Лекция №8 Тест түрлері және тест тапсырмаларының формалары.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Қолдану мақсатына қарай педагогикалық тесттердің классификациясын атаңыз?
Жалпы білімді бағалаудың тестік жүйесі Англия, АҚШ-та жақсы дамыған. Бүгінде тест қолдану оқытушылармен қатар оқушылар үшін де көп тиімді екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Нәтижесі тікелей белгілі болады. Тесттік әдіс талапкердің білім дәрежесін анықтауда көп уақыт алмайды.
Тест технологиясының білім сапасына әсері: білім беру жағдайын талдауына қажет оқытудың объективті нәтижесін алу мүмкіндігі (адамның қатысуынсыз алу), кері байланыстың жылдамдығы, оқытудың нәтижесін тексеру әдісінің көптүрлілігі, оқытудың нәтижесінің статистикасын алу ыңғайлылығы.
Тест технологиясының алуан түрлері
Диктант
Өздік жұмыс
Бақылау жұмысы
Фронтальды ауызша сұрау
Жаттықтыру жұмыстары
Сынақ жұмысы
Карточкамен жеке — дара сұрау
Қалып қойған жерді толтыру (пропусков)
Жағдай — көріністі және оның сипаттамасын салыстыру
Ұғымды анықтау
Тізбектілікті құру
Модельдерді құрастыру
Тестілеу – барынша әділ әдіс болып табылады, себебі тестілеу кезінде, әсіресе бақылау және бағалау үрдісінде барлық оқушылардың жағдайы бірдей болады да, мұғалімнің субъективтілігіне жол берілмейді.
Ол уақытты тиімді қолдануға, үлкен көлемді мазмұнды қамтуға, оқушылармен тез екіжақты байланыс орнатуға, материалды игеру нәтижесін анықтауға, жіберілген қателерді түзетуде назар бөлуге және қажетті түзетулер енгізуге көмектеседі. Тест түрінде бақылау топтың оқушыларын бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді және тәртіпке келтіреді.
Тест түрлеріне сипаттама беріңіз?
Тестің түрлері: толықтыру тесті, таңдамалы тесті, еске түсіру тесті, сәйкестендіру тесті, реттік тесті, аралас тесті, кәсіптік бағдар тесті, баламалы тесті.
1. Толықтыру тесті: оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орынына (цифр, формула, сөз т. б) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа тұжырымды бір мәнді болуы шарт.
2. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады.
3. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т. б түрде берілуі мүмкін.
4. Сәйкестендіру немесе салыстыру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек.
Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т. б саны екі – үшеуі артық болғаны.
5. Реттік тест (ранжирования) тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т. б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн.
6. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т. б) беріледі.
7. Құрамалау тесті (комбинированный): құрамында бірнеше пәндердің бір бірімен үйлесуі.
8. Баламалы (альтернативный) тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды, бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы +, — т. б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.
Тест формасы
1. Бір дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
2. Бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін тапсырмалар
3. Сәйкестікті құру бойынша тапсырмалар
4. Жауапты тіркеуді талап ететін тапсырмалар (жауапты толықтырып жазу)
5. Логикалық және алгоритмдік реттілікті құру бойынша тапсырмалар
Қазіргі оқыту үрдісінде өте жиі кездесетін тест түрлері «оқыту тесті» және «бақылау тесті».
Оқыту тестінің мақсаты белгілі бір модульды не тақырыпты меңгертуге арналады, оқытушы негізгі рольді атқарады. Тапсырмалар сұрақ қою, жауап беру, есте сақтау, жазып алу, үйден ауызша қайталау, қайтадан жалпы сұрақ - жауап түрінде тексеру.
«Бақылау тесті» осыдан кейін жүргізіледі, яғни оқушылардың тарау бойынша немесе белгілі бір тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін. Мысалы, 9 сыныпта география пәнінен ОЖСБ - ғе дайындық барысында оқыту тестін сабақта жүргізбей, бірден бақылау тестін алдым. География пәнінен 12 баланың 54% орындады. Ал, келесіде оқыту тестін өткізіп, тақырыпты меңгергеннен кейін, нәтижеде 98% орындады. Бұл тестердің тағы бір тиімділігі, егер ол әр модуль - тарау сайын өтсе, оқушылардың сабаққа дайындалуын тәртіпке келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |