Екіншіден, өткізгіш пен магниттің салыстырмалы қозғалыстарында пайда болған токтың бағыты алма-кезек өзгеріп отырады. Үшіншіден, салыстырмалы қозғалыстың жылдамдығына қарай шарғыда пайда болған ток күшінің шамасы әртүрлі болады. Төртіншіден, индукция тогы тек магнит өрісінің өзгерісі барысында ғана туындайды.
Бесіншіден, пайда болған токтың бағыты да, шамасы да өзгеріп отырады.
Магнит пен шарғының өзара салыстырмалы қозғалысы кезінде шарғыда пайда болған электр тогын индукциялық ток деп атайды. Латынның «индукция» сөзі «әкелінген» деген мағына береді. Бұл ток шарғыда «индукцияланады», яғни магнит тарапынан шарғыға «әкелінеді». Индукциялық ток қазіргі өркениетті онсыз елестетуге болмайтын айнымалы ток болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |