Лекция Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы Қарастырылатын мәселе



бет6/15
Дата13.03.2023
өлшемі112,31 Kb.
#172266
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
lektsiyalar

Дауысты дыбыстардың түрлері.
Қазіргі қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар акустикалық және артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай былай жіктеледі:
Тілдің қатысына қарай:

  1. Жуан (гуттураль) дауыстылар: а, о, ұ, ы,(у).

  2. Жіңішке (палаталь) дауыстылар: ә, е, ө, ү, і, и, (у).

Ә.Жүнісбеков дауысты дыбыстарды жасалу орнына қарай тіл ортасы тіл арты деп бөледі. Тіл ортасы Ә, Е, І, Ө, Ү. Тіл арты А,Ы, О, Ұ
Еріннің қатысына қарай:

  1. Еріндік (лабиаль) дауыстылар: о, ө, ұ, ү, у.

  2. Езулік (лингваль) дауыстылар: а, ә, е, и, ы, і.

Жақтың қатысына қарай:

  1. Ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө.

  2. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, (у).

Қазақ тіліндегі дыбыстардың жаққа қатысын зерттей келе, С.Мырзабеков былай жіктейді:

  1. Ашық дауыстылар: а, ә.

  2. Жартылай ашық: о, ө, е.

  3. Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.

Ал, о, ө, е дауыстыларын зерттеуші ғалым Ә.Жүнісбеков ашыққа да, қысаңға да қоспай, өз алдына құранды дыбыстар деп бөліп қарайды.
Дауысты дыбыстар емлесі.
А,ә – жуанды-жіңішкелі жұп дауысты дыбыстар.
«А» сөздің барлық буынында жазылады.
«Ә» сөздің бірінші буынында жазылады: әзер, әкім, екінші буында да кездеседі: мәрмәр, күнә, сірә, іңкәр.
Айтылуда «а» дыбысының «ә» болып айтылуы да кездеседі: шай (шәй), жаяу (жәяу), жайлау (жәйлау).
О,ө – сөздің басқы буынында жазылады.
«О» дыбысы кірме –қор, -қой, -ғой қосымшаларында келгенде ғана, екінші, үшінші буындарда айтыла да, жазыла да береді: даңғой, есепқор, бейнетқор, әуесқой.
«Ө» дыбысы да солай –қой, -гөй: ақылгөй, жәдігөй.
Ұ,ү әріптері көбінесі, сөздің басқы буынында жазылады: құлын, үзік, ұзын.
Мына сөздерде сөз ортасында, сөз соңында жазылады: мазмұн, бұлбұл, дүлдүл, мәжбүр, мағлұмат, байғұс.
Бірінші сөздерде «ұ», «ү» әріптері сөз ортасында, сөз соңында қолданыла береді: Бибігүл, бүрсігүні.
Ы,і әріптері барлық буында жазылады: ырыс, көңіл, мейірім.
Орыс тілінен енген сөздер нд, лп, нк, кт, нг, мб, ск, фт, нт, мт тіркестеріне аяқталғанда, оларға дауыссыздан басталатын қосымшалар ы, і дәнекері арқылы жалғанады: фонд-ы-ны, киоск-і-ден, митинг-і-де, факт-і-ге акт-і-нің.
Ы, і әріптері түсіріліп жазылатын сөздер.
Ы, і әріптері сөздің түбірінде жазылғанымен, дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда түсіп қалады.

  1. Есім мен етістіктерге түрлі жұрнақтар жалғанғанда: жиын – жинал, қырық – қырқыт, ауыр – ауру, үрік – үркек, қиын – қина.

  2. Зат есімдерге тәуелдік жалғаулары жалғанғанда: мұрын – мұрны.

Ескерту: егер тәуелдік жалғауы жалғанғанда, «ы», «і» дыбыстары анық естілсе, не оларды түсіріп айтқанда сөз мағынасы өзгеретін болса, ы, і әріптері сөзде сақталады: пейілі, қадірі, ұстаның көрігі, ырымы, киімі, құлақтың құлығы (құлқы басқа мағынада).
И әрпінің жазылуы.
И әрпі мынадай орындарда жазылады:

  1. И әрпі жалаң и дыбысын және –ый, -ій дыбыстарын таңбалайды: кино, тарихи, қиын, кемиді.

Сый, тый және бұлардан таралған түбірлерде ый дыбыстары сол қалпында жазылады: сыйлық, сыйла, тыйым, тыйдыр.

  1. Я, ю әріптерінің алдында ы, і дыбыстары и әрпімен таңбаланады: тақия, қария, Әсия, қию, жию.

Жазылуын есте сақтаңыз: байиды, ұйиды, иитін, кейиді.
У әрпінің жазылуы.
Бірде жуан, бірде жіңішке, бірде дауысты, бірде дауыссыз: бару, қуаныш, сөйлеу, біреу.
Ескерту: бу, жу, ту, қу, жау, сау, ау, суы етістіктеріне тұйық етістіктің у жұрнағын жалғағанда: буу, жуу, қуу, жауу, сауу, суу болып жазылады. Айуан, хайуан, миуа осы қалпында жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет