Магнитэлектрлік жүйеге жататын аспаптар (сурет 6.14, а) екі бөліктен тұрады. Оның қозғалмайтын бөлігі екі ойыс полюстік ұштары бар тұрақты магниттен (1) және қозғалмайтын болат өзектен (2) тұрады. Қозғалатын бөлік өлшеуіш механизмді құрайтын сыртына өткізгіш сым оралған рамадан (3) және оған бекітілген екі жарты өстен (4) тұрады. Алюминий раманың сыртына оралған лакталған мыс сымының ұштары екі жарты өске бекітілген серіппелерге (5) жалғанады. Өлшеу кезінде серіппелердің бірі тұрақты токтың оң, екіншісі сол полюсіне (сурет 6.14, а) қосылады да, раманың орамдарынан электр тогы өтеді. Токтың күшіне қарай рама және оған бекітілген аспаптың тілі (6) де әртүрлі бұрыштарға бұрылып, шкаладан өлшеу нәтижелерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |