Лекция: 45 сағ. СӨЖ: 45 сағ обсөЖ: 45 сағ Барлық сағат саны: 135 сағ



бет24/143
Дата08.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#123479
түріЛекция
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   143
Байланысты:
Bakirov.Menedj234

Лекцияның мәтіні:
Басқаруды ұйымдастырудағы жүйелі түрде қарау оның ақпараттық жағын бөліп алып оны дұрыс бағалауды талап етеді.Ақпараттың барлық процесі ақпаратты қабылдау,өзгеру және жеткізупроцесі ретінде қарастырылуы мүмкін. Басқару жүйесінде барлық органдар мен қызметкерлер біртұтас байланыстық тармақтарды құрайтын ақпарат тасқындары арқылы өзара байланысты.Ақпарат тасқындарының мазмұны- уақыт тәртібі бойынша сипатталады.
Енді ақпарат дегеніміз не екенін анықтап алғанымыз жөн. Әдетте ақпаратты қабарлама, мәліметтер, деректер ретінде сипаттайды.
Алайда басқару үшін жалпылама мәліметтер немесе деректер аса маңызды емес. Әрбір басшы әр түрлі деректердің көрсеткіштері сандық жағынан бірдей болғанымен ,тең дәрежеде бағалы болып шықпайтындығын біледі. Сонымен ақпарат дегеніміз – Белгілі міндеттерді шешу үшін пайдалы деп бағаланған, қабылданған және түсінілген жаңа мәліметтер немесе қандай да бір оқиға туралы,біреулердің қызметі туралы т.б. жағдайлар туралы хабардар болуды,мағлұматтар болып табылады.
Шын мәнінде ақпараттық тұрғыдағы басқару жүйесін оқып үйренудің міндеті, әр түрлі шуылдардың табиғаты мен шығу көздерін зерттеп ,оларды жоюдың шараларын жасау болуға тиіс деп есептеген жөн.
Қазіргі кездегі ақпаратты зерттеу негізгі үш тұрғыда жүруде.Олардың біріншісі, синтактика деп аталады,ол оның мазмұны мен құндылығынан ауытқй отырып, деректерді қайта өңдеу мен жеткізу құралдарының өткізу қабілетімен табиғи шуылдарды жою тұрғысынан зеттейді.
Екіншісі, семантика- хабардың мазмұны мен оның көріну формасын зерттейді.
Үшінші,прагматика – хабардың пайдалылығы мен тиімділігін зерттеумен байланысты түрі. Ұйымдастыру тұрғысынан алып қарағанда, ақпарат: жүйеге келтірілген және жүйеге келтірілмеген болып бөлінеді.
Жүйеге келтірілген ақпарат дегеніміз – көрсеткіштердің құралы, хабардың адрестері,ұсынылу қалыптары бойынша адамға күні бұрын белгіленген мазмұн мен тәртіп бойынша және келісілген мерзім мен айтылған уақытта түсіп тұрады.
Жүйеленген ақпараттарға жататындар: бекітілген статистикалық есеп, өндіріс барыстарының ресурстардың жұмсалуыт.б. күнделікті ақпарат.
Жүйеге келтірілмеген ақпарат – сипаттамалары бойынша толықтай немесе ішін ара тәртіптелінбеген болады.Бұл әдетте ауық-ауық түрде түсетін ақпарат.Мысалы: төтенше оқиғалар жөніндегі ақпараттар.
Басқару процесіндегі ақпараттар – құжатталынған және құжатталынбаған деп екіге бөлінеді.Ғылыми зерттеу процесінде әртүрлі техникалық қондырғылар конструкциясына және техникалық процестерді ұйымдастыруда қолданылатын техникалық шешімдер нәтижесінде алынатын ақпарат. Мұндай ақпарат ғылыми және техникалық әдебиетте, патенттерде жүргізуде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет