманнан еңбекақысы көп болуы тиіс. Еңбекақы деңгейі мотивация теориясыннда қарастырылғандай болуы керек, яғни қызметкер өзін және отбасын қамтамасыз ету, кең көлемдегі басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін оның еңбегінің – ұйымға , қоғамға деген нәтижесі мен маңыздылығының зор болуы қажет.
Еңбекақы орнықты болуы тиіс. Төменгі деңгейдегі жалақы қызметкердің басқа жұмысқа ауысуын немесе табыстың басқа көздерін іздеуге мәжбүр етеді, ал ол өз кезегінде негізгі жұмыстың тиімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Жоғарғы деңгейдегі жалақы көлемімен керек маманды кәсіпорында, ұйымда алып қалуға болады. Бірақ та оның тиімсіз жақтарының бар екеніндігін ұмытпаған жөн. Еңбекақы төлеуге кететін шығындар өндірілетін өнімнің өзіндік құнына қосылып есептелінеді. Сондықтан да, бұл шығындарды жөнсізі арттыру бағаның өсуіне әкеп соғады. Ал бағаның өсуі нарықтағы бәсекелестік күрестің төмендеуіне әсерін тигізеді, осыдан ұйымның алатын пайдасы төмендейді.
Басқару қызметкерлерінің еңбекақысынан екі бөлім тұрғысынан қарастырған жөн. Оның біріншісі - өзгермейтін және кепілдігі бар; ал екіншісі – айнымалы, яғни қол жеткен нәтижелерімен байланысты. Екінші бөлім зерттеу арқылы басқару қызметкерлерінің еңбегімен еңбек өнімділігінің өсуін ынталандыруға; еңбек процесіндегі қателіктерді азайтып, сапаны көтеруге; шикізат пен материалдарды үнемдеуге; жоспарлау; бақылау, басқару жұмыстарын жұмыс орындарында орындауға мүмкін жағдайлар пайда болады.
Жақсы нәтижелерге жету еңбек қарқынының өсуі мен ілесіп отырады. Сондықтан еңбек сапасы мен өнімділіктің өсуінің орнын ақша төлеу арқылы толтырып отыру белгілі бір уақытқа дейін ғана болып отыратын процесс. Белгілі бір мезгілден кейін өте жоғарғы деңгейдегі ақша төлемдері арқылы күш-жігер мен ой шығындарын қайтадан қалпына келтіру мүмкіндігінен айырылуға тура келеді. Сондықтан қызметкерлердің шамадан тыс қызмет ету ешкімге де пайда әкелмейді.
Қызметкерлерді еңбекке тартуда, ұйымнан жібермеуді және оларды ынталандыру ақшалай жолмен ғана жүзеге асырылу тиісті емес. Басқару қызметкерлерінің еңбегін ынталандырудың қолайлы әдістерінің таба білу басшы қызметіндегі маңызды мәселелердің бірі болып табылад.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет