Лекция №9 Қазақтардың Е. П. Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы. (1773-1775)



бет36/53
Дата29.12.2021
өлшемі319,64 Kb.
#106335
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53
Байланысты:
418834331810 лекция Каз жана тарихы

Мақсаты: Қазақтың ұлттық мәдениетімен танысу. Қазақы дәстүр сананың ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Мәдени ұлттық мұраларды сақтаудың тарихи маңызын дәлелдермен баяндау.
1.Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері. XVIII ғасырдағы жоңғарлар мен қазақтардың арасындағы қырғын соғыс, толассыз шайқас, ұрыстар, екі халықтың бір-біріне деген өшпенділігі, еліспей беріспеуге бел буған бекемдігі, халықтың сан сала рухани мұрасында шыншылдықпен орын алғанын қазақтың музыкалық өнер туындыларынан да көреміз.

Қазақтың музыканы сүйетіні, аса сазгер халық екені ертеден музыка өнерінің тарихын зерттеген, бұл өнер туралы өте бағалы, шын жүректік сөздерін айта білген көптеген шығармаларда кездеседі. Музыка жөніндегі еңбектерді сөз еткенде 1992 жылы жарық көрген Ақселеу Сейдімбековтың «Күй шежіресі» аталатын еңбегін алдымен ауызға аламыз. Ол жөнінде осы кітаптын алғашқы тарауларында да айтқан болатынбыз. Әрбір қазақ үшін, қазақтың өнер сүйер қауымы үшін қажетті де құнды еңбек екенін көрсетумен бір бұл еңбекте ол көшпелілердің рухани мәдениетінде күйдің мың жылдан астам мезгіл аясында орныққан тарихи дәстүрінің бар екенін білгір және сирек кездесетін зерттеуші ретінде тұжырымдайды. Сейдімбековтың «Егер XX ғасыр табалдырығын аттағанға дейін қазақ халқына ең мол рухани жұбаныш болған өнер түрлері қайсы? — деген сұрақ қойылар болса, онда алдымен сөз өнері, музыка өнері және қол өнері тілге оралар еді» деуіне қарағанда музыка өнерінің халық үшін қаншалықты зор маңызы бол-ғанын байқау қиын емес. Мұның өзі өзіміз де жақсы білетін, солай түсінетін шындық емес пе?

Мәдениетіміздің аса бағалы арналарының бірі ретінде рухани айналымға түсіп отырған көптеген халық сазгерлерінің өмірбаяны мен күй аңыздарының арасында біз қарастырып отырған еңбекте XVIII ғасырға қатысты материалдар аз емес. Яғни ол еңбекте сол тұстағы халық тағдырына байланысы бар күйлер, оларды шығарушылар туралы да сөз болады. Бұл арада айта кететін бір жай Акселеу Тарақты бұл мәселені тек осы кітапта ғана емес, одан бұрын шыққан еңбектерінде де жазған болатын. 1989 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Сонар» атты зерттеу еңбегінде қазақтың ұлттық мәдениеті туралы ой толғаған, оның маңызды салаларының ірі қазақ музыкасының пайда болуы, дамуы, өсіп-өркендеуі жайында терең пікірлер айтады, нақты мысалдар келтіреді.

XVIII ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы кезінде өмірге келген қазақ күйшілерінің шығармаларының арасында аса ілтипатпен аталатындары «Қаратаудың шертпесі», «Қалмақ биі», «Беласар», «Абылайдың қара жорғасы», «Кеңес» т.б. күйлер.



Бұл күйлердің шығарушысы кімдер болды?

Солардың бірі — Байжігіт куйші, Керейдің Абақ тайпасынан шыққан, теңдесі жоқ өнер иесі болған адам. Ол жоңғарлардың 1723 жылғы қазақтарға тұтқиыл шабуылы басталған кезде 18 жастағы жігіт еді. Сол кездің өзінде жасынан домбыра тартып, кемелденіп қалған ол «Ақтабан» атты күй шығарады. Халық қасіретін кез алдына әкеліп, жан-жүйеңді босататын осы күйден кейінгі оның кең тараған шығармасы «Қайың сауған». Ол да ақтабан шұбырынды оқиғасымен өзектес, мұң, зармен басталып, барлық үмітсіздікті, түңілуді емес, қайта жеңіскедеген жігер мен қажымас күреске шақырған, сенімге толы сазды үнмен келетін күй.

Бұл күйді Құрманғазы айдаудан қайтып келе жатып, арқанын атақты күйшісі Тәттімбетке кездескенде шығарған екен деседі. Қазақ елінің бүкіл Шығысы мен Батысына, Оңтүстігіне аты кеңінен тараған Тәттімбет Қазанқапұлы (1815-1860) Кұрекең арнайы іздеп келгенде аурудың азабын шегіп, тесек тартып жатқан екен. Бірін бірі көруді арман етіп аңсап жүрген қазақтың екі қасиетті өнерпазы бір-бірінің өнерін тамашалап, бірнеше күнді бірге өткізеді. Осы кездесуде орындалған «Сарыарқа» күйі бүкіл қазақ даласына кеңінен тарап кетеді. Осы күйді тыңдап, толғаныс үстінде жатқан Тәттімбет «Көкейкесті» деген атпен күй шығарады. Көптен көкейімде, көңілімде жүрген, жанымды толқытқан күй еді деп, оны Кұрманғазыға бағыштайды. Қазақ өнеріне өзіндік қолтаңбасымен із қалдырған, жанға жағымды, жаймақоңыр күйлердің дәстүрін қалыптастырған Тәттімбет заманының белгілі, беделді, лауазымды адамы бол ды. Ол елуден астам халыққа кеңінен тараған күйлерін қалдырды. Бұлардың арасында «Азына», «Бес төре», «Балқан тау», «Былкылдақ», «Қос басар», «Балбырауын», «Бозторғай»,т.б. камералық, симпониялық, аспаптық,опералық туындыларға арқау болған. Қазір Қарағанды қаласында белгілі дирижер Ш. Қажығалиев ұйымдастырған Тәттімбет атындағы халық аспаптар оркестрі сол күйлерді нақышына келтіріп орындайды. Оркестр көптеген Шығыс өлдерінде өнер көрсетіп, үздік өнерімен кеңінен танымал болды.

XIX ғасырда қазақтың музыкалық мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосып, халықтың музыкалық қазынасын тамаша күй туындыларымен байытқан Тарақ ұлы Абыл (1820-1881), Назарұлы Қожеке (1823-1881), Шоңманұлы Тоқа (1830-1914), Сарымалай (1835-1885), Қазанғап (1854-1917), Ерназар ұлы Дайрабай, Нұрпейісова Дина (1865—1955), Дүкен ұлы Ықылас (1843-1916), Ерғали ұлы Мәмен (1859-1931), Қалмамбет ұлы Өскенбай (1860-1925), Тауданбекұлы Дәуірбай (1873-1937) сияқты аты шыққан дарынды композитор-күйшілер болған.



Осы айтылған күйшілердің арасында Ықылас пен Динаның орны айрықша бөлек.Ықылас Кіші жүздің Тама руынан шыққан. Арғы аталарынан бері қобыз ойнау өнерін әбден меңгерген тамаша музыкант. Оның қобызында орындалатын «Айрауық», «Аққу», «Асан қайғы», «Бозторғай», «Жалғыз аяқ», «Жез киік», «Ерден», «Қазан», «Қаншайым» т.б. күйлерін халық қобызшысы — күйшілердің орындауында қызыға да кұмар-татыңдайды.

Заманымыздың тамаша орындаушысы Дина Нұрпейіс келінінің домбыра тартқанын көру бақытына ие болған адам оны ешқашан ұмыткан да, естен шығарған да емес. Өйткені, ол теңдесі жоқ домбырашы болатын. Сонымен бірге Дина шығарған, Қаршыға Ахмедияров орындаған «Әсемқоңыр», «Байжұма», «Бұлбұл», «Науысқы» сияқты күйлер өнердің қайталанбайтын тамаша туындысы ретінде тыңдаушысының арқасын қоздырып, көңілін қуаныш пен бақыт сезіміне бөлейтін шығармалар болды.

Сонымен XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының музыка мәдениеті мен оның өкілдерін сөз еткенде бұл кезеңде қазақ жеріндегі музыка өнерінің дамылсыздамығанын, оның өсіп, өркендеуінің алтың діңгегі қазақ халқынын рухани өрісі болғанын байқаймыз.

Казақ халқының XVIII-XIX ғасырлардағы рухани шарықтауының өнімді өзегі — музыка саласындағы туындылар мен оны жасаушы дарынды сазгерлердің игі дәстүрлері XX ғасырда онан әрі дамып, өзінің лайықты жалғасын тапқанын айтуымыз керек.


  1. XIX ғ. екінші жартысы мен XX ғ. басындағы қазақтың ақын-жыраулары

XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бастапқы жартысындағы мәдениетіміздің алымды арнасы халық поэзиясы, сол тұстағы саяси-қоғамдық өмірдегі оқиғалар мен өзгерістерді соған байланысты орын алған қазақ жұртшылығының көңіл-күйі мен ой-арманын білдірді. Ал бұл тұста қазақ жерінде орыстың отарлау саясаты кеңінен жүргізіле бастаған болатын. Бұрын Қоқан, Қытай елдерінің ықпалында болып келген аймақтарды өзіне қаратып, бекіністер салып, алым-салықты көбейтіп, қазақтардың шұрайлы, шалғынды жерлерін қазына қарауына алып, әлеуметтік-саяси кұқықтарын шектеуге кіріскен патша өкіметінің озбырлығы барған сайын күшейе түсті. 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Жарғы» қабылданып, оның негізінде әуелі Орта жүзге. сосын Кіші жүзге ел басқарудың жаңа жүйесі енгізілді. Қазақ жерінде бекіністер салуды тоқтатып, бұрыннан барын құртып, әскерін әкетуді талап еткен Қасымның (Кеңесарының әкесі) талабы ескерілмегені былай тұрсын, қайта патша өкіметі қазақ жерінде қазақ-орыстармен әскери бөлімдерді бұрынғыдан да көбейтіп, Ақтау бекінісін салдыруға кірісті. Мұнан кейін Қасым сұлтан Орта жүзден қырық мың үй мен Қоқан хандығының шекарасына көшіп сол жерден Орта Азия халықтарымен бірігіп, азаттық күресін бастау ниетін іске асыруға кіріспекші болды. Бірақ онын ол ойы іске аспады. 1936 жылы Ташкент билеушісі — Әулие-Атада Қасымның екі ұлы Саржан мен Есенгелдіні, Түркістанда Қасымның өзін ұстап, өлтіріп жіберді. Әкесін іздеп шыққан Кенесары да қамауға алынып, өлім тырнағынан әзер құтылды.

Орта жүздегі Кенесары, Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы, Жанқожа бастаған Сыр бойы шаруаларының бас көтеруі бір мезгілде бір тұтас қимыл болып бірден бұрқ етет үскен жоқ. Олар — бірі ерте, бірі кеш, ұйымдасулары нашар, жақсы қаруланбаған көтерілістер болды. Сондықтан басынан бақайшағына дейін қаруланған зенбірегі, соғыс жүргізу тәжірибесі бар шоғырларды мол ұстап отырған патша өкіметі оларды тез арада, аяусыз басып тастап отырды, мұның өзі тыныш жатқан елді тонап, жай жүрген қазақтарды жазықсыз, кінәсыз жазалаумен жалғасты. Сөйтіп, соры ашылмаған, табан еті тесіліп, маңдай тері төгіліп жинаған олардын мал-дәулеті жазалаушы шоғырлардағы солдаттардың қолында кетті. Қыз-келіншек зорлыққа ұшырады. Патша әскерлерін жергілікті халықтан шыққан патша өкіметінің отаршылдық саясатын қолдайтын төре, сұлтандардың жасақтары қолдады. Мәселен, 1856 жылғы Сыр бойындағы шаруалар көтерілісін басуға сұлтан Елекей Қасымовтың жасақтары елеулі көмек көрсетті.

Қазақ даласына қаулап еніп келе жатқан отаршылдық саясат пен оның зиянды зардаптарын, зәразап болған халықтың мұңын, көңіл күйін, наразылығын, қарсылығын жыр еткен халық поэзиясының өкілдері аз болған жоқ. Солардың бірі «Кенесары — Наурызбай» дастанын жазған Нысанбай жырау. Оның атақты дастаны көп уақыт Кенесары Наурызбайға беріліп кел-ген теріс баға, кеселді кесімге байланысты жұрт назарынан тыс қалып, айтылмай, қаға берісте, қалтарыстақалып келді. Өзінің көркемдік қасиеті, шеберлігі, шешендігі, ұтқырлығымен ерекшеленетін бұл туындыда Кенесары Наурызбайдың халықтың қамын жеген нағыз халық кесемі болғаны, оның серіктері Бұғыбай, Байзақ, Кұрман, Бұхарбай, Ағыбай, Меңдібай, Толыбай, Қабан сияқты батырлардың ерліктері есте қаларлық сөздермен кестелі де келісті суреттеледі. «Өлең жырға Нысанбай мәшһүр шешен нар еді, кезімен көріп, сөз қылған соғыста өзі бар еді» деп келетін Нысанбай жыраудың өзінің де ұлт-азаттық қозғалысының туы астында жүрген қалың қазақтың қатарында болғанын байқаймыз.

XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы халық поэзиясының көрнекті өкілдерінің қатарына Жәңгір ханның теңірегінде болған Жанзақ, Байтоқ, сондай-ақ Сыр бойының жырауы Жанкісі, Семей облысының Абыралы ауданынан шыққан Жанақ (1770— 1848), Аягөз, Балқаш алқабын жайлаған найманның атақты ақыны Дулат Бабатай ұлын жатқызуға болады. Олардан қалған мұралардың мазмұны әр түрлі, айтатыны әр қилы жайлар болғанымен, негізгі өзегі адамгершілік, рухани игілік, озық ой, сана, халық мәдениетін байыту болды. Адалдықты, әділдікті орнатуға ат салысқан олар билеуші ұлттардың хан, терелердің әділетсіздігін, қаралығын, құлқын құмарлығын айыптады.

Солардың бірі — Дулат ақын Барақ сұлтанды: «Құрық бердің ұрыға, момынды алдың қырыңа, малсыздарды таптадың, малдыларды жақтадың, тентекті жасқап қақпадың, арамдарды ақтадың өсекшіні мақтадың, арамдық болды баққаның, қашан сеніңашылар, момындарға құрылған, қанды қара қақпаның. Қарағысыз ел мен жұрт, терелік түскен дағыңа, ие болмай, айрылдың, Атаңның алтын тағына, кара толқын жау толды, Шығыс, Батыс жағыңа, тұлпардан туған тұқым ең, ере алмадың жабыға», — деп өлтіре мінейді.



Теңдік пен бостандықгың, әділдіктің, дұрыстықтың туын ұстаушысы болып өз заманындағы шындықтың шынайы шежіресін жасаған халқының бойына қажымас қайрат, қайтпас ерлік, батырлық пен батылдық, ақыл, амалдың өшпес ұрығын егуге, қазақтың қайсарлығын шыңдауға үлкен үлес қосқан Махамбет (1803—1846 жж.). Оның өткір тілмен, орамды сөз ұйқастарымен сомдалған қазақтың қайсар жігіттерінің, оның ішінде Исатай сияқты бөлек туған қаһарман тұлғалы ерлерінің бейнесі Махамбет жырларын оқыған адамға ұмытылмастай әсер қалдырады. Оның жырларына арқасы қозбайтын адам жоқ. «Ереуіл атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай, Еңқу-еңқу жер шалмай, Қоңыр салқын төске алмай, тебінгі терге шірімей, терлігі майдай ерімей...» тынбағар ерлердің ісін айтқанда ол қиындықтың қандайынан да тайсалып, тайынбайтын ерлердің ел қорғанышы бола алатынын жыр кылады. Махамбет жырлары қазақ халқының бостандығы мен теңдігі жолындағы жорықтарда жұртқа рух берген, қайрат-жігерін үстеген туындылар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет