Лекция №7 кондитерлік өнімдер: ассортименті, тағамдық ҚҰндылығЫ, сапасына қойылатын талаптар, сақтау тәртібі


Қорытылған жануар майларын буып-түю және сақтау



бет19/21
Дата14.06.2023
өлшемі61,86 Kb.
#178796
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Тагам 7-10

Қорытылған жануар майларын буып-түю және сақтау. Қорытылған жануар майларын ағаш немесе фанерлі штапталған бөшкелерге, сонымен қатар ағаш жәшіктерге 30 кг-нан салады. Ыдыс түбіне пергамент немесе үлдір төсейді. Майдалап өлшеп буып түю үшін картон, қағаз, ыны, метталл ыдыстар қолданады.
Қорытылған жануар майларын –5-тен –8оС дейін температурада 6 айға дейін сақтайды. Дүкенде бұл майларды 0-4оС температурада 80% ылғалдылықта сақтаған жөн.


3. Маргарин. Маргарин – жоғары сапалы тағам майларына сүт, тұз, қант т.б. қоспалар қосып дайындалатын өнім. Маргарин өндірісінің шикізаттарына өсімдік майлары, қорытылған жануар майлары, сүт, сары май, май бояғыштары, тұз, қант, витаминдер, эмульгаторлар жатады. Калориялық жағынан маргарин сары майдан кем емес. Құрамына өсімдік майларымен бірге енетін шектік май қышқылдарының мол болуы оны балқу температурасының төмен болуына әсер етеді (27-340С), сондықтан оның сіңімділігі жоғары (97,5%-ке дейін). Маргаринге витаминдер қосу арқылы сапасын арттырады. Маргарин құрамында 82%-ке дейін май және 17%-ке дейін су болуы мүмкін. Калориялығы (100 г ) - 640 ккал.
Маргарин өнімінің жіктелуі және ассортименті. Маргарин асханалық, бутербродтық және өндірістік өңдеуге арналған болып үш түрге бөлінеді.
Асханалық маргарин- мал, өсімдік майлары, сүт, дәмдік, хош иістік ж.т.б. заттардың қоспасынан дайындалынған тамақ өнімі.Асханалық маргарин сүтті маргариннің бірі. Мұның құрамында 72, 75, 82% май болады, үйде тағамдарға, қоғамдық тамақтандыру орындарында кулинарлық, ұннан пісірілетін кондитер, нан өнімдерін дайындау үшін пайдаланылады. Жаңа, Сары майлы, Сүтті, Радуга, Солнечный сорттары бар. Асханалық маргаринді жоғары және бірінші сортқа бөледі.
Бутарбродтар дайындау үшін майлылығы 62 және 82 %-ік маргарин пайдаланылады. Экстра, Ерекше, Славяндық, Жеңсік, Шоколадты сары майлы сорттары бар. Славяндық сортына А витаминін қосады. Мұндай маргариндер тауарлық сорттарға бөлінбейді.
Өндірістік өңдеуге арналған маргариндерді майлылығығы 82, 82,5 % және 83 % . Кондитерлік маргарин – сүтті, сары майлы және қабаттамалы қамырға арналған болып шығарылса, нан өндірісіне арналып сүтсіз және сұйық маргарин түрлері өндіріледі. Мұндай маргариндер сауда орындарына түспейді Бутербродты маргарин - "Экстра", "Әуесқойлық", "Шоколадты кілегейлі" - үй жағдайында бутерброд жасау үшін және халықтық тұтыну өндірісінде қолдануға арналған; "Экстра" кондитер өнімінің кремін өндіру кезінде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет