Ирис сапасынақойылатын талаптар. Ирис беті құрғақ, жабысқақ емес, жарылмаған, айқын суретті болу керек. Түсі – ашық қоңырдан қою қоңырға дейін. Пішіні дұрыс, тегіс, бұрыштары мен қырлары езілмеген, айқын суретті болу керек. Дәмі мен иісі айқын білінетін, сүт татымды (Фруктовый мен Восточныйдан басқа) болу керек.
Ирис ақаулары: деформация, жарылған беті; ашып кеткен немесе басқа жағымсыз дәм.
Саудаға ирис дара және өлшеп сатылатын; оралған, оралмаған және өлшеп буып-түйілген түрде түседі.м Иристі 500 г-нан пакеттерге, қораптарға салады. Оралған иристі 15 кг дейін жәшіктерге үйіп салады; оралмаған иристі – 17 кг дейін қатарлап, арасына қағаз төсеп салады.
Иристі 18оС дейін температурада 75% дейін салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды. Сақтау мерзімі: жартылай қатты тиражды, оралған – 6 айға дейін, оралмаған – 5 айға дейін, қалған түрлерін 2 айға дейін.
Бұршақ кәмпиттер (Драже) – майда, домалақ формалы жылтыр бетті кондитер өнімдері. Өнімдер корпустан, қабықшадан (қоспалы немесе қоспасыз қант сиропымен қатырылған қант ұнтағы) және жұқа қабатты жылтыр беттен (балауыз, парафин және май қоспасы) тұрады.
Корпусын әртүрлі кәмпит массасынан немесе карамель массасынан дайындайды. Корпус ретінде сонымен қатар жаңғақ ядролары, кептірілген немесе спирттелген жемістер мен жидектер қолданады. Түрі бойынша корпустар ликерлі, помадалы, жеміс-желелі, марципанды, карамельді, ядролы және т.б. болады.
Корпусты ары қарай өңдеуіне байланысты дражелер: қантты - қант ұнтағынан жасалған қабықты және қант ұнтағымен себілген; шоколадты - қабығы құмшекер мен какао ұнтағынан жасалған және сыртынн шоколад глазурімен өңделіп қантпен жылтырлатылған; нонпарельді – майда қант қияршығымен жабылған болады.
Корпусына қарай сонымен қатар дражелердің келесі түрлерін өндіреді: помадалы – Весна, Малиновое, Снежок; желелі –Барбарис, Желейное, Лимончики; ликерлі – Буратино, Десертное, Мятный ликер; карамельді – Фруктовое, Юбилейное, Ягодка; жаңғақты – Арахис в сахаре, Арахис в шоколаде, Лесной орех; марципанды –Марципан в сахаре, Марципан в шоколаде; қантты –Молочный горошек, Цветной горошек, Мятное; жеміс-жидекті – Морские камешки с изюмом, Изюм в шоколаде, Вишня в шоколаде; емдәмдік – витаминдер, теңіз орамжапырағының ұнтағы, глюкоза, қант алмастырғыштар қосылған.
Кәмпиттер мен иристі сақтайтын жағдайларда сақтайды. Сақтау мерзімі корпус түрі мен оны өңдеуіне байланысты – 25-90 күн.