Лекция №35. Тақырыбы.. Бақылаудың ұйымдастыру формалары. Жоспары. 1. Бақылау процесінің кезеңдері. 2.Бақылау тиімділігі. 3.Бақылау тиімділігіне әсер ететін факторлар. Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
К.Бердалиев “Менеджмент” Алматы 2005ж
Г.С.Смағұлова “Аймақтық экономиканы басқару негіздері” Алматы 2005ж
А. Үмбеталиев, Ғ.Керімбек “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” Алматы 2002ж
А.Б.Рахымбаев “Менеджмент” Алматы 2006ж
б). қосымша
К.Бердалиев “Менеджмент теориясы және тәжірибесі” Алматы 2005ж
Н.К. Мамыров “Менеджмент и рыног” Алматы 1998г
Лекцияның мәтіні: Бақылау тиімді болуы үшін үнемді болуы қажет. Оның экономикалық тиімділігін арттыру әдістерінің бірі болып – басқарудың шығарып тастау қағидасы бойынша қоданылатын әдіс сан алады. Белгіленген стандарттан үлкен дәрежеде ауытқуы пайда болғанда бақылау жүйесінде жоғарыда айтылған әдіс қолданылады. Белгіленген стандарттың қаншалықты қолданылғанын анықтау үшін – нәтижелерді өлшеу көрсеткіші пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш бақылау элементерінің бірі болып саналады. өлшеу немесе салыстыру жүйесі бақылауға түсетін қызмет түріне сәйкес келуі тиіс.
Бастапқы кезде барлық көрсеткіштерді стандартты белгіленген өлшемге келтіріп алу қажет. Мысалы, егер белгіленген стандарт пайда болса, онда есептеу жұмыстарын стандарттың көрсетілуіне байланысты процентпен немесе теңгемен жүргізу қажет.
Мәліметтер тарату - бақылау тиімділігін қамтамасыз етуде басты роль атқарады. Бақылау жүйесінің тиімді жұмыс жасауы үшін, ұйымның қажет деген қызметкерлеріне белгіленген стандарт пен алынуға тиіс нәтижелер жөнінде мәліметтер берілуі қажет. Мұндай мәліметтер өте дәл болуы керек, көрсетілген уақытта жауаптықызметкерлерге кешікпей жетуі тиіс. Бұл алынған мәліметтер шешім қабылдау процесі кезінде басшыларға айтарлықтай үлкен көмегін тигізеді.
Бұл кезеңнің соңғы сатысы – салыстыру, яғни алынған нақты қолда бар нәтижелер жөніндегі мәліметтерді бағалау. Осы мәліметтердің қажеттілігі мен маңыздылығын менеджер анықтап беруі тиіс.
Мәліметтердің маңыздылығы дегеніміз – дұрыс шешім қабылдау үшін міндетті түрде қажетті және зерттелетін құбылыстарды сипаттайтын дәл, нақты мәлімет. Бұл бағалаудың мақсаты – шешім қабылдау және одан кейінгі іс-әрекеттерді негіздеу болып табылады.
Бақылау процесі баға белгіленгеннен кейін үшінші кезеңге өтеді. Үшінші кезеңде менеджер төменде көрсетілген іс-әрекеттердің біреуін таңдауы қажет: