Лекция №5: Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші З/ж №5. Магнит өрісінің токқа әсерін бақылау Электромагниттік индукция заңы. Өздік индукция. Магнит өрісінің энергиясы



бет7/10
Дата25.05.2020
өлшемі73 Kb.
#71112
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лекция №5 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.

Фарадей тәжірибесі. Мектеп зертханасындағы қолжетімді заманауи жабдықтарды пайдаланып, Фарадей ашқан жаңалықты тәжірибе жүзінде оңай көрсетуге болады. Ол үшін гальванометрді, тұрақты магнитті, бірінің ішіне бірі кіретін екі шарғыны және ток көзін (батареяны) пайдаланамыз. Ешқандай ток көзін пайдаланбай, сурет 6.16, а-да көрсетілгендей,

шарғыны гальванометрге қосып, тұйық тізбек құрайық. Сол жақтағы жоғарғы суретте де, төменгі суретте де магнит шарғының ішінде қозғалмай тыныштықта тұр. Алайда шарғы магнит өрісінде тұрса да, тізбекте электр тогының пайда болмағанын гальванометрлер айғақтайды. Фарадейдің осы сияқты алғашқы 6 жылдық тәжірибелері оның гипотезасын «теріске» шығарып отырса да, ол «магнит өрісі электр тогын туғызбайды» деген қорытынды шығаруға асықпай, табандылықпен тәжірибелерін жалғастыра берді.

1831 жылы Фарадей шарғы мен магнит бір-бірімен үнемі салыстырмалы қозғалыста болса, магнит өрісінің электр тогын туғызатындығын тәжірибеде дәлелдеп, өз болжамының ақиқаттығына көз жеткізді. Расында да, магнит төмен қарай қозғалған кезде гальванометрдің тілі оңға бұрылып, шарғыда электр тогының пайда болғанын көрсетеді (сурет 6.16, ә). Ал магнитті жоғары қарай көтергенде гальванометрдің тілі солға бұрылып, тағы да электр тогының пайда болғанын айғақтайды. Сонымен қатар тәжірибе өзара салыстырмалы қозғалыстың жылдамдығы аз болса, гальванометр тілі аз бұрышқа ауытқитынын, ал жылдамдық артқан сайын ауытқудың да өсе беретінін көрсетеді. Қозғалыс тоқталса, шарғыдағы электр тогы да жоғалады.

Фарадей ашқан бұл құбылыс физика тарихына индукциялық құбылыс деген атаумен енді. Ал магнит өрісінің өзгерісі кезінде пайда болатын электр тогы индукциялық ток деп аталды. Фарадей тәжірибелерінен мынадай қорытындылар туындайды. Біріншіден, өткізгіш пен магнит салыстырмалы қозғалыс жасағанда ғана өткізгіште электр тогы пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет