Лекция Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы Қарастырылатын мәселе


Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі



бет5/15
Дата13.03.2023
өлшемі112,31 Kb.
#172266
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
lektsiyalar
2DFCE748-C350-4BEE-A031-7A22D7BFBCD8
Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Вокализмдер мен консонантизмдердің жалпы сипаты.

  2. Вокализмдер, олардың зерттелуі.

  3. Вокализмдер, олардың классификациясы.

  4. Вокализмдердің емлесі.


Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін құрайтын дыбыстар акустикалық және артикуляциялық қасиеттеріне қарай дауысты және дауыссыз дыбыстар болып екі үлкен топқа топтастырылады. Олар төмендегідей ажыратылады:



  1. Дауысты дыбыстар дауыс желбезегінің толық тербелуінен жасалады. Ал дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі аз тербеледі және дауыссыздарды жасауға мүлде қатыспайды. Басқаша айтсақ, дауыстылар дауыстан (тоннан),ал дауыссыздар салдырдан жасалады. Мұнда тон қатысуы да қатыспауы да мүмкін.

  2. Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз, қарқынсыз шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы дерлік қатысады.

  3. Дауыстылар буын құрайды, дауыссыздар құрамайды. Мұның өзі – дыбыстарды жіктеудегі басты айырым-белгі.

  4. Дауыстыларға екпін түседі. Дауыссыздарда мұндай қасиет жоқ.

  5. Дауыстылар дауыстап, созып айтуға келеді. Ән (вокал) дауыстылардың осы қасиетіне негізделеді.

  6. Дауыстылардың дауыссыздарға ықпалы күшті болады.


Дауысты дыбыстар және оның түрлері (Вокализмдер)

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар ерекше қызмет атқарады. Себебі, дауыстылар және вокализмдер (лат. Bokalis - дауысты) – «сөздің жаны». Қазақ тілінің фонетикасы жайындағы зерттеулердің көпшілігі дауыстыларға арналған десек те болады.


Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар туралы алғашқы пікірлерді орыс ориенталистері Н.Ильминский, А.Радлов, П. Мелиоранский, И.Лаптев, Н.Созонтов зерттеушілердің еңбектерінен табуға болады. Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А.Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Зерттеуші тіліміздегі төрт жуан дауысты және олардың төрт жіңішке сыңары болатынын көрсетеді. Мұнда ол дауыстыларды араб графикасына негіздеген.
1938 жылдың басында Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы қабылдаған қаулысы бойынша, ең алдымен, жазудың принципі өзгерді. Басшылыққа алынған фонетикалық принцип морфологиялық принципке ауыстырылды. Қазақ алфавитіне жаңадан х, ф, в таңбалары енгізілді.
1940 жылы орыс жазуына көшуге шешім қабылданып, орыс тілінен енген терминдердің мүмкіндігінше қалпын сақтап жазуға ден қойылғандықтан, дауыстылардың саны көбейді.
Осыған орай, ғалым С.Аманжолов «Жаңа алфавиттің принциптері», «Жаңа алфавитті үйренушілерге көмек» деген мақалаларында қазақ тіліндегі дауыстылар санын 14-ке жеткізді.
Қалыптасқан 11 дауыстыға орыс тілінен енген сөздермен келген э, я, ю әріптері қосылды. Осы мақаладан кейін жарық көрген тілші М.Балақаевтың «Қазақ тілінің грамматикасы» 13 дауыстыны көрсетеді.1944 жылы Ғ.Бегалиев пен Н.Сауранбаевтың педучилище оқушыларына арналған «Қазақ тілінің грамматикасы» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Бұл еңбекте дауыстылардың саны 12 деп көрсетілді.
1954 жылы «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен көлемді еңбек дүниеге келді. Бұл еңбекті қазақ тілі жөніндегі ғасырға жуық зерттеулердің қорытындысы деп атасақ та болады. Фонетика тарауын академик С.Кеңесбаев жазған. Бұл оқулықта 11 дауысты дыбыс көрсетіледі. Оның тоғызы монофтонг, екеуі дифтонг. Бұл пікірмен келісе отырып, белгілі тіл маманы К.Аханов «Тіл біліміне кіріспе» (1973) атты оқулығында әрі қарай жалғастырады. Тілші қазақ тілінде 11 дауысты дыбыс барын қуаттайды. Бүгінгі күнге дейін айтылған пікірлер мен қалыптасқан көзқарастарды таразылап, қазақ тілінің табиғатын жаңа қырынан зерттеу барысында фонетиканы ғалым Ә.Жүнісбеков «Строй казахского языка», «Фонетика» деген еңбегінде қазақ тілінде 9 төл дауысты дыбыс бар көрсетеді.
Бүгінге дейінгі қазақ тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, қазақ тілінде 11 дауысты дыбыс,12 әріп бар деуге болады.
Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар құрамы жағынан жалаң (монофтонг) және құранды (дифтонг) болып екіге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет